• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 Қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 162 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5401 болып енгізілді.

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2005 жылғы маусымда жарияланған, N 15, 105 құж.), Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері Жинағында 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері Жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5157 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге, мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде: 
6-тармақта: 
екінші абзацта "А ВВВВВ СС DD..." деген аббревиатура " А ВВВВВВ СС DD... " деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
кестеде: 
екінші жолда: 
бірінші бағанда "ВВВВВ" деген аббревиатура "ВВВВВВ" аббревиатурамен ауыстырылсын; 
үшінші бағанда "6" деген цифрдан кейін ", 7" деген тыныс белгісімен және цифрмен толықтырылсын; 
үшінші жолдың үшінші бағанында "7, 8" деген цифрлар "8, 9" деген цифрлармен ауыстырылсын; 
төртінші жолдың үшінші бағанында "9, 10" деген цифрлар "10, 11" деген цифрлармен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов): 
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін. 
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                            Е. Бахмутова