Toggle Dropdown
1
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;
Toggle Dropdown
2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;
Toggle Dropdown
3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
3
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары;
Toggle Dropdown
2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;
Toggle Dropdown
4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
Toggle Dropdown
5) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi;
Toggle Dropdown
6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторының қызметкерi;
Toggle Dropdown
7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнің техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.
Toggle Dropdown
4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – көлiк құралдары) мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:
Toggle Dropdown
1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
Toggle Dropdown
2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
Toggle Dropdown
3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;
Toggle Dropdown
4) көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және оның дипломатиялық иммунитетi бар қызметкерлерiне, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға тиесiлi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс жөнiндегi ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлердi ұрысқа әзiрлiктiң жоғарғы дәрежесiне көшiрген кезде көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру жергiлiктi әскери басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен техникалық байқау операторымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 747 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
2. Мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру тәртiбi
Toggle Dropdown
7. Мiндеттi техникалық байқауды көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, бiрақ көлiк құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, техникалық байқау операторлары жүргiзедi.
Toggle Dropdown
8. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауын өткiзуді техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау операторлары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызмет көрсетедi.
Toggle Dropdown
10. Көлiк құралдарының иелерi:
Toggle Dropdown
1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;
Toggle Dropdown
2) Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық байқаудан өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) техникалық байқау операторларына техникалық байқау операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi;
Toggle Dropdown
5) мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
11. Мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлғалардың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.
Toggle Dropdown
12. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:
Toggle Dropdown
1) техникалық байқау операторының жұмыс режимi;
Toggle Dropdown
2) техникалық байқау операторының қызмет өңiрi;
Toggle Dropdown
3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесi;
Toggle Dropdown
4) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;
Toggle Dropdown
5) техникалық байқау операторының тарифтерi.
Toggle Dropdown
13. Техникалық байқау операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.
Toggle Dropdown
14. Техникалық байқау операторы:
Toggle Dropdown
1) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;
Toggle Dropdown
2) пайдаланатын өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйiнiң және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн есепке алу және беру журналында мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер бланкiлерiн жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;
Toggle Dropdown
5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негiзiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
15. Техникалық байқау операторларына:
Toggle Dropdown
1) көлiк құралының иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын әзірлемей мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруден бас тартуына;
Toggle Dropdown
2) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуіне;
Toggle Dropdown
3) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуіне жол берілмейді.
Toggle Dropdown
16. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
1
17. Көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуді мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық бiлiмi бар көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң технологиясын және диагностикалау технологиясын және әдiсiн игерген техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
18. Техникалық байқау операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
19. Техникалық байқау операторы елдi мекендердiң атауы, техникалық байқау операторымен көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқау жүргiзу күнi және орны туралы мәлiметтердi қамтитын, қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi – кесте) әзiрлейдi.
Toggle Dropdown
20. Кесте техникалық байқау операторларының тiзiлiміне енгізу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қызмет өңірі шегінде жергілікті атқарушы органға келiсуге ұсынылады.
Toggle Dropdown
Кестені кейіннен жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Жергілікті атқарушы орган келісуге ұсынылған кестенi түскен күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
22. Кестенi жергілікті атқарушы органмен келiскен күнінен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы қызмет өңiрiндегі халықты кесте туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
23. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы санын көрсете отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн (бұдан әрi – куәлiк бланкiлерi) беру туралы өтiнiшпен көлiктiк бақылау органына жүгiнедi.
Toggle Dropdown
24. Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiштi көлiктiк бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
Куәлік бланкілерін беру туралы өтінімді қарау қорытындысы бойынша көліктік бақылау органы бір жұмыс күні ішінде техникалық байқау операторының электронды мекенжайына куәлік бланкілерін беру туралы жазбаша хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды ұсынады.
Toggle Dropdown
25. Куәлiк бланкiлерiн беру бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн бланктiк өнiмдi өткiзу қызметi үшiн төлемнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көлiктiк бақылау органы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналын жүргiзедi.
Toggle Dropdown
27. Техникалық байқау операторларының мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тартуға негiзi:
Toggle Dropdown
1) көлiк құралы иесiнiң осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
Toggle Dropdown
2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге ұсыну;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауға ұсыну болып табылады.
Toggle Dropdown
28. Осы Қағиданың 27-тармағында көрсетiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тарту негiздерiнiң бiрi анықталған жағдайында техникалық байқау операторы көлiк құралы иесiне ол туралы тез арада хабарлайды.
Toggle Dropdown
3. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
29. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауы техникалық байқау операторларының стационарлық және ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
30. Мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бiрлiктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
Toggle Dropdown
31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлi хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық байқау желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi.
Toggle Dropdown
32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi:
Toggle Dropdown
1) роликтiк тежеуiш стендiсi;
Toggle Dropdown
2) люфтомер;
Toggle Dropdown
3) газ анализатор және түтiн өлшегiш;
Toggle Dropdown
4) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы;
Toggle Dropdown
5) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi.
Toggle Dropdown
33. Көлік құралдарының санатына байланысты көлік құралдарының тежеуіштін басқаруын тексеру мынадай роліктік тежеуіш стенділерінде жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;
Toggle Dropdown
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;
Toggle Dropdown
3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;
Toggle Dropdown
4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна.
Toggle Dropdown
34. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:
Toggle Dropdown
1) орнатылған өлшеу жүйесi;
Toggle Dropdown
2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;
Toggle Dropdown
3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;
Toggle Dropdown
4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;
Toggle Dropdown
5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi;
Toggle Dropdown
6) тежеуiш стендiнде тексеру кезiнде жүк көлiк құралының роликтік секциясына көтеру мүмкiндiгiн немесе бiлiгiне жүктеменi имитациялауды қамтиды.
Toggle Dropdown
35. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) СО және СН газ анализатор;
Toggle Dropdown
2) Lambda коэффициентiн өлшеу;
Toggle Dropdown
3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.
Toggle Dropdown
36. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) фарлардың барлық түрiн тексеру;
Toggle Dropdown
2) жарық күшiн тексеру.
Toggle Dropdown
37. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
38. Техникалық байқау операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процестеріне сәйкес жүзеге асырады. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процесі әрбір стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желілері үшін анықталған әдістерін және көлік құралдарымен олардың құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйінің осы Қағидамен және «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық байқау. Бақылаудың әдісі.» 1811-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен (бұдан әрі – 1811-2011 ҚР МС) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру бірізділігін қамтиды. Техникалық байқау орталығының аумағына және үй-жайына қойылатын талаптар 1811-2011 ҚР МС белгіленеді.
Toggle Dropdown
39. Мiндеттi техникалық байқау өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.
Toggle Dropdown
40. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң дайындық кезеңiнде:
Toggle Dropdown
1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы белгiленедi;
Toggle Dropdown
2) көлiк құралының түсi белгiленедi;
Toggle Dropdown
3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi;
Toggle Dropdown
4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы белгiленедi;
Toggle Dropdown
5) алынған қорытындылар көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiмен салыстырылады (салғастырылады).
Toggle Dropdown
41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:
Toggle Dropdown
1) тежеуiшті басқаруды:
Toggle Dropdown
тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
Toggle Dropdown
тұрақта тұру тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
Toggle Dropdown
блоктауға қарсы тежеуіш жүйелері сигнализаторларының жұмыс істеуі;
Toggle Dropdown
тежеуіш жүйелерінің элементтерінің жай-күйі және тежеуіш жетегінің тұмшалануы
Toggle Dropdown
2) рульдi басқаруды:
Toggle Dropdown
руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
Toggle Dropdown
жалпы люфтi;
Toggle Dropdown
көру аясы;
Toggle Dropdown
әйнектердiң жай-күйi;
Toggle Dropdown
артқы көру айнасының жай-күйi және бекітілуі;
Toggle Dropdown
әйнек тазалағыштар;
Toggle Dropdown
әйнек жуғыштар;
Toggle Dropdown
4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:
Toggle Dropdown
алыс және жақын фаралар;
Toggle Dropdown
алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
Toggle Dropdown
тежеуіш сигналдары;
Toggle Dropdown
бұру сілтегiштерi;
Toggle Dropdown
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
Toggle Dropdown
артқа жүру шамдары;
Toggle Dropdown
артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыратын кiшкене лампалары;
Toggle Dropdown
авариялық сигнализация (көлік құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);
Toggle Dropdown
5) дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
Toggle Dropdown
шиналар бұжыртабанының тозуы және зақымдалуы;
Toggle Dropdown
аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, аспа иiнтiрегiшiнiң, шарнир элементтерінiң) механикалық жай-күйi;
Toggle Dropdown
доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының жай-күйі, олар бекітілетін элементтердің бар болуы;
Toggle Dropdown
6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
Toggle Dropdown
түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
Toggle Dropdown
көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
Toggle Dropdown
тiркеу құрылғыларының;
Toggle Dropdown
еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
Toggle Dropdown
жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
Toggle Dropdown
бамперлердің, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
Toggle Dropdown
7) өзге де жабдықтың:
Toggle Dropdown
қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының;
Toggle Dropdown
өрт сөндiру құралдарының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
Toggle Dropdown
авариялық тоқтау белгiлерiнiң;
Toggle Dropdown
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
Toggle Dropdown
дыбыстық сигналының;
Toggle Dropdown
спидометрдiң бар болуы, жай-күйі мен жұмыс істеуі;
Toggle Dropdown
8) қоршаған ортаға әсер ететін факторлар:
Toggle Dropdown
пайдаланылған газдар;
Toggle Dropdown
жанармайдың және пайдаланылатын сұйықтықтардың ағуы (моторлық және трансмиссиялық май, тежеуіш, гидравликалық және суытатын сұйықтық).
Toggle Dropdown
42. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының қандай да бiр бөлiгiн ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.
Toggle Dropdown
43. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.
Toggle Dropdown
44. Жүк автомобильдерiнiң, тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйiн тексеру толық жүктеме кезiнде жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
45. Көлiк құралына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқау операторы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрi – диагностикалық карта) жасайды, оның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту туралы куәлiк оның қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi.
Toggle Dropdown
Көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері бірыңғай диагностикалық картаға қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлiк құралының иесiне берiледi.
Toggle Dropdown
47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.
Toggle Dropdown
48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау операторы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз тасығышта және электрондық түрде жүргiзедi.
Toggle Dropdown
49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтанады.
Toggle Dropdown
50. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Toggle Dropdown
1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық қамтамасыз етудiң болуы;
Toggle Dropdown
2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстеу;
Toggle Dropdown
3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.
Toggle Dropdown
51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықпен көлiк құралының бекіту құралынан тұрады.
Toggle Dropdown
Көлік құралының тежеуiш жүйесiн тексеру фото бекітілген роликтiк тежеуiш стендiсiмен қамтамасыз етіледі. Фото бекіту құралы роликтiк тежеуiш стендiсiнде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және автомобильдің алдынғы білігі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Міндетті техникалық байқаудан өткізу технологиялық үдерісі бейне бекіту құралымен тіркеледі. Бейне құралы барлық техникалық байқау желісі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Техникалық байқаудың операторы көлік құралдарының тексеру барлық рәсімін күн сайынға бейне файылы жазбасының мұрағаттық сақталуын 6 ай iшiнде қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
52. Мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi, куәлiктердiң берiлген бланктерi туралы ақпарат берiледi.
Toggle Dropdown
53. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлдi деп саналады.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне диагностикалық картаның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк келесi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу күнiн көрсетiле отырып берiледi.
Toggle Dropdown
54. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген жоқ деп танылады.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiлген диагностикалық карта берiледi.
Toggle Dropdown
55. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық байқауды қайта жүргiзу үшiн ұсынады.
Toggle Dropdown
56. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
57. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау кезiнде бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында мiндеттi техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетiлген көрсеткiштер бойынша ғана жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда техникалық байқау операторы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшiн ғана төлемақы алады.
Toggle Dropdown
Қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргізу қорытындысы бойынша қайта мiндеттi техникалық байқау барысында тексерілген ұстанымдар бойынша диагностикалық карта құрастырылады.
Toggle Dropdown
58. Техникалық байқау операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.
Toggle Dropdown
59. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.
Toggle Dropdown
60. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
61. Егер қайта мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті жоғалтқан кезде, техникалық байқау операторына көлік құралының міндетті техникалық байқауын өткізбей міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
Техникалық байқау операторы дереу көлік құралының міндетті техникалық байқаудан өткізбей жоғалтқан мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігінің орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігін беруін жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің іс-әрекет мерзіміне беріледі.
Toggle Dropdown
Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті бергені үшін техникалық байқау операторына бланктік өнімді іске асыру қызметіне төлеу құны мөлшерінде ақы төлеуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
Көлік құралының меншік иесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда көлік құралын тіркеу орны бойынша жол полициясының тіркеу бөлімшесі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде бір уақытта міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікке тиісті өзгерістерді енгізуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
62. Техникалық байқау операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы дерекқорды күнделiктi (өсу нәтижесiмен) резервтi көшiрудi, сондай-ақ мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараты бар дерекқор көшiрмелерiн мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесiмен) ұйымдастырады. Дерекқор көшiрмелерi үш жыл бойы сақталады.
Toggle Dropdown
63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимiнде мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
Toggle Dropdown
64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күнтiзбелiк екi күнде бiр рет мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
Toggle Dropdown
65. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өтулерiн есепке алу, көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау туралы ақпаратты салық қызметi органдарына беруге және есебiн жүргiзу үшiн арналған.
Toggle Dropdown
66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
67. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толтыру талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi.
Toggle Dropdown
68. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
69. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды
ұйымдастыру және жүргiзу қағидасына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн есепке алу және беру журналы
Toggle Dropdown
Р/с № | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк алған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы | АКҚ маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi | Мiндеттi техникалық байқаудан өткен күнi | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы берiлген куәлiк бланкiсiнiң № | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Toggle Dropdown
Механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргiзу қағидасына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы
Toggle Dropdown
Р/с № | Уәкiлеттi органнан алынған мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны | Техникалық байқау орталығына берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң техникалық байқау орталығына берiлген күнi | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі
Toggle Dropdown
1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;
Toggle Dropdown
2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;
Toggle Dropdown
3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.
Toggle Dropdown
2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
Toggle Dropdown
3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
Toggle Dropdown
4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір 12 ай сайын өтеді.
Toggle Dropdown
5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
№ ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
Toggle Dropdown
Беткі жағы
Toggle Dropdown
Техникалық байқау операторы (оператордың атауы мен мекенжайы): |
| Бастапқы тексеру | Қайталап тексеру | | Диагностикаланатын көлік құралының фотосуреті |
| Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі: | |
| Көлік құралының иесі | |
| Сәйкестендіру нөмірі (VIN): | |
| Маркасы, моделі: | |
| Шығарылған жылы: | |
| Көлік құралының тіркелу куәлігі (сериясы, нөмірі): | |
| Шанақ нөмірі: | |
| Рама нөмірі: | |
| Қозғалтқышының нөмірі: | |
| Көлік құралының санаты: | |
Toggle Dropdown
| № | Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар | № | Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар | № | Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар |
| I. Тежегіш жүйелері | 13 | Реттеу бұрыштары мен фарлар жарығы күшінің қойылатын талаптарға сәйкестігі | | 26 | Аспа түйіндері мен бөлшектерінің жай-күйі, сондай-ақ олар бекітілетін жерлерде қозғалыстың (конструкциямен көзделмеген) және лифтердің болмауы | |
| 1 | Жұмыс тежегіш жүйесі іс-қимылының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі | | 14 | Жарық аспаптары шашыратқыштарының бұзылулары мен жарықшақтарының болмауы | | VI. Қозғалтқыш және оның жүйелері |
| 2 | Тежегіш күштер айырмашылықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігі | | III. Көрініс | 27 | Көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластандырғыш заттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі | |
| 3 | Тұрудағы тежегіш жүйесі іс-қимылдарының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі | | 15 | Желқағар әйнектің әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс қабілеттілігі | | | Пайдаланылған газдардың түтіндегіштігінің шекті рұқсат етілген деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкестігі | |
| 4 | Блоктауға қарсы тежегіш жүйелері сигналбергішінің жұмыс істеуі | | 16 | Желқағар әйнектің әйнек жуғыштары форсункаларының болуы және әйнек жуғыштың әйнек жуу аймағына сұйықтық беруді қамтамасыз етуі | | 29 | Отын тамуының және пайдалану сұйықтықтарының тамшылауының болмауы | |
| 5 | Тежегіш жетегінің герметикасы бұзылуының, қысым түскен тежегіш шлангтердің ісінуінің, жарықшақтардың, ысқыланған жерлердің, герметиканың жоғалуына немесе қирау қаупін төндіретін тотығудың болмауы | | 17 | Жүргізуші орнынан көріністі шектейтін қосымша заттардың немесе жамылғылардың болмауы. Желқағар әйнектің жоғарғы бөлігіндегі пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі | | 30 | Газбен жұмыс істейтін көлік құралдарының герметикалық жүйесінің бұзылуларының болмауы. Газ баллондарының белгіленген талаптарға сәйкестігі | |
| 6 | Тежегіш сұйықтықтарының тамуының болмауы | | 18 | Желқағар әйнектің, алдыңғы бүйірлік әйнектің және алдыңғы есіктер әйнегінің жарық өткізу нормасына сәйкестігі | | VII. Конструкцияның басқа элементтері |
| II. Рулдік басқару | 19 | Жүргізуші жағынан әйнек тазалағышпен әйнектің жартысын тазалау аймағында желқағар әйнекте жарықшақтың болмауы | | 31 | Дыбыстық сигнал беру аспабының жұмыс қабілеттілігі | |
| 7 | Рулдік басқаруда шекті мәндерден жиынтық люфтың артуының болмауы | | 20 | Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айнасының болуы және жай-күйі | | 32 | Бір осьтік тіркемелерде (тарқатуды қоспағанда) және жұмыс тежегіш жүйелермен жабдықталмаған тіркемелерде жұмысқа қабілетті сақтандырғыш құрал-саймандардың болуы | |
| 8 | Рулдік басқару күшейткіші бар рулдік доңғалақтың бейтарап жағдайдан өздігінен бұрылуының болмауы | | V. Шиналар, доңғалақтар және аспалар | | 33 | Автоматты құлыптың, ершікті-ілініс құрылғысының қолдық және автоматтық блоктауының жұмыс қабілеттілігі | |
| 9 | Рулдік бағанның және рулдік механизм картерінің бекіту бөлшектерінің зақымдануының болмауы және толық жинақталымы | | 21 | Шина бұжыртабандары суретінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі | | 34 | Көлік құралын жарамды қауіпсіздік белбеулерімен жарақтау | |
| 10 | Қалдық деформация іздерінің, рулдік механизмде және рулдік жетекте жарықшақтар мен басқа да ақаулардың болмауы | | 22 | Кордты жалаңаштайтын бұжыртабанның жергілікті ажырауы және шинаның жергілікті зақымданулары (тесілуі, кесілуі, жыртылуы) болмауы | | 35 | Тұншықтырғыштардың және түтін түтіктерінің болуы | |
| 36 | Спидометрдің жұмыс қабілеттілігі | |
| IV. Сыртқы жарықтық аспаптары | 23 | Доңғалақ дискілері мен құрсаулары бекітпесінің барлық бұрандамалары мен сомындарынның болуы | | 37 | Бамперларының және доңғалақ үстінің ластанудан қорғау құрылғыларының болуы | |
| 11 | Конструкцияда көзделген орындарда фарлардың, сигнал фонарларының болуы және орналасуы | | 24 | Доңғалақ дискілері мен құрсауларында жарықшақтың болмауы | | 38 | Салон еденінде жарықшақтардың болмауы, орындықтардың сенімді бекітілуі, автобустарда, шағын автобустарда және таксиде орындықтардың реттеу механизмдерінің және бекітпелерінің жұмыс қабілеттілігі | |
| 12 | Фарлардың және сигналдық фонарлардың жай-күйі, жұмыс қабілеттілігі және жұмыс режимі | | 25 | Белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралына шиналарды орнату | | 39 | Белгіленген талаптарға сәйкес келетін авариялық аялдау белгісінің, өртсөндіргіштердің және медициналық қобдишаның болуы | |
Toggle Dropdown
Екінші жағы
Toggle Dropdown
| Диагностикалау нәтижелері |
| Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру | Диагностикалық карта пункті |
| Төменгі шекара | Тексеру нәтижесі | Жоғарғы шекара | Параметр атауы |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| Сәйкессіздік анықталған параметрлерді визуалды тексеру | |
| Тексеру заттары (торап, бөлшек, агрегат) | Талаптарға сәйкессіздік мазмұны | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Toggle Dropdown
| Көлік құралының деректері |
| Жүктемесіз масса: | Рұқсат етілген ең көп масса: |
| Отын түрі: | Жүрісі: |
| Жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілік /сәйкессіздік туралы қорытынды (қажет емесі сызып тасталсын) | сәйкес келеді | сәйкес келмейді |
| Қайталап тексеруді талап ететін диагностикалық карта пункттері: | |
| | |
| Күні: | Техникалық сарапшының Т.А.Ә: | Қолы: |