Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 157-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7729 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 157-ө бұйрығымен бекітілген
Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегібірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (14.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында сауда мақсатында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алу және есептілікті жүргізу тәртібін және олармен жүргізілетін операцияларды анықтайды және белгіленген мөлшер бірліктеріне, квоталар бірліктеріне, шығарындылардың ішкі азайту бірліктеріне, шығарындылардың азайту бірліктеріне, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері мен сіңірулер бірліктеріне қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) есептік кезең - Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға түсетін қондырғы операторының парниктік газдарды түгендеубойынша есеп ұсынатын күнтізбелік жылы;
2) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есепті жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарының көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару);
3)көміртегі бірліктерін есепке алу - Қазақстан Республикасымен айналымға енгізілген көміртегі бірліктері, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде көміртегі бірліктерімен жасалатын операциялар жөніндегі ақпаратты есепке алу;
4) жойылған көміртегі бірліктері - айналымнан толық шығарылған көміртегі бірліктері;
5) халықаралық көміртегі бірліктері - белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңірулер бірліктері және олардан туындаған басқа көміртегі бірліктері.
3. Халықаралық көміртегі бірліктерін және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы олармен жүргізілетін операцияларды мониторингтеу операцияларды халықаралық тіркеу журналымен оларды мақұлдау бойынша операциялар, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киотохаттамасы аясында белгіленген талаптарына сәйкес рәсімдер шеңберінде іскеасырылады.
2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегібірліктері бойынша мониторинг жүргізу тәртібі
4. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі бойынша олармен жүргізілетін операциялар арқылы ішкі және сыртқы мониторинг жүзеге асырылады.
5. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерінің ішкі мониторингін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы олармен жүргізілетін операцияларды автоматты түрде тексеру арқылы жүргізеді.
6. Парниктік газдар шығарындылары көміртегі бірліктерінің және олармен жүргізілетін операциялардың сыртқы мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны жүргізуге халықаралық сарапшылар мен валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдарды тарту арқылы ұйымдастырады.
3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегібірліктері бойынша есепке алу тәртібі
7. Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша есепке алу көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі арқылы жүзеге асырылады.
8. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы әрбір парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктеріне бірегей сәйкестендіру нөмірін береді.
9. Қазақстан Республикасының айналымға енгізетін және айналымнан шығаратын парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерін жеке есепке алу мақсатында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімініңшоттарыныңжәне қосалқы шоттардың мынадай түрлерін:
1) квота бірліктерін шығару шотын;
2) көміртегі бірліктерін жою шотын;
3) квоталарды өтеу шотын;
4) квоталарды мынадай қосалқы шоттардан тұратын парниктік газдар шығарындыларына Ұлттық жоспардың квоталар көлемі қорының шотын:
жаңа қондырғыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу қосалқы шотын;
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4 бабының 1-тармағымен (бұдан әрі – Кодекс) көзделген жағдайда қосымша квоталарды беру қосалқы шотын;
квоталарды парниктік газдар шығарындыларына бөлу Ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде Кодекстің 94-2 бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін әкімшілендіру, пайдалану субъектілерін орнату үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу қосалқы шотын;
парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаларға арналған көміртегі бірліктерін беру қосалқы шотын;
аукцион жағдайларында квоталарды сату қосалқы шотын;
5) квоталанатын қондырғылар операторларының қосалқы шотын;
6) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобаның өтініш берушісінің(бұдан әрі ˗ жобаның өтініш берушісінің қосалқы шотын;
7) мемлекеттік тізілім операторының шоты бойынша операцияларды ашады және қызмет көрсетеді.
10. Қондырғы операторлары жыл сайын ұсынатын верификацияланған есептер негізінде өтелетін бірліктер есебін мемлекеттік тізілімінің операторы жүргізеді.
4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегібірліктері бойынша есептілік тәртібі
11. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері және олармен жүргізілген операциялар бойынша есептерді тоқсан сайын ұсынады.
12. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторының есептеріне мынадай ақпараттар енгізіледі:
1) шоттардың нөмірлері;
2) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шоттар иелерінің атаулары мен байланыс деректері;
3) шоттардағы көміртегі бірліктерінің әртүрлі типтерінің саны;
4) тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктерінің тізілімі мен таза дамыту тетігінің тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктері мен шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктерінің саны;
5) тізілімдер мен шот ұстаушы туралы деректерді көрсете отырып, басқа мемлекеттердің көміртегі бірліктерінің тізілімінен берілген шығарындыларды азайту бірліктерінің саны;
6) жойылған көміртегі бірліктерінің саны;
7) парниктік газдар шығарындыларына өтелген квоталардың саны.
8) тауарлық биржада болған сауда-саттық және сатылған квоталар бірліктерінің саны;
9) тауарлық биржада сату үшін жоспарланған болмаған сауда-саттық және квоталар бірліктерінің саны.
13. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар алған қондырғылар операторларының квоталар бірліктері мен шоттарына қатысты есепкемынадай қосымша ақпарат енгізіледі:
1) квота бірліктерінің бірыңғай сәйкестендіру нөмірі;
2) қондырғы нөмірі;
3) парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар бірліктерініңкөлемі;
4) қондырғылар бойынша расталған парниктік газдар шығарындыларының көлемі (есептік жылдар бойынша);
5) қондырғылар бойынша өтелген квоталардың көлемі (есептік жылдарбойынша);
6) квоталанатын қондырғы шығарындылары бойынша мониторинг және есеп беруге қатысты талаптарды операторлардың орындауы туралы ақпарат.
14. Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту бойынша ішкі жобалар операторлары мен бірлесіп жүзеге асыру жобалары операторларының шоттарына қатысты есепке мынадай ақпарат енгізіледі:
1) жобалардың атаулары мен олардың орналасқан жерлері, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша көміртегі бірліктерін қолданысқа енгізу күні;
2) шығарындыларды азайтудың ішкі бірліктері мен шығарындыларды азайту бірліктерінің айналымға енгізілген бірліктерінің саны.
15. Парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктерімен сауда жасау жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы өзінің интернет-ресурсында тоқсан сайын жаңартылатын есептерді жариялап отырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |