"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 20.02.2015 жылғы № 109 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 4)тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін белгілейді.
2. Этил спиртін сақтау мен өткізу этил спиртін өндіруге арналған лицензияның бар болған кезінде этил спиртін өндірушінің қойма үй-жайларынан жүзеге асырылады. Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге арналған лицензия, өндірушіге алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімі өндірісінің орналасқан қойма үй-жайында сақтау құқығын береді.
3. Этил спиртін өткізу:
1) бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға жол беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Этил спиртін сақтау тәртібі
4. Этил спиртін сақтау біліктілік талаптарына сай келетін және өндіріс паспортында көрсетілген тек ғана этил спиртін сақтауға, қабылдауға және тиеп-жөнелтуге арналған қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.
5. Этил спирті көлем бойынша спирттің болуын өлшеу мүмкіндігінің міндетті түрде болуы шартымен әртүрлі сыйымдылықтағы мамандандырылған стационарлық үй-жайларда және алаңдарда (ашық, жабық) орнатылатын және нысандағы болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
6. (Этил спиртін сақтау орнында әрбір резервуарға резервуардың (сынама үлгісін іріктеу, спирттің деңгейін өлшеу және т.б.) жұмыс жасау үшін баспалдақтар мен алаңдарды орнатумен этил спирті бар резервуарды қарау үшін барлық жағынан еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
7. Спирттің деңгейін бақылау үшін резервуарларда резервуарлардың аса толып кетуінен сақтайтын, жарылу қауіпсіздігі ең жоғарғы деңгейлі автоматты сигнал бергіш құралдар орнатылады, ерекше жағдайларда деңгейін қалқымалы мөлшерлегіш орнатуға жол беріледі.
3. Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібі
3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Осы Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібіне (бұдан әрі – 1-тәртіп) сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілетін этил спиртіне квотаны этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Этил спиртін өндірушілер дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – 1-алушылар) этил спиртін 1-алушыларға уәкілетті органның этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі – 1-жеткізушілер) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1-алушыларға этил спиртін өткізу құқығын беретін акті болып табылатын рұқсаты (бұдан әрі – 1-рұқсат) негізінде өткізеді.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10. 1-рұқсатты уәкілетті орган көлемін көрсетумен 1-жеткізушіге әрбір 1-алушының этил спиртіне қажеттілігін растайтын, мемлекеттік орган бекіткен тізімін алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей береді.
Осы тармақта белгіленген мерзім ішінде уәкілетті орган 1-рұқсатты бермеген жағдайда немесе 1-рұқсатты беруден бас тарту себептері туралы 1-жеткізуші жазбаша түрде хабарланбаған болса, онда беру мерзімі өткен күнінен бастап 1-рұқсат берілген болып саналады.
Бұл ретте, уәкілетті орган аталған рұқсатты беру мерзімінің аяқталуы мерзімінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей 1-рұқсатты беруге міндетті.
1-рұқсат ол алынған жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
Берілген 1-рұқсаттар туралы ақпарат уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
11. 1-рұқсаттардың көшірмелері берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жіберіледі.
12. Этил спиртін тұтыну көлемдерін квоталау тоқсанға бөлу арқылы келесі жылға этил спиртінің тұтынылатын болжамды көлемі туралы 1-алушылардың өтінімдері (бұдан әрі - өтінімдер) негізінде жүзеге асырылады.
13. Уәкілетті орган жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей мемлекеттік органға орналасқан орнын көрсетумен 1-жеткізушілердің тізімін табыс етеді.
14. Негізделген есептері бар өтінімдерді (қолданылатын технологияларды есепке алатын нормалар бойынша) 1-алушылар мемлекеттік органдардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін табыс етеді.
15. Мемлекеттік органның аумақтық органдары жыл сайын 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік органға әрбір 1-алушы бөлінісінде келесі жылда этил спиртін 1-алушылардың тұтыну көлемдері бойынша негізделген есептерімен жиынтық өтінімдер табыс етеді.
16. Квота бөлу үшін мемлекеттік орган жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға келесі жылға 1-алушылардың этил спиртін тұтынуының жалпы жылдық көлемін (облыстар және 1-алушылар бойынша бөліп) табыс етеді.
17. Этил спиртін қабылдауды басшының немесе оның орынбасарының бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін есепке алуға, сақтауға, өткізуге (тиеп-жөнелтуге, қабылдап алуға) жауапты 1-алушының қызметкерлері жүзеге асырады.
18. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің мөлшерін есептеу арқылы, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексеруден өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы жіберіледі.
19. Қосымша квоталау өндірілетін өнімнің мөлшері ұлғайған жағдайда, жаңа дәрілік заттарды өндіру, сондай-ақ мемлекеттік органның өтінімі бойынша қосымша медициналық қызмет көрсету үшін қажетті этил спиртін өткізу үшін 1-рұқсатты алу мақсатында жүргізілуі мүмкін.
19-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
20. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квотасы оны келесі жылы пайдаланылуға негіз бола алмайды.
21. 1-жеткізушінің лицензиясын кері қайтарған, қызметін уақытша тоқтатылған, оның ішінде қызметі уақытша тұрып қалған, қызметін тоқтатқан, жойған немесе қайта құрған (бірігу, қосу, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда) жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік органмен келісім бойынша бұрын берген 1-рұқсатқа ол болған жағдайда өзгертулер енгізумен, не болмаса жаңа 1-рұқсатты берумен 1-алушыны 1-жеткізушіге жібереді.
22. Этил спиртін өткізуге 1-рұқсаттың қолданысы мынадай жағдайларда:
1) 1-рұқсат берілген мерзім біткенде;
2) 1-рұқсатқа сәйкес сатып алынған этил спирті толық көлемде пайдаланғанда тоқтатылады.
23. 1-жеткізушілердің этил спиртін өткізгені үшін бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
23-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
24. 1-алушылардың этил спиртін мақсатқа сай тұтынуына бақылауды мемлекеттік орган жүзеге асырады.
25. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1-алушылардың этил спиртін пайдаланғаны туралы тоқсан сайынғы есебін уәкілетті органға табыс етеді.
Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
4. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі
4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
26. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – 2-алушы) этил спиртін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы бар және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектіден (бұдан әрі – 2-жеткізуші) тек осы Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі – 2-тәртіп) сәйкес сатып алады.
26-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
27. 2-жеткізуші этил спиртін сатуды дүйсенбіден бастап жұма аралығында күнде жергілікті уақыт өлшемі бойынша таңертеңгі сағат 10-нан бастап күндізгі сағат 17-ге дейін жүзеге асырылады. Этил спиртін жергілікті уақыт өлшемі бойынша күндізгі сағат 17-ден бастап таңертеңгі сағат 10-ға дейін, сондай-ақ мереке және жексенбі күндері өткізуге (тиеп-жөнелтуге) тыйым салынады.
28. Осы 2-тәртіп бойынша этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелтуге) 2-жеткізушінің спирт қоймасынан өлшеуіштермен спиртті көлікке, құбырға белгіленген құжаттарды ресімдеуі және аталған көлікті этил спиртімен өз аумағынан жөнелту жатады.
29. Этил спиртін 2-алушы өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне этил спиртін алатын уәкілетті адамдар туралы мәлімет табыс етеді. Табыс ететін мәліметтердің тізіміне мыналар кіреді:
1) жұмысқа қабылданғаны және қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
2) этил спиртін алатын уәкілетті адамдардың, сондай-ақ алатын адамның бірінші басшысының немесе бірінші басшы міндетін атқарушының қолдарының үлгілері;
3) төлқұжаттың немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Аталған мәліметтер өзгерген жағдайда спиртті 2-алушы бір күндік мерзімде бұл туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға міндетті.
30. Мәліметтер мөрмен және бірінші басшының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
31. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері табыс етілген мәліметтердің немесе уәкілетті тұлға туралы 2-алушы мәліметтері өзгерістерінің дұрыстығын тексеріп, бір күндік мерзімде құжаттардың көшірмесін жолдама хатпен бірге уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне этил спиртін алуға уәкілетті тұлғалардың тізбесін жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері этил спиртін алуға уәкілетті тұлғалардың тізбесін жекелеген қызмет түрлері бойынша олардың тіркеу орны, бойынша 2-жеткізушілерге жібереді.
32. Өткізу кезінде этил спиртін тасымалдау белгіленген тәртіппен тексерілген автоцистернамен және (немесе) теміржол цистернасымен, сондай-ақ аралық фланецтерсіз құбырлармен жүзеге асырылуы тиіс.
33. Спиртті өткізу үшін оны 2-жеткізуші мен 2-алушы өзі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне құрамында мынадай ақпараты бар хабарламаны жіберуге міндетті:
1) 2-жеткізуші - 2-алушы туралы, спирттің сұратылып отырған көлемі мен сатылу күні, 2-алушының этил спиртін алуға жіберілген уәкілетті тұлғасы, көлік түрі, сондай-ақ автоцистерна болған жағдайда көліктің мемлекеттік нөмірі туралы;
2) 2-алушы - 2-жеткізуші туралы, сатып алынатын көлем мен көліктің жіберілу күні (теміржол цистерналары үшін - жүкті тиеуге қойған мерзімі), этил спиртін алу үшін 2-жеткізушіге жіберілген уәкілетті тұлға, этил спирті автоцистернамен жеткізілген жағдайда жүргізушінің аты-жөнін, тегін (болған кезінде), көліктің мемлекеттік нөмірі мен көліктің техникалық құжатының мәліметтері 2-жеткізушіден басталатын жол-жөнекей спирттің сақталуын қамтамасыз ету үшін қарастырылған шаралар.
Этил спирті құбырмен тасымалданған жағдайда 2-жеткізуші мен 2-алушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне сұратылған және босатылған көлемі, спирттің сатылу (тиеп-жөнелту) күні мен уақыты туралы, сондай-ақ 2-алушының этил спиртін алу үшін жіберілген уәкілетті тұлғасы туралы хабарлайды.
2-алушы мен 2-жеткізуші бір тұлға әрі бір аумақта орналасқан болса, онда уәкілетті адам туралы мәліметтерді тапсыру талап етілмейді.
Жоғарыда аталған хабарламалар мөрмен әрі 2-жеткізуші мен 2-алушының бірінші басшыларының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бірінші басшылардың міндетін атқарушы тұлғалардың қолы қойылып бекітілуі тиіс.
34. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері спиртті 2-жеткізуші мен 2-алушының кіріс хабарламалары мен мәліметтерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
35. Этил спиртін теміржол цистернасымен өткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті тұлғамен этил спиртін өткізу туралы 2-жеткізуші басшысының, немесе бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның өкімі жазылған жалпы белгіленген сенімхат уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкеріне көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылуы тиіс.
Этил спиртті автоцистернамен тасымалданған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа жүргізушінің жеке куәлігі, көліктің техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісі көрсетіледі.
36. Этил спиртін өндірушінің орналасқан жері бойынша акциздік қосынның қызметкері 2-жеткізуші мен 2-алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес 2-алушы тапсырылған мәліметтерге өзара сәйкестігін, сондай-ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісін (этил спиртінің құбырмен тасымалдауынан басқа жағдайларда) тексеруі тиіс және олар сәйкес келген жағдайда этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелту) қатысады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне үш жұмыс күндік мерзімінен асырмай этил спиртін тиеп-жөнелту күнінен бастап этил спирті келетін орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне 2-жеткізушінің және 2-алушының атауларын, этил спиртінің көлемін көрсете отырып хабарлама жібереді.
37. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген тізілімдерде этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) күнін және уақытын немесе осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес этил спиртін өткізуден (тиеп-жөнелтуге) бас тарту туралы шешім қабылдауға мәжбүр еткен негіздемелерді көрсетеді.
38. Этил спирті бар көлік 2-жеткізуші аумағынан белгіленген нысандағы ілеспе жүк құжаты жазылған күні шығып кетуі тиіс.
39. Жоғарыда көрсетілген ілеспе жүк құжаты әрбір цистерна үшін этил спиртінің сапасы туралы белгіленген нысандағы құжаты қоса берілуі қажет.
40. Этил спиртін қабылдау өндірістік зертханасының қызметкерінің қатысумен басшының немесе басшы міндетін атқарушы болып тағайындалған тұлғаның бұйрығымен этил спиртін есепке алу, сақтау, өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) жауапты болып тағайындалған этил спирті немесе алкоголь өнімін өндіруші-ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.
41. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің санын есептеумен, белгіленген мерзімдерінде мемлекеттік тексеруінен өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы қабылданады.
42. Этил спиртін алкоголь өнімін өндіретін жерде қабылдағаннан кейін 2-алушы бір күн мерзімде өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін көлемін көрсете отырып этил спиртін алғаны туралы хабарлауы тиіс.
43. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететін жерлері күн сайын сағат 17-ден таңғы сағат 10-ға дейін, сондай-ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылып, оны акциздік қосынның қызметкері 2-жеткізуші қызметкердің қатысуымен пломбалауы тиіс.
44. Осы 2-тәртіпте көрсетілмеген және алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін өткізумен байланысты этил спиртін қабылдау, сақтау, өткізу, тасымалдау және есепке алу тәртібі мен әдісін жүзеге асыру этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласындағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізілуі тиіс.
45. Этил спиртін:
1) егер 2-жеткізушіге қатысты және (немесе) 2-алушыда этил спиртін (алкоголь өнімін) өндіру қызметімен айналысуға тыйым салатын және/немесе этил спиртін (өндіру үшін этил спирті сатып алынатын алкоголь өнімінің түрі) өндіру лицензиясы күшінің мерзімін тоқтата тұратын соттың шешімі бар болса;
2) 2-жеткізуші мен 2-алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ автоцистерна жүргізушісінің жеке куәлігі, көліктің техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісі іс жүзіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда;
3) 2-жеткізуші мен 2-алушы этил спиртінің бұрын сатылған және алынған көлемдерін этил спиртінің өндірісі мен айналымы бойынша декларацияларда көрсетпеген жағдайда;
4) 2-жеткізушінің және (немесе) 2-алушының қызметі тоқтатылғанда, жойылған немесе қайта құрылғанда (бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда);
5) 2-жеткізушіден тасымалдау барысында 2-алушы этил спиртінің сақталу шараларын қолданбаған жағдайда;
6) осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес салынған пломбаны рұқсатсыз бұзған жағдайда;
7) 2-жеткізуші және (немесе) 2-алушы осы 2-тәртіпті бұзған жағдайда өткізуге (тиеп-жөнелтуге) тыйым салынады.
46. Этил спиртін өткізуден (тиеп-жөнелтуге) бас тартқан жағдайда, уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде осындай шешім туралы жазбаша түрде тиісті 2-жеткізушілер мен 2-алушыларға хабарлайды.
47. 2-жеткізуші мен 2-алушы этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелтуге) бас тартумен байланысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе сот органдарына шағым жасауға құқылы.
5. Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу тәртібі
5-бөлім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
48. Этил спиртін өндіруші (2-жеткізуші) этил спиртін этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға осы Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі – 3-тәртіп) сәйкес өткізеді.
49. Осы 3-тәртіпте этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) деп 2-жеткізушінің спирт қоймасынан өлшеуіштермен спиртті ыдысқа, көлікке құю, белгіленген құжаттарды ресімдеу және өз аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі.
50. Этил спиртін қабылдауды этил спиртін осы қағидалардың 48-тармағында көрсетілген мұқтаждар үшін пайдаланатын ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін қабылдауға, есепке алуға және сақтауға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
51. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің көлемін айқындай отырып, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексерістен өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы жіберіледі.
52. Этил спиртін өндіруші (2-жеткізуші) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрған орны бойынша салық органына осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізілген этил спиртінің көлемі туралы есепті табыс етеді.
53. Уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшесі тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей осы қағидалардың 52-тармағында көрсетілген ақпаратты уәкілетті органға табыс етеді.
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 1-қосымша
Этил спиртін босатуға №________рұқсат ету нысаны
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 Қаулысымен (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Астана қ. 20___ж. "__"________
____________________________________________________________________
(этил спиртін өндірушінің атауы, СТН (ЖСН/БСН))
____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы, орналасқан жері)
қоса беріліп отырған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік
орган бекіткен тізбеге сәйкес дәрілік заттарды медициналық мақсаттағы
бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар және мемлекеттік медициналық
ұйымдар 20___ жылы медициналық және фармацевтикалық қызметті сондай-ақ медициналық қызметті жүзеге асыруы үшін этил спиртін __________литр көлемінде өткізуге рұқсат етіледі.
Рұқсат
_______________________________________________________жарамды.
(белгілі бір күнге дейін немесе белгілі бір көлемді пайдаланғанға дейін)
__________________________
(Лауазымы, Т,А,Ә., қолы)
М.О. Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 2-қосымша
20 ___ж.___ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндіру жөніндегі ұйымдардың және этил спиртін дәрілік препараттарды дайындау және медициналық қызметтер көрсету үшін пайдаланатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары тізбесінің нысаны
р/с № | Алушының атауы | Мекенжай (орналасқан орны) | СТН, ЖСН/БСН (бар болса) | 20___жылға талап етілетін этил спиртінің көлемі, литр | ||||
Барлығы | І тоқсан | ІІ тоқсан | ІІІ тоқсан | ІV тоқсан | ||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
... |
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының 20 __ жылдың ___ тоқсанында этил спиртін пайдалануы туралы есеп нысаны
р/н № | Алушының атауы | стн, ЖСН/БСН (бар болса) | Есепті жылға белгіленген квота, литр сусыз (жүз пайыз) спирт | Есепті тоқсан үшін этил спиртінің нақты алынғаны, (өсу қорытындысымен ) литр, сусыз (жүз пайыз) спирт | Есепті тоқсан үшін этил спиртінің нақты қалғаны литр, сусыз (жүз пайыз) спирт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
Барлығы |
__________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)
Денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті органның М.О.
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 4-қосымша
__________________________________ (облыс, Астана немесе Алматы қаласы көрсетілсін) бойынша салық департаменті
Этил спиртін өндірушінің зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға 20 ___ жылғы _______ айында этил спиртін өткізу көлемі туралы есеп нысаны
4-қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Р/с № | Алушының атауы | СТН, ЖСН/БСН | Тиеп-жөнелту күні | Өткізілген этил спиртінің көлемі, литр |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ||||
2. | ||||
Жиыны |
______________________________________ ________________________
(Этил спиртін өндіруші ұйым басшысының (басшының қолы)
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 5-қосымша
______________________________________ бойынша салық департаменті
______________________________________________-дан (-ден)
(заңды тұлғаның атауы, СТН, (ЖИН/БИН)))
Өтініш Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1619 Қаулысымен (21.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)