Bestprofi Logo

Қаулы № 1497 от 2012-11-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Документ на казахском языке

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1497 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.10.2015 жылғы № 18-02/898 Бұйрығын қараңыз

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1497 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары

1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 78-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;

2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендік қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсірілген екпелер;

3) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсу мен өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;

4) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;

5) климатип – белгілі бір климаттық жағдайлардың әсерімен қалыптасқан экотип;

6) клон – вегетативтік көбейту жолымен бір бастапқы дарақтан немесе апомиктикалық тұқымнан алынған және бірдей генотипі бар барлық ұрпақтардың (рамет) жиынтығы;

7) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрiне, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;

8) орман тұқымы плантациясы (бұдан әрі – ОТП) – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы бар сорттық, элиталық немесе бұдан тұқымдарын жүйелі жоғары түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;

9) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

10) сынақ дақылдары – генетикалық бағалау мақсатында арнайы әдістемемен артықшылығы бар ағаштарының, артықшылығы бар екпелердің, бірінші реттік орман тұқымы плантациялардың және тұрақты орман тұқым учаскелерінің тұқымдық ұрпағынан құрылған орман дақылдары.

2. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау тәртібі

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттауды осы салада мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) жүзеге асырады.

4. Мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:

1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (комиссия төрағасы);

2) мамандандырылған ұйымның мамандары;

3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі;

4) аумағында селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер анықталған мемлекеттік орман иеленушінің өкілі.

5. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау:

1) анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің аттестаттауға дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезең ішінде;

2) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша материалдар болған жағдайда жүзеге асырылады.

6. Комиссия селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен тексеру орнына барып тексеріп, олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін айқындайды. Тексеруді өткізу мерзімі бір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектіге 3 жұмыс күн есебінен белгіленеді.

7. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді тексеру нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау нәтижелері туралы актісінде (бұдан әрі – акт) көрсетіледі. Акт тексеру аяқталғаннан кейін бірден жасалады және оған қол қойылады.

Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік 3 күн өткен соң селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер аттестатталған болып есептеледі.

8. Анықталған және құрылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.

9. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге актіге қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде Комиссия осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса беріледі.

10. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі – мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі – мемлекеттік орман иеленуші қарауында болатын мемлекеттік орган; үшіншісі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, төртіншісі – мамандандырылған ұйым, бесіншісі – уәкілетті орган және алтыншысы – селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтаған ұйым үшін жасалады.

11. Аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілер:

1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;

2) осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізілімдерге енгізіледі. Жиынтық ведомості мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.

3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді есепке алу тәртібі

12. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және мемлекеттік орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды тексеріп отырады.

13. Вегетациялық кезеңде көзбен шолу жолымен тексеру барлық аттестатталған селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерде жүргізіледі.

14. Тексеру көлемі объектінің алаңына байланысты болады және осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес айқындалады.

15. Әрбір селекциялық-генетикалық мақсаттағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуінің (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйінің (ағаштарды зиянкестердің бүлдіру және ауруға шалдығу, механикалық зақымдар белгілерінің болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуының сапасы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.

16. Мамандандырылған ұйым тексеру материалдарын талдайды, селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы осы Қағидалардың 15 және 16-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық бөлімшелеріне ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады және оларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, қайта жаңарту (қалпына келтіру) немесе есептен шығару бойынша ұсыныстар енгізеді.

17. Уәкілетті орган күнтізбелік 30 күн ішінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарайды және оларды қарағаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде олардың жай-күйін одан әрі жақсарту, пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрық нысанындағы шешімін қабылдайды.

18. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым күнтізбелік 30 күн ішінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілердің жиынтық ведомостарына, паспорттарына өзгерістер енгізеді және күнтізбелік 10 күнде орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 1-қосымша

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание