• Мое избранное
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6164 болып енгізілді

Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 8 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 02.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2025 жылғы № 78 Қаулысына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 8 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                     Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 25 қаулысымен бекітілді
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 8 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 жылғы № 8 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (23.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 жылғы № 82 Қаулысымен (12.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының адал іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтанушыларға зиян келтірудің алдын алу мақсатында, осы Талаптармен сақтандыру қызметіндегі жосықсыз практикалардың түрлері мен белгілері, оларды анықтау тәртібі, сақтанушылардың жолданымдарын қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтанушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларға қойылатын талаптар белгіленеді.
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды реттейтін ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 142 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа 07.02.2011 енгізіледі 2-т. қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 101 Қаулысына сәйкес (14.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
2) тапсырма шарты – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен ерікті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
2-1. Сақтандыру ұйымы, оның қызметкерлері және сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде жосықсыз практикаларға жол бермейді.
Осы Талаптар 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жосықсыз практикалар түрлеріне оның ішінде мыналар жатады:
1) сақтанушыны оның мәлімделген қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін сақтандыру өнімін сатып алуға ынталандыру;
2) сақтандыру өнімінің елеулі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты жасыру, бұрмалау не толық ашпау;
3) сақтандыру өнімін немесе сақтандыру ұйымын таңдау еркіндігін шектейтін жағдайлар жасау;
4) сақтандыру өнімдерін және (немесе) қосымша қызметтерді таңу, сондай-ақ оларды сатып алудан бас тарту құқығы туралы ақпаратты жасыру;
5) сақтанушыны жаңылыстыратын не оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік).
Сақтандыру өнімдерін ұсыну кезінде сақтандыру ұйымдары өз қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қызметінің жосықсыз іс-қимыл, жосықсыз практикалар тәуекелдерін анықтау және алдын алу және олардың алдын алу мен жою үшін қажетті түзету шараларын қабылдау мақсатында ішкі құжаттармен айқындалатын тәртіппен және кезеңділікпен тұрақты мониторингті қамтамасыз етеді. Қызметтің тұрақты мониторингі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
сақтандыру өнімдерін түпкілікті сатып алуды жүргізу;
сақтандыру өнімдері бойынша жолданымдар туралы деректерді талдау;
сақтанушылардың көрсетілген сақтандыру қызметтерімен қанағаттануын өлшеу.
2-2. Сақтандыру ұйымы қызмет көрсету тәсіліне қарамастан консультация беру және сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты сақтанушыға жеткізудің міндетті тізбесін, мазмұнын, нысанын және дәйектілігін белгілейтін ішкі құжатты (сақтандыру өнімдері бойынша ақпаратты ашу жөніндегі нұсқауды) бекітеді.
Осы Талаптар 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2026 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ішкі құжат сақтандыру ұйымының барлық қызметкерлері мен сақтандыру агенттерінің қолдануы үшін міндетті және сақтандыру ұйымы олардың қызметін оқыту, бақылау және мониторингтеу кезінде пайдаланады.
Сақтандыру ұйымының қызметкерлері мен сақтандыру агенттері сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты ашуды консультация берудің, сақтандыру шартын жасау мен ілеспе қызмет көрсету кезеңдерінде тегін жүзеге асырады.
Сақтандыру өнімі, сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ашылатын ақпарат шынайы нысанда баяндалады, анық және әртүрлі түсіндіруге болмайтын мағынаға ие болады.
Сақтанушымен сақтандыру шарты жасалғанға дейін сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенттері сақтанушыға жазбаша нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
сақтандыру өнімінің ерекшеліктері, шарттары мен тәуекелдері туралы ақпаратты қоса алғанда, қысқа және қолжетімді нысанда сақтандыру өнімі туралы негізгі ақпаратты қамтитын негізгі ақпараттық құжат;
сақтандыру шартының жобасы – сақтанушының қалауы бойынша.
Сақтанушының көрсетілген құжаттармен танысуы оның қолымен расталады және сақтандыру шартын жасасу кезінде осы сақтандыру шарты бойынша сақтанушының сақтандыру досьесіне қоса тіркеледі.
Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау кезінде сақтанушының осы тармақта көзделген құжаттармен танысуы сақтанушының сақтанушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін электрондық нысанда тиісті белгі қоюымен, сондай-ақ мұндай танысудың күні мен уақытын растайды.
Сақтанушымен оның жеке қатысуынсыз, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасау кезінде ақпаратты ашу жеке өзара іс-қимылмен салыстырылатын көлемде және форматта жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың мүмкіндіктері мен түсіну деңгейін ескере отырып, ақпаратты ашу тәсілдерін бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ақпаратты ашу олардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады және оларға осы тармақта көзделген ақпараттан басқа, қолжетімді қызмет көрсету арналары мен оларды пайдалану тәртібі, бейімделген қызмет көрсету кеңселері мен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының болуы мен жұмыс режимі, құжаттар мен ақпарат алу форматтары, сақтанушының не оның өкілінің өтініші бойынша жекелеген қызмет көрсету арналарын шектеу немесе ажырату мүмкіндіктері, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезіндегі шектеулер және оларды белгілеу тәртібі, сондай-ақ құжаттарға қол қою, сақтанушының ерік білдіруін растау және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильді қосымша, жеке кабинет немесе өзге де ақпараттық арналар арқылы қызмет көрсету кезінде сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің консультацияларын алу тәсілдері туралы мәліметтерді жіберуді қамтиды.
Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың офистерде, сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында және мобильді қосымшада сақтандыру өнімдері туралы жалпы ақпаратқа тұрақты және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің сақтанушымен (сақтандырудың ерікті түрлері бойынша) сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 142 Қаулысымен (01.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014 жылғы № 168 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (27.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 101 Қаулысына сәйкес (14.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2025 жылғы № 78 Қаулысымен (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;
сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;