Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 7 наурызда № 8357 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына (2012 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген акциялардан басқа банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары:
Toggle Dropdown
депозитарлық қызметті немесе бағалы қағаздар нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың акцияларын;
Toggle Dropdown
№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізімі «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарғыдан кейінгі) санатына кіргізілген, еншілес ұйымы маркет-мейкер функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың акцияларын сатып алады.»;
Toggle Dropdown
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 5 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Төрағасы Г. Марченко Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
Халықаралық қор биржаларының тізімі
Toggle Dropdown
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
Toggle Dropdown
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)
Toggle Dropdown
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
Toggle Dropdown
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa)
Toggle Dropdown
5. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
Toggle Dropdown
6. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
Toggle Dropdown
7. Брюссельдегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
Toggle Dropdown
8. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
Toggle Dropdown
9. Париждегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
Toggle Dropdown
10. Индия қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
Toggle Dropdown
11. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
Toggle Dropdown
12. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
Toggle Dropdown
13. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
Toggle Dropdown
14. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
Toggle Dropdown
15. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
Toggle Dropdown
16. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
Toggle Dropdown
17. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
Toggle Dropdown
18. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
Toggle Dropdown
19. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
Toggle Dropdown
20. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
Toggle Dropdown
21. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
Toggle Dropdown
22. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
Toggle Dropdown
23. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
Toggle Dropdown
24. Ресей Федерациясының қор биржасы (ММВБ-РТС ААҚ)
Toggle Dropdown
25. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
Toggle Dropdown
26. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
Toggle Dropdown
27. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
Toggle Dropdown
28. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
Toggle Dropdown
29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
Toggle Dropdown
30. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)».