• Мое избранное
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістерін, Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістерін, Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1146 Қаулысы

Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.12.2011 № 1483 (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сынау әдiстерiн бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2015 жылғы № 219 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістері;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.12.2011 № 1483 (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 қарашадағы
 N 1146 қаулысымен
 бекітілген
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын криминалистік талаптар мен сынау әдістері 
1-бөлім. Атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қаруға, оның патрондарына, сондай-ақ қаруға құрылымдық жағынан ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.12.2011 № 1483 (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер 
1. Осы криминалистік талаптар "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жасап шығаруды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды талдау, сондай-ақ криминалистік практиканы қорытындылау негізінде әзірленді және оларды сәйкестендіру және заңсыз қайта жасауды болдырмау мақсатында Қазақстан аумағында айналымда жүрген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қойылатын арнайы техникалық талаптарды белгілейді. 
Осы криминалистік талаптар Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығынсыз, тек импорттаушы елдердің заңнамасының талаптарына сай экспортқа ғана өндірілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына, сондай-ақ қару мен патрон жасап шығарушы кәсіпорындарда технологиялық мақсатта ғана пайдалануға арналған сынақ патрондарына, сондай-ақ электр қаруына қолданылмайды.
  • 1
2. Атыс, белгі беретін, газды, электрлі, пневматикалық қаруға қойылатын жалпы криминалистік талаптар
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.12.2011 № 1483 (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Үрмелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі - Дж) жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден (бұдан әрі - мм) астам атыс, белгі беру, газды, электрлі, пневматикалық қарудың механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін пайдаланып, оның ішінде лазермен орындалған, тереңдігі кемінде 0,2 мм өзін дараландыратын таңбалу белгісі (сериясы, нөмірі) болуға тиіс.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.12.2011 № 1483 (29.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Атыс, белгі беру, газды қарудан атылған гильзаларда оны сәйкестендіруге жеткілікті белгілер кешенін қамтитын қарудың бөлшектері мен тетіктерінің іздері қалуға тиіс.
4. Белгі беру, газды және пневматикалық қару бөлшектері мен тетіктерінің ерекшеліктері жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруларының бөлшектері мен тетіктерін бір-біріне ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етпеуге тиіс.
5. Белгі беру және газды қару құрылымы қайтарымсыз өзгерместен снарядқа шаршы миллиметріне 0,5 Джоуль (бұдан әрі - Дж/мм 2  ) кинетикалық энергия үлесін (сот медицинасы қабылдаған адамды зақымдаудың ең төменгі энергетикалық өлшемі) беретін оқты және бытыралы қатты снарядпен ату мүмкіндігін қамтамасыз етпеуге тиіс.
3. Ойық және тегіс оқпанды атыс қаруларына қойылатын қосымша криминалистік талаптар 
6. Ойық азаматтық атыс қаруы (спорт қаруын қоспағанда) бір типтегі патронға арналып жасалған жауынгерлік атыс қаруынан қару оқпаны параметрлерінің біреуі (саны, бағыты, ені, ойықтың қадамы) бойынша айырмашылығы болуға тиіс. 
Ойықтың ені бойынша айырмашылығы жол шегінің арасы кемінде 0,2 мм болуға тиіс, ал иір ойықтың қадамы бойынша айырмашылығы жол шегінің арасында иір ойық көлбеуінің бұрыш айырмашылығы кемінде 1 градусты қамтамасыз етуге тиіс. Айырмашылықтар олардың қолданыстағы криминалистік әдістерімен саралану мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
7. Ойық атыс қаруының бір типті патронға арналып жасалған үлгілерден гильзадағы іздері бойынша айырмашылығы болуға тиіс.
8. Әр түрлі кәсіпорындарда патронның бір типіне арналып жасалған көп зарядты магазинді тегіс ұңғылы атыс қаруының серпігіш және шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуы, сондай-ақ гильзадағы іздерді жасауға қатысатын тетікте басқа бөлшектердің іздері бойынша үлгілері арасында айырмашылығы болуға тиіс.
9. Ұзын ұңғылы ойық қару 5,6 мм калибрлі патрондарды қоспағанда, тапаншаның және револьвердің патрондарына сай жасалынбауға тиіс.
10. Ойық немесе тегіс ұңғылы қару құрылысында дыбыс тұншықтырғыш, сондай-ақ атыс дыбысын тұншықтырушы және түнгі нысаналы қондырғыларға арналған аспаптар немесе арнайы құралдар болмауға тиіс.
11. Жиналмалы құрылымды ұзын ұңғылы қарудың ұзындығы кемінде 800 мм-ге не ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен ұңғысының ұзындығы 500 мм-ге жетпейтін жинаулы түрінде ату қабілетін қамтамасыз етпеуге тиіс.
12. Ойық қарудан, тегіс ұңғылы қару ұңғысының ойық қондырғыларынан, сондай-ақ қысқа ұңғылы қарудан атылған оқтарда ұңғы оқпанының іздері қалуға тиіс.
4. Ұңғысыз, белгі беру және газды атыс қаруына қойылатын қосымша криминалистік талаптар 
13. Ұңғысыз атыс қаруы құрылымының қайтарымсыз өзгерместен снарядтарға 0,5 Дж/м 2  астам кинетикалық энергия үлесін беретін оқты және бытыралы снарядтармен ату мүмкіндігін қамтамасыз етпеуге тиіс.
14. Белгі беру қаруында қарудың құрылымына қайтарымсыз өзгерістер енгізбестен, газды патрондармен ату мүмкіндігі болмауға тиіс.
15. Белгі беру және газды қаруды атыс қаруларына қайта өзгертуді қиындату мақсатында ұңғысының қаңқаға бекітілуі босаңқы болуға тиіс.
5. Пневматикалық қаруға қойылатын қосымша криминалистік талаптар 
16. Пневматикалық қарудың калибрі 4,5 мм-ден аспауға тиіс.
17. Пневматикалық аңшылық қарудың 25 Дж-ден аспайтын, спорт қаруының 35 Дж-ден аспайтын кинетикалық энергиясы болуға тиіс.
6. Құрылымы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар 
18. Құрылымы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар құрылымындағы қайтарымсыз өзгерістерсіз оларды атыс қаруы ретінде пайдалану және 0,5 Дж/мм 2  асатын кинетикалық энергия үлесі бар снарядтарды ату мүмкіндігін қамтамасыз етпеуге тиіс.
19. Құрылымы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар жауынгерлік иір ойықты атыс қаруынан оны қайта құрастыру және атысқа жарамсыз жағдайға келтіру арқылы жасалынбауға тиіс.
7. Атыс, газды және белгі беру қаруларының оқ-дәрілеріне қойылатын криминалистік талаптар 
20. Ойық, тегіс ұңғылы, ұңғысыз, сондай-ақ газды және белгі беру атыс қаруы патрондарының құрылымы мен гильзаларының материалдары эксперименталдық атыс кезінде оларда қару бөлшектері мен тетіктерінің іздерін сәйкестендіру үшін жарамды сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
21. Ойық атыс қаруы патрондары оқтарының құрылымы мен материалдары сулы немесе талшықты оққаққыштарға эксперименталдық ату кезінде қаруды сәйкестендіруге жарамды іздердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
2-бөлім. Суық, лақтыратын қаруға және сыртқы пішіні бойынша осындай қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистік талаптар 
8. Аңшылық сұқпалы суық қаруға қойылатын жалпы криминалистік талаптар 
22. Осы техникалық талаптар жалпы және арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтарға, тіршілікті сақтауға арналған пышақтар (бұдан әрі - пышақтар) мен аңшылық қанжарларына қолданылады.
23. Жалпы және арнайы аңшылық мақсаттағы пышақтар үш түрге бөлінеді: 
жиналмайтын; 
жиналатын; 
құрастырмалы.
24. Қанжарлар және тіршілікті сақтауға арналған пышақтар екі түрге бөлінеді: 
жиналмайтын;