• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г

Отправить по почте

"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1027 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 51-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші бөліктерін қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 тамыздағы
 № 1027 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 523 қаулысымен
 бекітілген
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары;
2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;
4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;
5) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi;
6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторының қызметкерi;
7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнің техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.
4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – көлiк құралдары) мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:
1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;
2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;
3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;
4) көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.
5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және оның дипломатиялық иммунитетi бар қызметкерлерiне, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға тиесiлi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс жөнiндегi ұйымдар арқылы жүргiзiледi.
6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлердi ұрысқа әзiрлiктiң жоғарғы дәрежесiне көшiрген кезде көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру жергiлiктi әскери басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен техникалық байқау операторымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 747 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
2. Мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру тәртiбi
7. Мiндеттi техникалық байқауды көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, бiрақ көлiк құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, техникалық байқау операторлары жүргiзедi.
8. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауын өткiзуді техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау операторлары жүзеге асырады.
9. Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызмет көрсетедi.
10. Көлiк құралдарының иелерi:
1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;
2) Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық байқаудан өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;
4) техникалық байқау операторларына техникалық байқау операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi;
5) мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
11. Мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
2) жеке тұлғалардың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.
12. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:
1) техникалық байқау операторының жұмыс режимi;
2) техникалық байқау операторының қызмет өңiрi;
3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесi;
4) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;
5) техникалық байқау операторының тарифтерi.
13. Техникалық байқау операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.
14. Техникалық байқау операторы:
1) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;
2) пайдаланатын өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйiнiң және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi;
3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн есепке алу және беру журналында мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер бланкiлерiн жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;
4) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;
5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негiзiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
15. Техникалық байқау операторларына:
1) көлiк құралының иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын әзірлемей мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруден бас тартуына;
2) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуіне;
3) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуіне жол берілмейді.
16. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды.
17. Көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуді мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық бiлiмi бар көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң технологиясын және диагностикалау технологиясын және әдiсiн игерген техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.
18. Техникалық байқау операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз етедi.
19. Техникалық байқау операторы елдi мекендердiң атауы, техникалық байқау операторымен көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқау жүргiзу күнi және орны туралы мәлiметтердi қамтитын, қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi – кесте) әзiрлейдi.
20. Кесте техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде техникалық байқау операторының тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органына келiсуге ұсынылады.
21. Көлiктiк бақылау органы келiсуге ұсынылған кестенi ол келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
22. Кестенi көлiктiк бақылау органымен келiскеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы халықты кесте туралы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдары арқылы хабарлайды.
23. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы санын көрсете отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн (бұдан әрi – куәлiк бланкiлерi) беру туралы өтiнiшпен көлiктiк бақылау органына жүгiнедi.
24. Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiштi көлiктiк бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Куәлік бланкілерін беру туралы өтінімді қарау қорытындысы бойынша көліктік бақылау органы бір жұмыс күні ішінде техникалық байқау операторының электронды мекенжайына куәлік бланкілерін беру туралы жазбаша хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды ұсынады.
25. Куәлiк бланкiлерiн беру бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн бланктiк өнiмдi өткiзу қызметi үшiн төлемнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.
26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көлiктiк бақылау органы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналын жүргiзедi.
27. Техникалық байқау операторларының мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тартуға негiзi:
1) көлiк құралы иесiнiң осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;
2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге ұсыну;
3) мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауға ұсыну болып табылады.
28. Осы Қағиданың 27-тармағында көрсетiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тарту негiздерiнiң бiрi анықталған жағдайында техникалық байқау операторы көлiк құралы иесiне ол туралы тез арада хабарлайды.
3. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу тәртiбi
29. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауы техникалық байқау операторларының стационарлық және ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.
30. Мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бiрлiктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлi хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық байқау желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi.
32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi:
1) роликтiк тежеуiш стендiсi;
2) люфтомер;
3) газ анализатор және түтiн өлшегiш;
4) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы;
5) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi.
33. Көлік құралдарының санатына байланысты көлік құралдарының тежеуіштін басқаруын тексеру мынадай роліктік тежеуіш стенділерінде жүргізіледі:
1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна.
34. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:
1) орнатылған өлшеу жүйесi;
2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;
3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;
4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;
5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi;
6) тежеуiш стендiнде тексеру кезiнде жүк көлiк құралының роликтік секциясына көтеру мүмкiндiгiн немесе бiлiгiне жүктеменi имитациялауды қамтиды.
35. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:
1) СО және СН газ анализатор;
2) Lambda коэффициентiн өлшеу;
3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.
36. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
1) фарлардың барлық түрiн тексеру;
2) жарық күшiн тексеру.
37. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
38. Техникалық байқау операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процестеріне сәйкес жүзеге асырады. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процесі әрбір стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желілері үшін анықталған әдістерін және көлік құралдарымен олардың құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйінің осы Қағидамен және «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық байқау. Бақылаудың әдісі.» 1811-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен (бұдан әрі – 1811-2011 ҚР МС) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру бірізділігін қамтиды. Техникалық байқау орталығының аумағына және үй-жайына қойылатын талаптар 1811-2011 ҚР МС белгіленеді.
39. Мiндеттi техникалық байқау өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.
40. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң дайындық кезеңiнде:
1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы белгiленедi;
2) көлiк құралының түсi белгiленедi;
3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi;
4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы белгiленедi;
5) алынған қорытындылар көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiмен салыстырылады (салғастырылады).
41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының  конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:
1) тежеуiшті басқаруды:
тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақта тұру тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
блоктауға қарсы тежеуіш жүйелері сигнализаторларының жұмыс істеуі;
тежеуіш жүйелерінің элементтерінің жай-күйі және тежеуіш жетегінің тұмшалануы
2) рульдi басқаруды:
руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
жалпы люфтi;
3) көру:
көру аясы;
әйнектердiң жай-күйi;
артқы көру айнасының жай-күйi және бекітілуі;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;
4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:
алыс және жақын фаралар;
алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
тежеуіш сигналдары;
бұру сілтегiштерi;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыратын кiшкене лампалары;
авариялық сигнализация (көлік құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);
5) дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
шиналар бұжыртабанының тозуы және зақымдалуы;
аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, аспа иiнтiрегiшiнiң, шарнир элементтерінiң) механикалық жай-күйi;
доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының жай-күйі, олар бекітілетін элементтердің бар болуы;
6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
тiркеу құрылғыларының;
еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
бамперлердің, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
7) өзге де жабдықтың:
қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының;
өрт сөндiру құралдарының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
авариялық тоқтау белгiлерiнiң;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
дыбыстық сигналының;
спидометрдiң бар болуы, жай-күйі мен жұмыс істеуі;
8) қоршаған ортаға әсер ететін факторлар:
пайдаланылған газдар;
жанармайдың және пайдаланылатын сұйықтықтардың ағуы (моторлық және трансмиссиялық май, тежеуіш, гидравликалық және суытатын сұйықтық).
42. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының қандай да бiр бөлiгiн ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.
43. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.
44. Жүк автомобильдерiнiң, тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйiн тексеру толық жүктеме кезiнде жүргiзiледi.
45. Көлiк құралына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқау операторы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрi – диагностикалық карта) жасайды, оның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту туралы куәлiк оның қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi.
Көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері бірыңғай диагностикалық картаға қалыптастырылады.
46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлiк құралының иесiне берiледi.
47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе оның орнын басатын адам қол қояды.
48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау операторы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз тасығышта және электрондық түрде жүргiзедi.
49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтанады.
50. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық қамтамасыз етудiң болуы;
2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстеу;
3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.
51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықпен көлiк құралының бекіту құралынан тұрады.
Көлік құралының тежеуiш жүйесiн тексеру фото бекітілген роликтiк тежеуiш стендiсiмен қамтамасыз етіледі. Фото бекіту құралы роликтiк тежеуiш стендiсiнде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және автомобильдің алдынғы білігі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Міндетті техникалық байқаудан өткізу технологиялық үдерісі бейне бекіту құралымен тіркеледі. Бейне құралы барлық техникалық байқау желісі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Техникалық байқаудың операторы көлік құралдарының тексеру барлық рәсімін күн сайынға бейне файылы жазбасының мұрағаттық сақталуын 6 ай iшiнде қамтамасыз етедi.
52. Мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi, куәлiктердiң берiлген бланктерi туралы ақпарат берiледi.
53. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлдi деп саналады.
Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне диагностикалық картаның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк келесi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу күнiн көрсетiле отырып берiледi.
54. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген жоқ деп танылады.
Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiлген диагностикалық карта берiледi.
55. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық байқауды қайта жүргiзу үшiн ұсынады.
56. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.
57. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау кезiнде бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында мiндеттi техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетiлген көрсеткiштер бойынша ғана жүргiзiледi.
Бұл жағдайда техникалық байқау операторы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшiн ғана төлемақы алады.
Қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргізу қорытындысы бойынша қайта мiндеттi техникалық байқау барысында тексерілген ұстанымдар бойынша диагностикалық карта құрастырылады.
58. Техникалық байқау операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.
59. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.
60. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
61. Егер қайта мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi көрсетiледi.
Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті жоғалтқан кезде, техникалық байқау операторына көлік құралының міндетті техникалық байқауын өткізбей міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Техникалық байқау операторы дереу көлік құралының міндетті техникалық байқаудан өткізбей жоғалтқан мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігінің орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігін беруін жүзеге асырады.
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің іс-әрекет мерзіміне беріледі.
Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті бергені үшін техникалық байқау операторына бланктік өнімді іске асыру қызметіне төлеу құны мөлшерінде ақы төлеуді жүргізеді.
Көлік құралының меншік иесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда көлік құралын тіркеу орны бойынша жол полициясының тіркеу бөлімшесі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде бір уақытта міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікке тиісті өзгерістерді енгізуді жүргізеді.
62. Техникалық байқау операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы дерекқорды күнделiктi (өсу нәтижесiмен) резервтi көшiрудi, сондай-ақ мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараты бар дерекқор көшiрмелерiн мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесiмен) ұйымдастырады. Дерекқор көшiрмелерi үш жыл бойы сақталады.
63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимiнде көлiктiк бақылау органына ұсынылады.
64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күнтiзбелiк екi күнде бiр рет көлiктiк бақылау органына ұсынылады.
65. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өтулерiн есепке алу, көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау туралы ақпаратты салық қызметi органдарына беруге және есебiн жүргiзу үшiн арналған.
66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.
67. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толтыру талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi.
68. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйенi жаңартуды көлiктiк бақылау органдары күн сайын техникалық байқау операторлары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негiзiнде жүзеге асырады.
69. Көлiктiк бақылау органы техникалық байқау операторлары ұсынған көлiк құралы туралы деректердi мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң деректерiмен салыстыруды жүргiзедi.
Механикалық көлiк құралдарын
 және олардың тiркемелерiн мiндеттi
 техникалық байқауды ұйымдастыру
 және жүргiзу қағидасына
 1-қосымша
Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн есепке алу және беру журналы
 
Р/с
Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк алған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы АКҚ маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi Мiндеттi техникалық байқаудан өткен күнi Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы берiлген куәлiк бланкiсiнiң № Ескертпе
1 2 3 4 5 6






Механикалық көлiк құралдарын
 және олардың тiркемелерiн мiндеттi
 техникалық байқауды ұйымдастыру
 және жүргiзу қағидасына
 2-қосымша
Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы
 
Р/с
Уәкiлеттi органнан алынған мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны Техникалық байқау орталығына берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң техникалық байқау орталығына берiлген күнi Ескертпе
1 2 3 4 5





Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 тамыздағы
 № 1027 қаулысына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 523 қаулысымен
 бекітілген
Нысан
№ ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
Беткі жағы
 
Техникалық байқау операторы
(оператордың атауы мен мекенжайы):
Бастапқы тексеру Қайталап тексеру
Диагностикаланатын көлік құралының фотосуреті
Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі:
Көлік құралының иесі
Сәйкестендіру нөмірі (VIN):
Маркасы, моделі:
Шығарылған жылы:
Көлік құралының тіркелу куәлігі (сериясы, нөмірі):
Шанақ нөмірі:
Рама нөмірі:
Қозғалтқышының нөмірі:
Көлік құралының санаты:
 
Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар Тексерілетін параметрлері және қойылатын талаптар
I. Тежегіш жүйелері 13 Реттеу бұрыштары мен фарлар жарығы күшінің қойылатын талаптарға сәйкестігі
26 Аспа түйіндері мен бөлшектерінің жай-күйі, сондай-ақ олар бекітілетін жерлерде қозғалыстың (конструкциямен көзделмеген) және лифтердің болмауы
1 Жұмыс тежегіш жүйесі іс-қимылының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі
14 Жарық аспаптары шашыратқыштарының бұзылулары мен жарықшақтарының болмауы
VI. Қозғалтқыш және оның жүйелері
2 Тежегіш күштер айырмашылықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігі
III. Көрініс 27 Көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы ластандырғыш заттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі
3 Тұрудағы тежегіш жүйесі іс-қимылдарының тиімділігі көрсеткіштерінің сәйкестігі
15 Желқағар әйнектің әйнек тазалағыштарының болуы және жұмыс қабілеттілігі

Пайдаланылған газдардың түтіндегіштігінің шекті рұқсат етілген деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкестігі
4 Блоктауға қарсы тежегіш жүйелері сигналбергішінің жұмыс істеуі
16 Желқағар әйнектің әйнек жуғыштары форсункаларының болуы және әйнек жуғыштың әйнек жуу аймағына сұйықтық беруді қамтамасыз етуі
29 Отын тамуының және пайдалану сұйықтықтарының тамшылауының болмауы
5 Тежегіш жетегінің герметикасы бұзылуының, қысым түскен тежегіш шлангтердің ісінуінің, жарықшақтардың, ысқыланған жерлердің, герметиканың жоғалуына немесе қирау қаупін төндіретін тотығудың болмауы
17 Жүргізуші орнынан көріністі шектейтін қосымша заттардың немесе жамылғылардың болмауы. Желқағар әйнектің жоғарғы бөлігіндегі пленка жолағының белгіленген талаптарға сәйкестігі
30 Газбен жұмыс істейтін көлік құралдарының герметикалық жүйесінің бұзылуларының болмауы. Газ баллондарының белгіленген талаптарға сәйкестігі
6 Тежегіш сұйықтықтарының тамуының болмауы
18 Желқағар әйнектің, алдыңғы бүйірлік әйнектің және алдыңғы есіктер әйнегінің жарық өткізу нормасына сәйкестігі
VII. Конструкцияның басқа элементтері
II. Рулдік басқару 19 Жүргізуші жағынан әйнек тазалағышпен әйнектің жартысын тазалау аймағында желқағар әйнекте жарықшақтың болмауы
31 Дыбыстық сигнал беру аспабының жұмыс қабілеттілігі
7 Рулдік басқаруда шекті мәндерден жиынтық люфтың артуының болмауы
20 Белгіленген талаптарға сәйкес артқы көрініс айнасының болуы және жай-күйі
32 Бір осьтік тіркемелерде (тарқатуды қоспағанда) және жұмыс тежегіш жүйелермен жабдықталмаған тіркемелерде жұмысқа қабілетті сақтандырғыш құрал-саймандардың болуы
8 Рулдік басқару күшейткіші бар рулдік доңғалақтың бейтарап жағдайдан өздігінен бұрылуының болмауы
V. Шиналар, доңғалақтар және аспалар
33 Автоматты құлыптың, ершікті-ілініс құрылғысының қолдық және автоматтық блоктауының жұмыс қабілеттілігі
9 Рулдік бағанның және рулдік механизм картерінің бекіту бөлшектерінің зақымдануының болмауы және толық жинақталымы
21 Шина бұжыртабандары суретінің биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкестігі
34 Көлік құралын жарамды қауіпсіздік белбеулерімен жарақтау
10 Қалдық деформация іздерінің, рулдік механизмде және рулдік жетекте жарықшақтар мен басқа да ақаулардың болмауы
22 Кордты жалаңаштайтын бұжыртабанның жергілікті ажырауы және шинаның жергілікті зақымданулары (тесілуі, кесілуі, жыртылуы) болмауы
35 Тұншықтырғыштардың және түтін түтіктерінің болуы
36 Спидометрдің жұмыс қабілеттілігі
IV. Сыртқы жарықтық аспаптары 23 Доңғалақ дискілері мен құрсаулары бекітпесінің барлық бұрандамалары мен сомындарынның болуы
37 Бамперларының және доңғалақ үстінің ластанудан қорғау құрылғыларының болуы
11 Конструкцияда көзделген орындарда фарлардың, сигнал фонарларының болуы және орналасуы
24 Доңғалақ дискілері мен құрсауларында жарықшақтың болмауы
38 Салон еденінде жарықшақтардың болмауы, орындықтардың сенімді бекітілуі, автобустарда, шағын автобустарда және таксиде орындықтардың реттеу механизмдерінің және бекітпелерінің жұмыс қабілеттілігі
12 Фарлардың және сигналдық фонарлардың жай-күйі, жұмыс қабілеттілігі және жұмыс режимі
25 Белгіленген талаптарға сәйкес көлік құралына шиналарды орнату
39 Белгіленген талаптарға сәйкес келетін авариялық аялдау белгісінің, өртсөндіргіштердің және медициналық қобдишаның болуы
Екінші жағы
 
Диагностикалау нәтижелері
Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру Диагностикалық карта пункті
Төменгі шекара Тексеру нәтижесі Жоғарғы шекара Параметр атауы








































Сәйкессіздік анықталған параметрлерді визуалды тексеру
Тексеру заттары (торап, бөлшек, агрегат) Талаптарға сәйкессіздік мазмұны








































 
Көлік құралының деректері
Жүктемесіз масса: Рұқсат етілген ең көп масса:
Отын түрі: Жүрісі:
Жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілік /сәйкессіздік туралы қорытынды (қажет емесі сызып тасталсын) сәйкес келеді сәйкес келмейді
Қайталап тексеруді талап ететін диагностикалық карта пункттері:



Күні: Техникалық сарапшының Т.А.Ә: Қолы: