• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 Қаулысы

Осы редакция 19.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 25 қаңтардағы
 N 70 қаулысымен
 бекітілген
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан 
 тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру (бұдан әрі - Ереже) тәртібін айқындайды.
2. Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібі 
5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді.