Toggle Dropdown
Тауар биржалары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 20 наурыз N 1604. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.04.17. N 2172 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасында тауар биржаларын құру мен олардың жұмыс iстеуiнiң, биржалық сауда жүргiзу мен тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудiң жалпы құқықтық негiздерiн айқындау мақсатында қаулы етемiн:
1. Тауар биржасы (бұдан былай мәтiн бойынша "биржа" (өзi белгiленген сауда тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта тұрақты жария көпшiлiк сауда өткiзу жолымен биржалық тауарларды көтерме сату жөнiндегi ұйымдастырушы және реттеушi қызметтi жүзеге асыратын кез келген меншiк нысанына негiзделген, заңды тұлға құқы бар дербес ұйым болып табылады деп белгiленсiн.
2. Биржа - өз мүшелерiне табыс төлеу үшiн пайда алуды мақсат етiп қоймайтын субъект деп саналсын.
3. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарларға көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастырушылық және реттеушi қызметтi жүзеге асырады деп белгiленсiн. Биржаларға биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез-келген өзге қызметтi жүзеге асыруға, қызметi биржалық тауарларды көтерме сату жүргiзуге тiкелей байланысты емес кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың салымдарын жүзеге асыруға, үлесiн (пайын), акцияларын алуға тыйым салынады.
4. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сапалы тауар, оның iшiнде аталған тауарға жасалған стандартты контракт пен коносамент биржалық тауар болып табылады деп белгiленсiн. Биржа жария көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама талаптары мен қолданылып жүрген стандартқа жауап беруге тиiс. Қозғалмайтын мүлiк пен интеллектуальдық меншiк объектiлерi биржалық тауарлар бола алмайды.
5. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылардың биржа тiркеген шарты (келiсiм, контракт) биржалық мәмiле болып табылады деп саналсын. Биржалық мәмiленi тiркеу және рәсiмдеу тәртiбiн биржа белгiлейдi. Биржада жасалған, бiрақ тiркелмеген және белгiленген тәртiппен рәсiмделмеген мәмiлелер жарамсыз деп саналады. Мұндай мәмiлелерге биржаның кепiлдiгi таратылмайды.
6. Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда барысында:
нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге;
берiп тұру мерзiмi ұзартылған нақты тауарға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге (форвардты мәмiлелер);
биржалық тауарды келешек берiп тұруға арналған стандартты контрактыларға қатысты құқықтар мен мiндеттердi өзара алысып-берiсуге (фьючерлiк мәмiлелер);
биржалық тауарға немесе биржалық тауарды берiп тұруға арналған контрактыға қатысты құқықтар мен мiндеттердi келешек алысып-берiсу құқығын беруге (опциондық мәмiлелер);
биржалық сауда ережесiнде белгiленген биржалық тауарға, контрактыға қатысты мәмiлелердi жасаса алады деп белгiленсiн.
7. Тек қана делдалдық фирмалар, делдалдар, дилерлер мен бiр мәрте келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады деп белгiленсiн және оны ұйымдастыру:
клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен (брокерлiк қызмет) биржалық мәмiле жасау;
кейiн биржада қайта сату мақсатымен (дилерлiк қызмет) өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;
бiр мәрте келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау жолдарымен жүзеге асырылады.
8. Биржаға өз брокерлiк фирмалары мен брокерлiк кеңселерiн ұйымдастыруға тиым салынады, бiрақ ол қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде қызметiне осы Жарлықтың және олар орналасқан ел заңдарының күшi тарайтын өз филиалдары мен басқа да бөлiмшелерiн құруға құқылы. Биржаның лауазымды адамдары тәуелсiз делдал бола алмайды.
9. Биржалар ерiктi түрде және өз мүшелерiнiң келiсiмiмен немесе жалпы жиналысының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiрлескен оның iшiнде бiрлескен саудалар ұйымдастыру жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн биржалық одақтар, қауымдастықтар және басқа бiрлестiктер құра алады деп белгiленсiн.
10. Биржаны заң жүзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады және ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзiнiң құрылтайшылық құжаттары: биржалық лицензиялар, биржа құрылтайшылары жалпы жиналысының шешiмi мен биржа жарғысы тiркелген күннен бастап заңды тұлға мәртебесiне ие болады деп белгiленсiн.
11. Биржалық лицензияны биржаға мынадай шарттар ескерiлген жағдайда өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi мемлекеттiк органы бередi:
құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерiнiң осы
Жарлыққа, Қазақстан Республикасының өзге де заң және нормативтiк
актiлерiне сәйкестiгi анықталса;
жарғылық капиталға қосылған салым сомасы оның жарияланған
сомасының кемiнде жетпiс процентiн құраса.
Биржалық лицензияларды беру, оларды жою және әрекетiн
тоқтата тұру тәртiбi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
бекiткен тауар биржаларын лицензияландыру туралы Ережемен
белгiленедi.
12. Биржаның жарғысында:
биржаның атауы, түрi және мекен-жайы;
биржаға мүше қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату
тәртiбi;
биржаның негiзгi мiндеттерi;
биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа қатысушылардың
құқықтары мен мiндеттерi;
биржа мүшелерiнiң мүлiктiк жауапкершiлiгi;
жарғылық капиталының мөлшерi;
биржа құрайтын қорлардың тiзбесi мен қалыптасу тәртiбi;
биржа басқару құрылымы және бақылау органдары, олардың функциялары мен құқықтылығы, шешiм қабылдау тәртiбi;
биржалық саудаға қатысушылар арасындағы биржалық мәмiлелер, биржаның, оның филиалдарының және басқа дараланған бөлiмдерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен реттеу жөнiндегi дауларды шешу тәртiбi;
биржа мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша оның қызметiн тоқтату тәртiбi белгiленуге тиiс.
13. Биржадағы брокерлiк орындарды алатын заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде шетелдiк тұлғалар биржа мүшелерi бола алады.
Биржа мүшелігiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату тәртiбiн оның құрылтайшыларының жалпы жиналысы белгiлейдi.
Биржа мүшелiгiне қабылдау биржа беретiн тиiстi куәлiкпен расталынады.
Биржаның түрiне қарамастан көпшiлiк саудаға қатысуға;
биржа мүшелерiнiң жалпы жиналысында шешiм қабылдауға, сондай-ақ биржаның басқа да басқару да органдарының жұмысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқылы;
биржалық саудаға қатысуға өз құқығын тек бiр ғана заңды немесе жеке тұлғаға тапсыруға (шартпен белгiленген мерзiмге беруге) құқылы. Шарт биржада тiркелуге тиiстi. Биржалық саудаға қатысу құқығын қайталап тапсыруға (субаренда) жол берiлмейдi.
15. Осы немесе басқа бiр тауар биржасының қызметшiлерi;
егер басшы қызметкерлерi, оның iшiнде олардың филиалдарының және басқа дараланған бөлiмшелерiнiң басшылары осы биржаның қызметшiлерi болса, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар;
қоғамдық, дiни және қайырымдылық бiрлестiктер (ұйымдары) мен қорлары;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алмайтын жеке тұлғалар биржаға мүше бола алмайды.
16. Биржаның басқару органдары: биржа мүшелерiнiң жалпы жиналысы, биржалық кеңес болып табылады деп белгiленсiн.
Биржаның бақылау органы тексеру комиссиясы болып табылады.
Биржа мүшелерiнiң жалпы жиналысы биржаны басқарудың жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттемелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Биржаның басқару және бақылау органдарының функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi биржаның нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
17. Биржалық сауда ережесi:
биржаның негiзгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң функцияларын;
биржалық саудаға қатысушыларды алдағы болатын жария көпшiлiк сауда туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржада осы сауданы өткiзу тәртiбiн;
биржалық мәмiле түрлерiн;
оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
биржалық тауарлар бағасын котировкалау тәртiбiн;
биржалық саудаға қатысушыларды өткен жария көпшiлiк саудадағы биржалық мәмiлелер туралы, оның iшiнде биржалық мәмiлелердiң бағалары мен биржалық тауарлар бағаларын котировкалау туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржа мүшелерiн және биржалық саудаға басқа да қатысушыларды тауар нарқы мен биржалық тауарлардың нарықтық конъюнктуралары туралы хабардар ету тәртiбiн;
биржалық мәмiлелер жасасу кезiнде биржа мүшелерi мен биржалық саудаға басқа да қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртiбiн;
бағаның күрт артуына немесе төмендеуiне, бағаны қолдан өсiруге немесе төмендетуге, ауыз жаласуға немесе бағаға әсер ету үшiн жалған қауесет таратуға жол бермеу мақсатымен биржадағы баға белгiлеу процесiн бақылау жөнiндегi шараларды;
биржа өткiзетiн жария көпшiлiк саудаларда мұқияттылық пен тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды, сондай-ақ осы шараларды қолданудың тәртiбi мен шарттарын;
биржа мүшелерiнiң және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың мемлекеттiк өкiмет органдарының шешiмдерiн бұзбауын қамтамасыз ететiн шараларды;
биржаның биржалық саудаға қатысушылардан айыппұл алатын тәртiп бұзушылықтардың тiзбесiн, сондай-ақ айыппұл мөлшерi мен оларды алу тәртiбiн;
ақша аударудың, алымдардың, тарифтердiң, басқа да төлемдердiң мөлшерi мен оларды биржаның алу тәртiбiн қарастыруға тиiс.
18. Биржалық саудаға қатысушының талап өтуi бойынша биржа жария көпшiлiк арқылы өткiзiлетiн нақты тауарлар сапасын олардың нормативтiк құжаттар талабына сай келуiне бiлiктi сараптауды ұйымдастыруға мiндеттi деп белгiленсiн.
19. Мәмiлелердi кепiлдi орындау үшiн биржа есеп айырысу мекемесiн құру (клирингтiк орталықтар) немесе банкпен яки кредиттiк мекемемен шарт жасасу жолымен есеп айырысу қызметiн ұйымдастыра алады деп белгiленсiн. Клирингтiк орталықтар биржалық саудаға қатысушылардың биржаға тәуелсiз ұйымы ретiнде құрылуы мүмкiн.
20. Клирингтiк орталықтар:
форвардтық, фьючерлiк және опциондық мәмiлелердi орындауға және осы мәмiлелер бойынша мiндеттемелердi толық немесе iшiнара орындамаудың салдарынан туындаған шығынның орынын толтыруға кепiлдiк беретiн жарналардың түрлерiн, мөлшерiн және алу тәртiбiн белгiлеуге, сондай-ақ осы мәмiлелерге қатысушылардың басқа да қаржылық мiндеттемелерiн анықтауға;
белгiленген тәртiппен форвардтық, фьючерлiк және опциондық мәмiлелерге қатысушыларға осы мәмiлелердi кепiлдендiру үшiн, сондай-ақ олар орындалмаған жағдайда шығынды өтеу үшiн қажеттi шекте кредит беру және сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
биржа мен оның бөлiмшелерi көрсететiн қызметтер үшiн оның мүшелерiнен, биржалық саудаға басқа да қатысушылардан биржаның пайдасына алынатын төлем ставкаларын;
биржа жарғысын, биржалық сауда ережесiн, биржа белгiлеген басқа да ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлдарды жеке дара белгiлеуге құқылы.
биржалық тауарға бағаның деңгейi мен шегiн;
биржалық мәмiлелерге делдалдық еткенi үшiн биржалық саудаға қатысушылар алатын сыйақының мөлшерiн белгiлеуге тиым салынады.
Қызметтер үшiн және комиссиялық алымдардан биржалық саудаға қатысушылар алатын тарифтер прейскуранты биржалық саудаға қатысушылардың кез келгенi танысуға мүмкiндiк алатын жерде тұруға тиiс.
23. Биржалық мәмiлелер жасауға байланысты даулар биржаның төрелiк комиссиясында, сотта немесе төрелiк сотта қаралады. Биржаның төрелiк комиссиясы туралы және дауларды қарау тәртiбi туралы ережелердi биржа мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi. Биржаның төрелiк комиссиясының шешiмi белгiленген тәртiппен сотта немесе төрелiк сотта шағымдала алады.
24. Биржалар мен биржалық саудаларға қатысушыларға, сондай-ақ биржалық сауданың басқа да қатысушыларына салық салу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
25. Биржа өз қызметiнiң нәтижесiне оперативтi және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi жүзеге асырады, статистикалық есеп жүргiзедi. Статистикалық есеп беру нысаны мен оны тапсыру тәртiбiн мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi. Биржаның лауазымды адамдары мемлекеттiк статистикалық есеп берудi бұрмалағаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
26. Көпшiлiк сауда өткiзу дәрежесi бойынша биржалар:
биржалық саудаға тек биржаның мүшелерi ғана қатысатын жабық;
биржалық саудаға биржаның мүшелерiмен қатар келушiлер де жiберiлетiн ашық болуы мүмкiн.
27. Тауар биржаларының қызметiн мемлекеттiк реттеудi және бақылауды Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi мемлекеттiк органы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi мемлекеттiк органының құрамына қызметi тауар нарықтарын реттеу мен бақылауға байланысты мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi енгiзiледi, биржалық одақтардың, қауымдастықтардың, iскер адамдардың басқа да қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, сондай-ақ тауар биржалары жөнiндегi жетекшi маман-сарапшылар енгiзiледi.
28. Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi мемлекеттiк органының функциялары:
биржалық лицензиялар беру;
Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзу;
биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау;
биржа қызметi мен биржалық сауданың дамуын зерттеу;
биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу;
Мемлекеттiк органда қызмет бабын пайдаланғаны және биржалық сауда туралы заңдардың бұзылғаны жөнiндегi биржалық саудаға қатысушылардың шағымдарын қарауды ұйымдастыру болып табылады.
29. Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi Мемлекеттiк органы:
тауар биржалары туралы қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыруға;
Заңдарды бұзғаны, Мемлекеттiк органның ұйғарымын орындамаған немесе мезгiлiнде орындамаған жағдайларда биржаға немесе биржалық саудаға қатысушыларға тиiстi санкциялар қолдануға;
биржаға мемлекеттiк инспектор тағайындауға;
Қазақстан Республикасының қаржы бақылау органдарымен келiсе отырып, биржалар мен биржалық саудаға қатысушылардың қызметiне аудиторлық тексеру ұйымдастыруға;
биржалардан, есеп айырысу мекемелерiнен (клирингтiк орталықтардан) және биржалық саудаға қатысушылардан есеп-қисап құжаттамаларымен статистикалық есеп берудi талап етуге;
қолданылып жүрген заңдарды бұзған биржаларға және олардың мүшелерiне санкция қолдану үшiн материалдарды сотқа немесе төрелiк сотқа жiберуге, ал қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге құқылы.
30. Биржадағы мемлекеттiк инспектор биржаның және биржалық саудаға қатысушылардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауына тiкелей бақылауды жүзеге асырады және:
биржа ұйымдастыратын жария көпшiлiк саудаға қатысуға;
кеңесшi дауыс құқығымен биржа мүшелерiнiң, оның секцияларының (бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң) жалпы жиналысына қатысуға;
биржаны басқару мен бақылау органдары жиналыстарының және мәжiлiстерiнiң барлық хаттамалары мен шешiмдерiн қоса биржаның қызметi туралы ақпаратпен танысуға;
биржа басшылығына ұсыныстар енгiзуге және ұсынымдар жасауға;
Қазақстан Республикасының Тауар биржалары жөнiндегi мемлекеттiк органына ұсыныстар мен кеңестер енгiзуге;
31. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк органына, оның лауазымды адамдарына және қызметшiлерiне коммерциялық ақпараттардан тұратын тауар биржаларының, биржа делдалдарының, биржалық саудаға қатысушылардың қызметтерi туралы ақпаратты жария етуге тыйым салынады.
32. Iс-әрекеттерi биржалық мәмiлелердi орындамауға немесе мәмiлеге қатысушыларды зиянға ұшыратуға әкелiп соққан мемлекеттiк өкiмет органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
33. Биржаның қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған негiздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн деп белгiленсiн.
34. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.
Тауар биржалары жөнiндегi Мемлекеттiк орган туралы Ереженi
оның құрылымын, сондай-ақ Тауар биржаларын лицензиялау туралы
Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3
5. Осы Жарлық Заң күшiне ие және жаңадан сайланған Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Тауар биржалары туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын қабылдағанға дейiн әрекет етедi.
Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
36. 1991 жылғы 13 маусымдағы "Тауар биржалары туралы"
Қазақ КСР-i N 663 Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,
1991 ж., N 25, 314-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы қаласы 1994 жылғы 20 наурыз
N 1604