• Мое избранное
Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 986 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.04.2015 жылғы № 3-2/330 Бұйрығын қараңыз
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары;
2) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
3) етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
4) етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны *;
5) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
6) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
7) етті тұқымды аталық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
8) етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
9) биязы және биязылау жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
10) ұяң жүнді және қылшық жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
11) қаракөл тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
12) сүтті тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
13) түбіт тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
14) жүнді тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
15) шошқаның асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
16) зауыттық тұқымды жылқының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
17) өнімділік бағыттағы жылқының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
18) түйенің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
19) құстардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
20) түйеқұстың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
21) теңбіл бұғының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
22) маралдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
23) аналық бал араның асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
24) балықтың асыл тұқымды дарағының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 28 шілдедегі
 № 986 қаулысымен
 бекітілген
Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) түріне байланысты асыл тұқымдық куәліктер жеке немесе партияларға (серияға):
1) асыл тұқымды малдың әрқайсысына жеке;
2) асыл тұқымды өнім (материал) (ұрық, эмбрион, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапан, уылдырық, құртшабақтар және жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттеріне) партиясына (сериясына) беріледі.
3. Асыл тұқымдық куәлікті толтыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа әріптермен түзетусіз жүргізіледі.
4. Асыл тұқымдық куәліктің бланкісі типографиялық әдіспен нөмірленеді және қорғау дәрежесімен қамтамасыз етіледі.
2. Асыл тұқымды өнімдердің (материалдың) барлық түрлеріне асыл
 тұқымдық куәліктерді беру тәртібі
5. Асыл тұқымдық куәлікті асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне беруді асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің мәртебесін беру туралы қолданыстағы аттестат болған кезде асыл тұқымды зауыттар, асыл тұқымды шаруашылықтар, асыл тұқымды репродукторлар, асыл тұқымды орталықтар және (немесе) асыл тұқымды малдың ұрығын сату жөніндегі дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
6. Асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық және асыл тұқымдық репродуктор, асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық және асыл тұқымды репродуктор басшысының тиісті өкімімен уәкілеттік берілген тұлға бұрыштама қойған, сондай-ақ басшының өзі бұрыштама қойып, мөрімен расталған асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасын береді.
7. Асыл тұқымды орталықтар және асыл тұқымды малдың ұрығын сату бойынша дистрибьютерлік орталықтар ұрықтарды немесе эмбриондарды сату кезінде қолда бар ұрыққа (эмбрионға) асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасы негізінде сатып алушыға өзінің мөрімен расталған асыл тұқымдық куәліктің көшірмесін береді.
8. Меншік құқығы кейіннен ауысқан жағдайда, асыл тұқымды малдың жаңа иесі туралы деректер асыл тұқымдық куәлікке енгізіледі.
9. Ірі қара малға асыл тұқымдық куәліктерді беруді ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар (бұдан әрі - палата) жүзеге асырады.
10. Палата өзінде тіркелген асыл тұқымды малдарға ғана асыл тұқымдық куәліктерді береді.
11. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша палатаға өтініш береді.
12. Өтініш беруші өтініште өткізілетін малдың санын, олардың бірдейлендіру және тіркелу нөмірін көрсетеді.
13. Палата өтінішті қабылдағаннан соң күнтізбелік он күн ішінде асыл тұқымдық куәлікті береді.
14. Палатада иесінің ауысу құқықтарын қайта тіркеу асыл тұқымдық куәлік негізінде жүзеге асырылады. Палата асыл тұқымды малдың жаңа иесін тіркеуден өткізген кезде бұрын берілген асыл тұқымдық куәлікті алады.
15. Асыл тұқымды зауыттар және асыл тұқымды шаруашылықтар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті беруді есепке алу журналын жүргізеді.