• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015 г

Отправить по почте

"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 509 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Көлік құралының тежеуін басқаруды тексеру көлік құралының санатына байланысты мынадай роликтік тежеуіш стенділерімен жүргізіледі:
1) N3 және 04 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.
4) тармақшаның он үшінші абзацы алынып тасталсын;
6) тармақшаның он алтыншы және он жетінші абзацтары алынып тасталсын;
7) тармақшаның төртінші, жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық көлік құралдары:
1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан:
2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.".
3) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін және 2013 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 сәуірдегі
 № 509 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 523 қаулысымен
 бекітілген
Нысаны
№____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
АКҚ тексеру орыны:                      Бастапқы тексеру
                                 Қайталап тексеру
 
Мемлекеттік тіркеу белгісі: Марка, модель: Шығарылған жылы:
Модель, қозғалтқыш №: шанақ №: шасси (рама) №:
Сәйкестендіру нөмірі VIN:

АКҚ меншік иесі: АКҚ меншік иесінің өкілі:
Тіркеу құжаты: Серия: Нөмірі:



 
100 Тежеу жүйесі Жұмыстық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші 101 Тұрақтық тежеу жүйесінің үлестік тежегіш күші 102 Доңғалақтардың тежегіш күшінің салыстырмалы айырмашылығы 103 Пневматикалық тежеу жетегінің герметикалығы 104




Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы 105 Манометр, сигнал беру жүйесі 106 Сығымдалған ауа қысымы 107 Жұмыстық тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты 108 Тежеу кезіндегі желілік ауытқу 109





Қосалқы тежеу жүйесі 110 Тежеу жүйелері элементтерінің жай-күйі 111


200 Рульмен басқару Жиынтық люфт 201 Бөлшектердің ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекітілуі 202 Рульмен басқаруды күшейткіш 203 Рульмен басқару элементтерінің жай-күйі 204




300 Сыртқы жарық аспаптары Алыc және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар 301 Тұманға қарсы фаралар 302 Тежеу сигналдары 303 Габариттік жарық, артқы, тұманға қарсы жарық 304





Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру 305 Тіркеу белгісін жарықтандыру шамы 306 Артқы жүріс жарығы 307 Жарық тойтарғыштар 308 Автопоезд белгісі 309





400 Желқағар әйнектердің әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштары Әйнек тазалағыштар 401 Әйнек жуғыштар 402
500 Доңғалақтар мен шиналар Протектордың тозуы 501 Шиналардың зақымдалуы 502 Шиналарды орнату 503 Доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының бекітілуі, жай-күйі 504




600 Қозғалтқыш және оның жүйелері СО және СН құрамы 601 Дизельді қозғалтқыштың түтіндегіштігі 602 Қоректену жүйесі 603 Шығару жүйесі 604




700 Конструкцияның басқа элементтері Тіркеу белгілері 701 Көлік құралының таңбалануы 702 Артқы көрініс айналары 703 Дыбыстық сигнал 704




Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы) 705 Спидометр 706 Аспаның, кардан берілісінің элементтері 707 Жүргізушінің отырғышын реттеу тетіктері 708 Есіктердің құлыптары, борттардың, шанның ілмектері 709





Есіктерді басқару жетегі 710 Авариялық шығаберістер 711 Айдап кетуге қарсы құрылғылар 712 Әйнектерді жылыту және желпіту құрылғылары 713 Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар 714





Іліністік құрылғы 715 Медициналық қобдиша, өрт сөндіргіштер, авариялық тоқтау белгісі 716 Жылжуға қарсы тіректер 717 Қауіпсіздік белдіктері 718 Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгертулер
719





Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді: Тексеру жүргізілмеген:
Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы лер және қосымша ақпарат:
АКҚ техникалық жай-күйіне тексеру жүргізген:
       Күні: ________________  _______________________________________
(Тексеруді жүргізген маманның аты-жөні,қолы)
Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:
АКҚ ___________________________________________________________              
(ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күні, қолы)