• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес	
"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы № 233 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 қаңтардағы
 № 178 қаулысымен
 бекітілген
«Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, қалқа;
2) сауықтыру объектілері – 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқу-тәрбиелеу, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени бос уақыттарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдар балалар сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі – БСҰ), оның ішінде жалпы, орта және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жыл бойы жұмыс істейтін БСҰ;
3) бракераж – тамақ өнімдері мен дайын тамақтардың сапасын органолептикалық көрсеткіштері бойынша бағалау;
4) Генча сынамасы – тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалайтын көрсеткіш;
5) дезинфекциялық және дезинсекциялық құралдар – инфекциялық (паразиттік) аурулардың қоздырғыштарын және жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар;
6) инсоляция – алаңды, үй-жайды, ғимаратты гигиеналық бағалауға арналған күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
7) Кетле индексі – баланың дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші;
8) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
9) санаториялық объектілер – табиғи емдік физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдістерді, емдік дене шынықтыру мен басқа да жағдайларды басым пайдалана отырып, белгіленген режимді сақтау кезіндегі, профилактикалық, медициналық оңалтуға және демалуға арналған туберкулезге қарсы мекемелер, оның ішінде алғанда емдеу-профилактикалық мекемелер (бұдан әрі – санаторийлер);
10) солярий – күн ванналарын қабылдауға арналған жабдықталған алаң, үй-жай.
3. Санаторийдің және БСҰ персоналының қызметтерді жүзеге асыру кезінде медициналық кітапшасы, гигиеналық оқытудан өткені туралы мәліметтері болуы қажет.
4. Балалардың туберкулезге қарсы санаторийіне емдеудің сүемелдеуші фазасындағы бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын науқас балаларды қоса алғанда 1 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балалар, виражбен және гиперергиялық реакциясы бар балалар, сондай-ақ туберкулез инфекциясы ошақтарының және туберкулезбен ауырып сауыққан балалар қабылданады. Санаторийлерде жататын және нашар қозғалатын балалар үшін 10%-ға дейін орын көзделуі тиіс.
2. Санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалауға және салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5. Салынған немесе қайта жаңартылған ғимараттарды пайдалануға беру ғимараттарды санаторий мен БСҰ ретінде уақытша пайдаланған кезде осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жол беріледі.
6. БСҰ-ның және санитарийдің құрылтайшысы немесе меншік иесі қажетті ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын оның ашылу мерзімдері туралы кемінде 90 күн бұрын хабардар етуі қажет.
7. Санаторийлер мен БСҰ қала сыртындағы, орман алқаптары мен су қоймаларына жақын, шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында, су қоймасының ағысы бойынша ластау көздеріне қатысты жоғары жағында және санитариялық-қорғаныш аймағын сақтаған жағдайда орналастырылады.
8. Таулы аудандарда және курорттық аймақтарда БСҰ-ны және санаторийді орналастыру кезінде жасыл аймақ ретінде оларға іргелес бақтар мен орман саябақтары пайдаланылады.
9. БСҰ-ның жер учаскесінің шекарасынан тұрғын үй құрылысына дейінгі қашықтық кемінде 50 метр (бұдан әрі – м) болуына жол беріледі, санаторийге – кемінде 100 м.
БСҰ-ның және санаторийдің жер учаскесі шекарасының автомобиль жолына дейінгі қашықтығы кемінде 500 м және бау-бақша шаруашылығы учаскелеріне дейінгі қашықтық 300 м болуына жол беріледі.
10. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының аумағында БСҰ-ны және санаторийді орналастыруға жол берілмейді. Өнеркәсіптік, коммуналдық және шаруашылық ұйымдардан сауықтыру мекемелеріне дейінгі қашықтық қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлауға және салуға қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.
Қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) БСҰ-ның және санаторий аумағы арқылы өтпеуі тиіс.
11. Жаңа санаторийлерді және БСҰ-ны жобалау және салу кезінде оларды:
1) желдің бағытын есепке ала отырып;
2) шу және атмосфералық ауаның ластану көздерінен жел жақ бетіне;
3) ластану көздеріне қатысты су қоймаларының ағысы бойынша жоғары;
4) орман алқаптарына және су қоймаларына жақын орналастырылады.
Қала сыртындағы сауықтыру мекемелері қызметкерлерге арналған тұрғын үйлерден, сондай-ақ ересектердің демалыс мекемелерінен ені кемінде 100 м жасыл желек жолағымен бөлінеді.
12. Санаторийлерде және БСҰ-да:
1) бұрын қоқыс төгетін орын, мал өлексесін көметін орын, ассенизация алаңдары, бейіттер ретінде пайдаланылған, сондай-ақ химиялық, бактериялық немесе басқа да топырақтың ластануы бар учаскелерде орналастыруға;
2) аумағы бойынша қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральды инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізуге;
3) аумаққа санаторий мен БСҰ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға қатысы жоқ тұрғын үй, оның ішінде персоналға, ұйымдарға арналған құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға;
4) аумақта үй жануарлары мен құстарының болуына және оларды жаюға жол берілмейді.
13. Санаторий мен БСҰ-ның аумағы абаттандырылады, көгалдандырылады, биіктігі 1,6 м қоршаумен қоршалады, қорғалады, түнгі уақытта жарықтандырылады, кемінде екі кіретін орны (негізгі және шаруашылық) болады.
14. Аумақта тікенекті бұталарды, ұсақ, улы және балаларда аллергия тудыратын жемістер беретін жасыл желектерді (ағаштар, бұталар) отырғызуға жол берілмейді.
15. Санаторийді және БСҰ-ны ашу алдында аумақты айғақтары бойынша кенеге қарсы өңдеуді және кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру және жүргізу қажет.
16. Жас көшеттері жоқ аумақта, кіретін жолдарда, жүк түсіретін алаңдарда, тротуарларда, көлік құралдарының тұрағына арналған орындарда қатты жабыны және жаңбыр мен еріген су ағатын еңістері болуы тиіс.
17. Санаторийдің және БСҰ-ның жер учаскесі негізгі және қосалқы құрылыс аумағына бөлінеді.
БСҰ негізгі құрылысының аумағы мынадай: тұрғын, мәдени-көпшілік, дене шынықтыру-сауықтыру, медициналық, әкімшілік, шаруашылық және техникалық мақсаттағы аймақтарға бөлінеді.
Қосалқы аумақта: отын сақтауға арналған қоймасы бар қазандық, сумен жабдықтау құрылысы, гараж, жөндеу шеберханалары, автотұрақ орналасады.