• Мое избранное
Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6681 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес
Редакция 18.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 87-п «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы № 8, 380-бап жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада  белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    С. Баймағанбетов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 496 бұйрығымен
бекітілген
  • 3
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 01.07.2014 жылғы № 396 Бұйрығымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Ереже өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 жылғы № 76 Бұйрығымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 жылғы № 838 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;
2) пана іздеген адам (бұдан әрі – адам) - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;
4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;
5) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
6) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі
3. Босқын мәртебесін алу үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасына келісімен күнтізбелік бес күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген сәттен бастап өзі немесе осыған уәкілетті өкіл уәкілетті органның аумақтық бөлінісі - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар, өтінішхаттың негізділігін растайтын (болған жағдайда) құжаттар мен материалдар қоса беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, Пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. КҚҚБ бастығы бөліністің жауапты орындаушысын айқындайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. КҚҚБ қызметкері өтінішхатты қабылдау кезінде «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оның құқықтарымен және мінлеттерімен таныстырады.
7. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеген күні «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.
Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, КҚҚБ басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.
Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
8. Өтінішхат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады және адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер адам өтінішхатты мемлекеттік немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса не сауатсыз болса, онда өтінішхатты өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.
Адам, онымен бірге келген отбасы мүшелері өтініш білдірген күні аудармашыны ұсыну мүмкін болмаған не оларда жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдау күні мен уақыты адаммен, оның ішінде телефон арқылы келісіледі.
9. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда бір тәулік ішінде КҚҚБ-ге жүгінуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҰҚК) Шекара қызметінен КҚҚБ-ге келіп түскен өтінішхатты КҚҚБ өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні КҚҚБ-ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.
10 Егер адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты дипломатиялық арналар арқылы КҚҚБ-ге қарауға береді.
11. Егер адам жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы туралы мәлімдесе, ол туралы мәлімет оның сөзінен жазылады және онымен бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізіледі.
12. Өтінішхат отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен қабылданады.
Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттарының негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді.
Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін түрдегі өтінішін ұсынады.
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау тәртібі
14. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхатты қабылдағаннан кейін жауапты орындаушы жүргізіледі және:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 365 Бұйрығына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өтініш иесі жүгінген күні «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесінің «Босқындарды есепке алу» модулінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;
өтінішхатты қабылдағаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі - есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;
сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;
ІІО және ҚҚАО ААЖ есептері бойынша адамды тексеруді жүзеге асырғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш иесіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық куәландырудан өтуге жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, жеке әңгімелесу жүргізіледі;
адаммен сұхбат жүргізу аяқталғаннан кейін біркүндік мерзімде ұлттық қауіпсіздік органына есепке алу карточкасының көшірмесі қоса беріле отырып, сұрау салу жолданады, ұлттық қауіпсіздік органдары жауапты күнтізбелік отыз күн ішінде жолдайды;