• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1462 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 502 Бұйрығын қараңыз
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 64-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1462 қаулысымен
 бекiтiлген
1
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi
1. Осы Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 
2. Халықаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы (транзиттi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан  Республикасының  халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 
3. Облысаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жүргiзіледi. 
4. Халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұлттық тасымалдаушы жүзеге асырады, облысаралық қатынастарда - бәсекелестiк негiзде жүзеге асырылады.
2. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi
5. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мынадай кезеңдердi: 
1) халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездар қозғалысы кестесiн және оларды қалыптастыру схемаларын әзiрлеудi; 
2) халықаралық жолаушылар тасымалын аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiсудi; 
3) халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар поездарына қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтиды. 
6. Халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар поездары қозғалысының кестесiн әзiрлеу бастапқы пункттерден шығу және соңғы пункттерге келу, сондай-ақ iрi елдi мекендерге келу мен шығу кезiнде жолаушылар үшiн қолайлы уақытты қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады. 
7. Поездарды қалыптастыру схемаларын әзiрлеу кезiнде тасымалдаушы тұрақты айналымдағы жолаушылар вагондарының санын, құрамдарды қалыптастыру және олардың айналымы, тiкелей қатынайтын вагондарды ағыту мен тiркеу пункттерiн, жол жүру бағытында жолаушылар поездарына техникалық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды. 
8. Жаңа облысаралық қатынастарды ұйымдастыруды тасымалдаушы магистральдық темiр жол желiсiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн ескере отырып жүзеге асырады. 
9. Қозғалыс кестесiнде көзделмеген қосымша жолаушылар поезын тасымалдаушының тағайындауы немесе вагондарды қосымша қосу халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар ағынының күтiлетін көбеюi жағдайында жүргiзiледi. 
10. Халықаралық қатынастарда поездар немесе вагондар санын көбейту, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесiнде көзделген жолаушылар поезының немесе тiкелей қатынайтын вагонның қозғалысын тоқтатуды тасымалдаушы аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын күтiп ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiскеннен кейiн магистральдық темiр жол желiсi операторымен бiрлесiп жүргiзедi. 
11. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн ашық барлық темiр жол станциялары мен тоқтау пункттерi арасында жүзеге асырылады. 
12. Халықаралық және облысаралық қатынастарда орындарды есепке алуды ұйымдастыру, бос және босайтын орындар туралы ақпарат беру және оларды iске асыру автоматтандырылған (электрондық) басқару жүйесi арқылы және/немесе жөнелту станциясынан поездың жүру жолы бойынша қол тәсiлiмен жүргiзiледi.