"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 208 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 8 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 208 қаулысымен бекітілген
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары
1. Осы Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттіліктерінің растамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттіліктерінің растамасын ұсыну тәртібін көздейді.
2. Осы Қағидалар этникалық қазақ болып табылатын көшіп келушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде келген тұлғаларға қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде білім алушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар (бұдан әрі - көшіп келушілер) жатады.
4. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, білім беру қызметтерін көрсету шарттары жасалғанға дейін көшіп келушілер білім беру ұйымдарына ағымдағы банктік шоттың жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
5. Ағымдағы банктік шоттың сомасы көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымы арасындағы шартта белгіленетін оқу ақысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес белгіленетін тұру ақысының құнынан кем болмауы тиіс.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |