Toggle Dropdown
4
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7441 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Г. Жанбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34
бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша,
оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру
қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кезекті үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру нысандары мен тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Жаңа бастамалар – бұл стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген және жаңа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру және (немесе) базалық шығыстарды ұлғайту жолымен жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары болып табылады (бұдан әрі – шығыстардың жаңа бастамалары).
Toggle Dropdown
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жоспарланған шығыстардың мақсаттылығы мен басымдылығын айқындау үшін кезекті жоспарлы үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығын білдіреді.
Toggle Dropdown
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде пайдаланылады.
Toggle Dropdown
5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
Toggle Dropdown
6. Бірінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидалардының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды, бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамы құрамында бюджет комиссиясына шығарады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамын және әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын бюджет комиссиясы мақұлдаған күннен бастап үш күннен кейін ағымдағы шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытындыларын қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолдайды.
Toggle Dropdown
Екінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен алған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
7. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың қорытындысы осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларын сәйкес нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолданады.
Toggle Dropdown
2. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар
бойынша ұсыныстар беру нысандары және тәртібі
Toggle Dropdown
8. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ақпаратты осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қағазға түсiрiп нөмірленген, кітапша түрінде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжат түрiнде немесе электрондық тасымалдағыш арқылы енгiзеді.
Toggle Dropdown
9. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру күні оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарда тіркелген күні болып есептеледі.
Toggle Dropdown
10. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар оларды құрастыру және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстар түскен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде оларды қарастырмай бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсіне қайтарылады.
Toggle Dropdown
11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықталған жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды олар қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
Toggle Dropdown
12. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар:
Toggle Dropdown
1) мыналарды қамтитын түсіндірме жазбаны:
Toggle Dropdown
бекітілген бюджетпен салыстырғанда жоспарлы кезеңге арналған мәлімделген шығыстардың қысқаша сипаттамасы (бекітілген көлемдерді қысқарту және бекітілген жоспардан тыс шығыстарды ұлғайту жолымен бюджет қаражатын қайта бөлу себептерін көрсете отырып);
Toggle Dropdown
мәлімделген шығыстарды республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығы мен өзара байланыстыру (жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қандай басымдықты (міндетті) іске асыру үшін екенін көрсету қажет);
Toggle Dropdown
болашақ объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет болатын ағымдағы сипаттағы болжамды шығыстар бойынша ақпаратты көрсете отырып бюджеттік инвестициялар бойынша мәлімделген шығыстардың қысқаша сипаттамасы;
Toggle Dropdown
2) осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылуы болжанған ұсыныстар.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылуы болжанған ұсыныстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттерді және іс-шараларды шешуге бағдарланған;
Toggle Dropdown
3) осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда әзірленетін базалық шығыстарды ұлғайту жолымен әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған жаңа қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын ұсыныстар.
Toggle Dropdown
Базалық шығыстарды ұлғайту жолымен әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын жаңа шығыстар бастамалары бойынша ұсыныстар құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттер мен іс-шараларды шешуге бағдарланған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыру бойынша бюджет қаражаты шығыстарының қосымша бағыттарын көздейді.
Toggle Dropdown
4) басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне қосу үшін басым бюджеттік инвестициялар нысанда іске асырылатын жаңа шығыстар бастамалары бойынша ұсыныстар:
Toggle Dropdown
- бірінші кезеңде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржылық жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде;
Toggle Dropdown
- екінші кезеңде осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржылық жылының 1 сәуіріне дейін беріледі.
Toggle Dropdown
Басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар:
Toggle Dropdown
техникалық-экономикалық негiздемелер әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындыны;
Toggle Dropdown
бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысын;
Toggle Dropdown
жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысын (бар болса);
Toggle Dropdown
бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайларында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi бойынша экономикалық сараптамасының оң қорытындысын;
Toggle Dropdown
мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялар бойынша оң экономикалық қорытындыны;
Toggle Dropdown
басқа да қажетті құжаттаманы қоса береді.
Toggle Dropdown
13. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға
бағытталған және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша
қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары бойынша
қорытынды
Toggle Dropdown
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Toggle Dropdown
| Р/с№ | Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі | Іс-шаралардың сипаттамасы | Бюджеттік бағдарламаның ұсынылатын атауы | Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы | Күтілетін нәтиже | Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 1. | | 1. | | | | | | |
| ... | | | | | | |
| 2. | | 1. | | | | | | |
| ... | | | | | | |
| Бюджет шығыстарының барлығы | | | | | |
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
_________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
базалық шығыстарды көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың
басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың
жаңа бастамалар бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
ұсыныстары бойынша қорытынды
Toggle Dropdown
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңге
Toggle Dropdown
Р/с № | Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілеріне, Мемлекет басшысының, Президенті Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі | Іс-шаралардың сипаттамасы | Бюджеттік бағдарламаның коды | Бюджеттік бағдарламаның атауы | Есеп кезеңінің жоспары | Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы | Күтілетін нәтиже | Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл болж ам |
| бекітілген жоспар | болжам | бекітілген болжам | болжам |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 1. | | 1. | | | | | | | | | | |
| ... | | | | | | | | | | |
| 2. | | 1. | | | | | | | | | | |
| ... | | | | | | | | | | |
| Бюджет шығыстарының барлығы | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
______________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Басымдық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне қосу үшін басым
бюджеттік инвестициялар бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
атауы) ұсыныстары бойынша қорытынды
Toggle Dropdown
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Toggle Dropdown
| Функционалдық топ | Іске асыру кезеңі | Жалпы құны | Жоспарланатын жылға дейін барлығы* |
| Функционалдық кіші топ |
| | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
| | | Бағдарлама |
| | | | Кіші бағдарлама |
| | | | | Атауы |
| | | | | | 1 - есеп жылына дейін | 1 - есеп жылы | 2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| жалғасатын жобалар: | | | | | |
| 1. | | | | | |
| | | |
| жаңа жобалар: | | | | | |
| 1. | | | | | |
| | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Жоспарланатын кезең* | 3 - жоспарланатын жылдан соң * | Ескертпе (1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі, 2. Құжаттаманың болуы) | Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Toggle Dropdown
* алымы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның ұсыныстары, бөлiмі - ББӘ бюджеттік өтінімі
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
______________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға
бағытталған және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша
қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары
Toggle Dropdown
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Toggle Dropdown
Р/с № | Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі | Іс-шаралардың сипаттамасы | Бюджеттік бағдарламаның ұсынылатын атауы | Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы | Күтілетін нәтиже 2 - жыл |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 1 - жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 1. | | 1. | | | | | |
| ... | | | | | |
| 2. | | 1. | | | | | |
| ... | | | | | |
| Бюджет шығыстарының барлығы | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын ұсыныстар мынадай тәртіпте әзірлейді:
Toggle Dropdown
1) бірінші бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) екінші бағанда өтінім іс-шараларды қаржыландыру үшін негізі болып табылатын стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар (№, күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлар және т.б.), нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
3) үшінші бағанда екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларға жеткізу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4) төртінші бағанда бюджеттік бағдарламаның болжамды атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
5) бесінші, алтыншы және жетінші бағандарда жоспарлау әр жыл шеңберінде мың теңгеде шаралардың қаражатының көлемдері көрсетіледі;
Toggle Dropdown
6) сегізінші бағанда өтінім іс-шараларды іске асыру бойынша тікелей және соңғы нәтижелерінің көрсеткіштері және басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштерінде екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттар көрсеткіштеріне сәйкес болу тиіс қол жеткізілетін көрсеткіштерін көрсетіп нақты нәтижелер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Соңғы нәтижелері көрсеткіштерінде адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын көрсететін нәтижелерді, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістер нәтижелерін көрсету қажет.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Базалық шығыстардың көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың
басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың
жаңа бастамалары бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
ұсыныстары
Toggle Dropdown
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) ____________ мың теңгек
Toggle Dropdown
| Р/с№ | Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі | Іс-шаралардың сипаттамасы | Бюджеттік бағдарламаның коды | Бюджеттік бағдарламаның атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | | 1. | | |
| ... | | |
| 2. | | 1. | | |
| ... | | |
| Бюджет шығыстарының барлығы |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Есеп кезеңінің жоспары | Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы | Күтілетін нәтиже |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл болжам |
| бекітілген жоспар | болжам | бекітілген жоспар | болжам |
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Базалық шығыстардың көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары мынадай тәртіпте әзірлейді:
Toggle Dropdown
1) бірінші бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) екінші бағанда өтінім іс-шараларды қаржыландыру үшін негізі болып табылатын стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар (№, күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлар және т.б.), нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
3) үшінші бағанда екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларға жеткізу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4) төртінші және бесінші бағандарда өтінім іс-шараларын қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
5) алтыншы бағанда есептік кезеңнің жоспары көрсетіледі;
Toggle Dropdown
6) жетінші және тоғызыншы бағандарда есепті қаржы жылында бекітілген үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда аталған шаралар көрсетілген бюджет қаражатының көлемдері көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7) сегізінші, оныншы және он бірінші бағандарда қаржыландыру көлемдерін ұлғайтумен жоспарлау әр жыл шеңберінде мың теңгеде іс-шаралар қаражатының көлемдері көрсетіледі;
Toggle Dropdown
8) он екінші бағанда өтінім іс-шараларының іске асыру бойынша тікелей және соңғы нәтижелерінің көрсеткіштері және басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының көрсеткіштеріне сәйкес болу тиіс қол жеткізілетін көрсеткіштерді көрсетіп нақты нәтижелер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерінде адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғаның көрсететін нәтижелерді, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістерді, нәтижелерді көрсету қажет.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
6-қосымша
Toggle Dropdown
__________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары
Toggle Dropdown
түрі (жергілікті, республикалық)
Toggle Dropdown
| Р/с | Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары | Негіздеме (Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі) |
| Жоспарланатын жылға дейін іс-шаралар | Жоспарланатын кезеңге арналған іс-шаралар |
| 1 - есеп жылы | 2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) | 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | | | | | | |
| 2 | | | | | | |
| 3 | | | | | | |
| ... | | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Бюджеттік инвестициялар саясатының басымдығы бойынша ұсыныстар мынадай тәртіпте әзірлейді:
Toggle Dropdown
1) бірінші бағанда бюджеттік инвестициялар саясатының басым бағыттарының реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) екінші және үшінші бағандарда есептік және ағымдағы жылдарда басым болып айқындаған іс-шаралар көрсетіледі;
Toggle Dropdown
3) төртінші, бесінші және алтыншы бағандарда жоспарланған үшжылдық кезеңде басым болып айқындаған шаралар көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4) жетінші бағанда екінші, үшінші және төртінші бағандарда көрсетілген (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмалар) қандай байланыспен іс-шаралар таңдауының негізі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
7-қосымша
Toggle Dropdown
___________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
басым бюджеттік инвестициялар бойынша (бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің атауы) ұсыныстары
Toggle Dropdown
түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Toggle Dropdown
| Функционалдық топ | Іске асыру кезеңі | Жалпы құны | Жоспарланатын жылға дейін барлығы |
| Функционалдық кіші топ |
| | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
| | | Бағдарлама |
| | | | Кіші бағдарлама |
| | | | | Атауы |
| | | | | | 1 - есеп жылына дейін | 1 - есеп жылы | 2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| жалғасатын жобалар: | | | | | |
| 1. | | | | | |
| жаңа жобалар: | | | | | |
| 1. | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Жоспарланатын кезең | 3 - жылдан соң жоспарланатын * | Ескертпе (1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, нормативтік-құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі, 2. Құжаттаманың болуы) |
| 1 - жыл | 2 - жыл | 3 - жыл |
| бекітілген жоспар | болжам | бекітілген жоспар | болжам |
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
Басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар осы тәртіпте әзірлейді:
Toggle Dropdown
1) бірінші және алтыншыға дейінгі бағандарда жалғастыратын жобалар бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес ақпарат көрсетіледі. Жаңа жобалар бойынша өтінімдік іс-шараларға сәйкес бюджеттік бағдарламаның болжамды атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) жетінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша іске асыру кезеңділігі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
3) сегізінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша жалпы сомасы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4) тоғызыншы және оныншы бағанда жоспарланған кезеңде расталған бюджеттен қаржыландырылған жалғасатын жоспарлар бойынша бюджеттік қаражат көлемі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
5) он бірінші бағанда бекітілген бюджетте көзделетін ағымдағы жылда жалғасатын жобалардың бюджет қаражатының жоспарланған көлемі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
6) он екінші және он төртінші бағандарда есептік қаржы жылында бекітілген үш жылдық кезеңге сәйкес бюджетте көзделетін шаралардың бюджет қаражатының көлемі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7) он үшінші, он бесінші және он алтыншы бағандарда жарияланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін әр жылдың жоспарланған кезеңінің ішінде болжамды шығыстардың сомалары көрсетіледі;
Toggle Dropdown
8) он жетінші бағанда жоспарланған кезеңнің үшінші жылынан кейін қаражыландырудың болжамды көлемі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
9) он сегізінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша ақпарат көрсетіледі, оның ішінде:
Toggle Dropdown
стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі (құжаттың нөмірі мен бекітілген күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлары және т.б.);
Toggle Dropdown
нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі (құжаттың нөмірі мен бекітілген күні және көшірме);
Toggle Dropdown
құжаттардың бар болуы (осы қағидалардың 12-тармағының 4) - тармақшасына сәйкес нөмірі және бекітілген күнін көрсеткіш құжаттар көрсетіледі).