Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 140-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 маусымдағы N 7025 тіркелді
Редакция 20.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан мемлекеттік базалық зейнетақыны есепке ала отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу»;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Әлеуметтік жеке код беру (телнұсқа беру)»;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру».
2. Стратегиялық даму және жоспарлау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрі
_____________А. Жұмағалиев
2011 жыл 20 мамыр
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 140-ө бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Бала туғанда берілетін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бала туғанда берілетін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
Электрондық мемлекеттік қызметтің осы түрі бұрын құжаттарын «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға (бұдан әрі – «ЗТМО» РМҚК) қағаз жеткізгіште тапсырған және электрондық мемлекеттік қызмет алу сәтіне «ЗТМО» РМҚК «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «ЗТМО» ААЖ) дерекқорында электрондық түрде тұтынушы туралы деректері бар тұтынушыларға көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұсынылады.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: интерактивті.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрі – АКҚҚ) – оның мағынасын жасыру не/немесе аутентификациясын қамтамасыз ету (аутентификация деп ақпараттың түпнұсқа екенін анықтау түсініледі және алынған ақпарат бұрмаланбай берілді дегенді білдіреді) мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдері мен әдістері;
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
3) әлеуметтік жеке код (бұдан әрі – ӘЖК) – азаматқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
5) интерактивті қызмет – өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша және тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – «электрондық үкіметің» қатысушыларына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
7) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
8) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
9) мемлекеттік электрондық қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер. 10) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
11) Ұлттық куәландырушы орталық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ҰКО» АЖ) – тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің деректерін сәйкестендіру үшін пайдаланатын жүйе;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
13) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
14) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – «ЭҮП» АЖ) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі адымдық әрекеттері мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
1) тұтынушы ЖСН көмегімен «ЭҮП» АЖ-ға тіркеуі жүзеге асырады («ЭҮП» АЖ-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – «электрондық үкімет» порталындағы тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру үдерісі (ЖСН және пароль), 1-ақпараттық жүйеден (1-АЖ) электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу;
3) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);
5) 4-үдеріс – сәйкестендіру деректерін және «ҰКО» АЖ-да тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;
6) 1-шарт –тұтынушының АКҚҚ-сын пайдаланумен тіркеу куәлігінің мерзімін және тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру;
7) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;