• Мое избранное
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 28.06.2018 жылғы № 392 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 348, 361 және  373-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны;
2) Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 16 қаңтардағы
 № 73 қаулысымен
 бекітілген
Нысан
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
 
1. Құжат берілген тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері*
2. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға туралы мәлімет (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлға үшін), ЖСН, СТН (жеке тұлға үшін), банк деректемелері*
3. Тауардың атауы
4. КО СЭҚ ТН бойынша коды, олардың мөлшері және құны
5. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғандығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, оған немесе тұлғаның ниетін растайтын өзге құжатқа қосымшалар және (немесе) толықтырулар
6. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары
7. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері
8. Тауарларды сәйкестендіру тәсілдері
9. Қайта өңдеу өнімінің (өнімдерінің) атауы
10. КО СЭҚ ТН бойынша коды, олардың мөлшері және құны
11. КО СЭҚ ТН-ға сәйкес қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы және сыныпталуы, олардың мөлшері және құны
12. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі
13 Балама/шетелдік тауарлармен алмастыру (егер мұндай алмастыру болжамданса)**
14. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі
15. Кеден органдары (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімдерді аяқтау болжанатын)
16. Енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар
17. Ерекше белгілер
Басшы ____________            _____________________________
   (қолы)                   (аты-жөні)
Мөрдің орны
20 ж. « »
Ескертпе:
* деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.
** егер тұлғаға ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды декларациялау үшін берілетін болса толтырылмайды.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 16 қаңтардағы
 № 73 қаулысымен
 бекітілген
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 348, 361 және  373-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – Қайта өңдеу шарттары туралы құжат) беру, сондай-ақ оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу және оны кері қайтарып алу (жою) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың әрекеті тауарларды қайта өңдеуді көздейтін өзге кедендік рәсімдерге қолданылмайды.
3. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арасында бөлінген Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың атауына және сыныпталуына қарай құзыретті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
4. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты бергені үшін төлем алынбайды.
2. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру тәртібі
5. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтінішті;
2) сыртқы экономикалық мәмілені жасағандығын растайтын құжаттың, қосымшаның және (немесе) оған толықтырулардың көшірмесін;
3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Кеден одағы тауарларының және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныпталуын, олардың мөлшері мен құнын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды (технологиялық процеске негізделген) қоса алғанда, қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесін, оларды жасау тәсілдерін, тауарларды сәйкестендіру тәсілдерін, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу бойынша мерзімдерді ұсынады.
6. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы, басшының не оны алмастырушы тұлғаның қолымен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай тұлғаның мөрі болса, өтініш берушінің мөрімен куәландырылады.
7. Өтінішті уәкілетті орган, оған қоса берілген құжаттармен бірге ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
8. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша бір данада ресімдейді, басшы немесе оны алмастырушы тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге беріледі.
9. Мынадай:
1) Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
2) шетелдік тауарларды, Кеден одағының тауарларын және қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын сот шешімі (қаулысы, ұйғарымы) заңды күшіне енген жағдайларда уәкілетті орган Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
10. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімі шегінде бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша нысанда мәлімдеушіге хабарлайды.
Қайта өңдеу шарттары туралы құжат бойынша уәкілетті орган Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тартқан себептер жойылғаннан кейін оны беруге қайтадан өтініш ұсынуға болады, ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.
Белгіленген мерзімде дәлелді бас тарту ұсынылмаған жағдайда Қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген болып саналады және уәкілетті орган бес жұмыс күнінің ішінде оны өтініш берушіге береді.
11. Қайта өңдеу шарттары туралы құжат жоғалған немесе бүлінген жағдайда өтініш берушінің дәлелді жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган оң жақ бетіне «Телқұжат» деген жазбаны қоя отырып Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телқұжатын береді. Бұл ретте телқұжаттың артқы жағына телқұжатты берген тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. көрсетіледі, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастырушы тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Телқұжатты беру туралы өтініш Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты жоғалту немесе бүлдіру себебін және жағдайды көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телқұжатын уәкілетті орган өтінішті тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде береді.
Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телқұжатын бергені үшін төлем алынбайды.
3. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі
12. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген не дара кәсіпкер болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер өзгерген;
2) Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге негіз болған құжаттардың бірінің немесе бірнешеуінің қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушінің дәлелді жазбаша өтініш бойынша Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерді өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін.
13. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш осындай өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың қажеттілігін негіздей отырып және енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
Өтініш тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға беріледі.
14. Уәкілетті орган өтінішті ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.
15. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы не осындай өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда өтініш берушіге ұсынылады.
4. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алу (жою) тәртібі
16. Мынадай:
1) Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты берген сәттен бастап дұрыс емес мәліметтер анықталған (белгіленген);
2) өтініш беруші кедендік аумақта/аумақтан тыс немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің әрекет етуі мерзімі ішінде кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда;
4) өтініш берушінің жазбаша дәлелді өтініші бойынша;
5) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның дәлелді өтініші бойынша уәкілетті орган Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алады (жояды).
17. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алу (жою) туралы шешімді уәкілетті орган жазбаша нысанда ресімдейді және Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде мәлімдеушіге жолдайды.
Тауарларды кедендік
 аумақта/аумақтан тыс және ішкі
 тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары
 туралы құжатты беру, оған өзгерістер/
 немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ
 оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларына
 1-қосымша
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, қайта өңдеудің соңғы өнімдерінде оларды Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптау кезінде тауарларды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арасында бөлу
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру кезінде Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың сыныптау кодтары мынадай мемлекеттік органдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар арасында бөлінген:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
КО СЭҚ ТН-ның І бөлімі – Тірі жануарлар: жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттар (0501 00 000 0 позициясынан басқа);
КО СЭҚ ТН-ның ІІ бөлімі – өсімдіктерден алынған өнімдер (1203 00 000 0 позициясынан басқа);
КО СЭҚ ТН-ның ІІІ бөлімі – жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған тоң майлар және майлар, оларды ыдырататын өнiмдер; дайын азық-түлік тоң майлар; жануарлардан немесе өсiмдiктерден алынған балауыздар (1520 00 000 0, 1521, 1522 00 позициялардан басқа);
КО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – 16, 17, 18, 19, 20, 21-топтың; 22-топтың (– 2201, 2202 позициялары және 23-топтың (2305 00 000 0, 2307 00 позицияларынан басқа) дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; темекі және оның алмастырғыштары;
КО СЭҚ ТН-ның VІІІ бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлдір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және оларға ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (VІІІ бөлімнен жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа, 41-тобының 4101, 4102, 4103 – позициялары, 43-тобының 4301 – позициясы);
КО СЭҚ ТН-ның ІХ бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-тобының 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары; 51-тобының 5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0, 5105 – позициялары; 52-тобының 5201 00, 5202, 5203 00 000 0 – позициялары; 53-тобының 5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позициялары);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
КО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – Дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; темекі және оның алмастырғыштары 22-тобының 2203-2208 – позициялары, көлемі 80 % немесе одан көп спирт концентраттары бар денатурирленбеген этил спиртін қоспағанда, спирт концентратының көлемі 80 % аз денатурирленбеген этил спирті (2207 және 2208 позициялар); 24-тобының 2402 және 2403 – позициялары).
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
КО СЭҚ ТН-ның V бөлімі – Минералды өнімдер (25, 26-топтар);
КО СЭҚ ТН-ның VI бөлімі – Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері;
КО СЭҚ ТН-ның VIІ бөлімі – Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар;
КО СЭҚ ТН-ның VIII бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа, сондай-ақ 41-тобының 4101, 4102, 4103, және 43-тобының – позициялары);
КО СЭҚ ТН-ның IX бөлімі – Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе өруге арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да өрілген бұйымдар;
КО СЭҚ ТН-ның X бөлімі – Сүректен жасалған масса немесе басқа да талшықты целлюлозадан жасалған материалдар;
КО СЭҚ ТН-ның XI бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-тобының 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары); 51-топ (5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0 – позицияларынан басқа); 52-топ (5201 00, 5202 позицияларынан басқа); 53-топ (5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позицияларынан басқа); 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-топтары (6306, 6307, 6308 00 000 0, 6309 00 000 0, 6310 – позицияларынан басқа);
КО СЭҚ ТН-ның XIІ бөлімі – Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбыртқылар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар және олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар (66 және 67-топтардан басқа);
КО СЭҚ ТН-ның XIІІ бөлімі – Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; керамикалық бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар;
XІV бөлімі КО СЭҚ ТН-ның – Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металл жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; монеталар;
КО СЭҚ ТН-ның XV бөлімі – Қымбат бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар;
КО СЭҚ ТН-ның XVІ бөлімі – Машиналар, жабдықтар және механизмдер; электро техникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары;
КО СЭҚ ТН-ның XVІІ бөлімі – жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін құралдар және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар;
КО СЭҚ ТН-ның XVІІІ бөлімі – Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; музыкалық аспаптар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары;
КО СЭҚ ТН-ның XІX бөлімі – Қару және оқ-дәрілер; олардың бөлшектері және керек-жарақтары;
КО СЭҚ ТН-ның XX бөлімі – Әртүрлі өнеркәсіп тауарлары (94-тобының 9403 20, 9403 30, 9403 40, 9403 50, 9403 60 – позициялары).
4) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі:
КО СЭҚ ТН-ның V бөлімі – «Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар» қоспағанда, минералды өнімдер (27-топ), 2701, 2702, 2703 00 000 0, 2704 00, 2705 00 000 0, 2706 00 000 0, 2707, 2708, 2710 19 710 0 – 2710 19 990 0, 2710 91 000 0, 2710 99 000 0, 2712, 2713, 2714, 2715 00 000 0, 2716 00 000 0 кіші субпозициялары.
Тауарларды кедендік
 аумақта/аумақтан тыс және ішкі
 тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары
 туралы құжатты беру, оған өзгерістер/
 немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ
 оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларына
 2-қосымша
Нысан
  • 2
Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш
__________________________________________________________
 (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
_________________________________________________________дан
 (Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
 (Кеден одағының кедендік аумағында/нан тыс, ішкі тұтыну үшін, қайта
өңдеудің түрін көрсету)
 _____________________________________________________________________
 ______________________________________________ Қайта өңдеу шарттары
 ______________________________________туралы құжатты беруді сұраймын
 _____________________________________________________________________
Қажетті мәліметтер:
       1. Тұлғаның атауы _____________________________________________
           (Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)
 _____________________________________________________________________
 (мекенжайы, БСН, СТН (з.т.үшін), СТН, ЖСН (ж.т.үшін), банктік деректемелер)
 _____________________________________________________________________
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын (жасаушы)
 тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер __________________________________
 _____________________________________________________________________
 (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (з.т.үшін ), СТН, ЖСН (ж.т.үшін),
банктік деректемелер) *
      3. Тауардың атауы _____________________________________________
      4. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды, оның мөлшері мен құны____
 __________________________________________________________________
5. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғандығын растайтын
құжаттар, оған қосымша және (немесе) толықтыру немесе тұлғаның ниетін
 растайтын өзге құжаттар туралы мәліметтер __________________________
 ____________________________________________________________________
      6. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары _____________________
 ____________________________________________________________________
7. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау
 тәсілдері____________________________________________________________
       8. Тауарларды сәйкестендіру тәсілі ___________________________
 ____________________________________________________________________
9. КО СЭҚ ТН-ға сәйкес қалдықтар мен артық қалдықтардың, атауы,
 жіктелуі, олардың мөлшері мен құны _________________________________
 ____________________________________________________________________
       10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ___________________________
       11. Балама/шетелдік тауарлармен алмастыру ____________________
 ____________________________________________________________________
       (егер мұндай алмастырулар болжанғанда)**
12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың
 мүмкіндіктері ______________________________________________________
 ____________________________________________________________________
       13. Кеден органдары __________________________________________
      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру
 ____________________________________________________________________
және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
      14. Қоса берілген құжаттар ___________________________________
 ____________________________________________________________________
Басшы _____________      ____________________________
   (қолы)                   (аты-жөні)
Мөрдің орны
20 ж. « » ______
Өтініш қарауға қабылданды 20 ж. « » ______ Кіріс №
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады.
** Егер тұлғаға ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды декларациялау үшін берілетін болса толтырылмайды.