Бірыңғай дистрибьютор туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы N 1781 Қаулысы
Редакция 03.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;
2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов