Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7413 тіркелді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2953 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
Toggle Dropdown
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай ақпарат сақталуы тиіс:
Toggle Dropdown
1) жеке зейнетақы шотының нөмірі;
Toggle Dropdown
2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
Toggle Dropdown
3) салымшының (алушының) жынысы;
Toggle Dropdown
4) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
5) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;
Toggle Dropdown
6) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
Toggle Dropdown
7) салымшының (алушының) мекенжайы, тұрғылықты жері;
Toggle Dropdown
8) төлем тапсырмасында көрсетілген агенттің атауы (тегі), аты, әкесінің аты (бар болса) және басқа деректемелері;
Toggle Dropdown
9) жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық сома;
Toggle Dropdown
10) инвестициялық портфельдің түрі.»;
Toggle Dropdown
7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы ретінде айқындалатын шартты бірлік құнын инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке қайта бағалау жолымен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сома келіп түскен кезде қор келіп түскен соманы оның келіп түскен күнінің басындағы тиісті инвестициялық портфель түрінің шартты бірлігінің ағымдағы құнымен инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Қор салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару операцияларын есептен шығару күнінің басындағы тиісті инвестициялық портфель түрінің шартты бірлігінің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы 9-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарындағы сомаларын қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге аударған кезде қор аталған тұлғалар зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сомаларды ақшамен аударуды жүзеге асырады және консервативті инвестициялық портфельге сомалар келіп түскен күннің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша оларды шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы 9-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарындағы сомаларын қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге аударған кезде қор аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнің және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiнің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қорға ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сомаларды ақшамен аударуды жүзеге асырады және консервативті инвестициялық портфельге сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша оларды шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді.
Toggle Dropdown
Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы сомаларды қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге қате аударған жағдайда қор екі жұмыс күні ішінде қалыпты инвестициялық портфельге қате аударылған соманы қалыпты инвестициялық портфельден аударым жасалған күннің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша қайтарады.
Toggle Dropdown
9. Қорлар шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес формуламен инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке жүргізеді.
Toggle Dropdown
10. Қор күн сайын инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша шартты бірліктің ағымдағы құны мен зейнетақы активтерінің сомасын қайта бағалаудың есеп айырысуын жүргізеді.
Toggle Dropdown
11. Қор шартты бірліктің ағымдағы құнының күн сайынғы есебін инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша шартты бірліктің күні мен сомалық санын көрсете отырып жүргізеді.
Toggle Dropdown
12. Қор кем дегенде айына бір рет инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасы ретінде есептелген зейнетақы активтерінің құнын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен салыстырып тексереді. Егер қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін өз бетінше жүзеге асырған жағдайда, салыстырып тексеруді функцияларына осы операцияны жүзеге асыру кіретін қордың тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.».
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Төрағасы Г. Марченко