Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 948 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
мұнда, PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы, мың текше метрі үшін теңге;
мұнда, CF – жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, жер қойнауынан жер үстіне пайдалы қазбаларды шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
мұнда, GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, мың текше метр;
мұнда, N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
Комментарий успешно добавлен