Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 245 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 09 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5539 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің(бұдан әрі - Агенттік)Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, 2005 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 15, 105-құжат ) Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5157 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 162 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5401 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
Toggle Dropdown
4-тармақта:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"1-1) құрамына осы салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты кіретін инвестициялық портфельдің түрі;
Toggle Dropdown
1-2) инвестициялық портфельдің осы түріне және инвестициялық портфельдің осы түрінен басқаға салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау күнін көрсете отырып, инвестициялық портфельдің сәйкесінше түріне салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатының болу кезеңі;";
Toggle Dropdown
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"10) инвестициялық портфельдің осы түрі бойынша жеке барлық түсімдердің сомасын көрсете отырып, дербес зейнетақы шотына түскен барлық түсімдердің сомасы туралы.";
Toggle Dropdown
7-тармақ "бағалау жолымен" деген сөздерден кейін "инвестициялық портфельдің осы түрі бойынша жеке" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
8-тармақтың бірінші сөйлемі "құны бойынша" деген сөздерден кейін "инвестициялық портфельдің осы түрі бойынша жеке анықталатын" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
9-тармақта "2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4480 тіркелген)" деген цифрлар мен сөздер "2008 жылғы 22 тамыздағы N 118 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5322 тіркелген)" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
10-тармақ "ағымдағы құны мен" деген сөздерден кейін "инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
11-тармақ "есебін" деген сөзден кейін "инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке" деген сөздермен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"14. Салымшының (алушының) енгізілген міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін арналған жеке зейнетақы шоты:
Toggle Dropdown
1) салымшылардың міндетті зейнетақы қаражатын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты аударылатын қордан (бұдан әрі - Жөнелтуші қор) салымшының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қормен жасалған зейнетақы шартының негізінде жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайтын қорға аударым жасау функциясын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметімен уәкілетті заңды тұлғаның хабарламаны алған қордағы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ болған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы электрондық хабарламасын алған күні;
Toggle Dropdown
2) аударым жасаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағаннан кейін жабылады.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"14-1. Жөнелтуші қорда салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ болған жағдайда, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылады және жеке зейнетақы шоты жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш түскен күні жабылады.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, қаулыны бірінші ресми жариялаған күннен кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші абзацын және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он төртінші абзацынан бастап он тоғызыншы абзацына дейінгі абзацтарын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова