Toggle Dropdown
Осы редакция 19.01.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 82-ө Өкімі
Toggle Dropdown
Ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау және Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік-экономикалық қолдау саласында мемлекеттік органдардың "Бота" қоғамдық қорымен өзара іс-қимылын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған қаржыландырылуы "Бота" қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мақұлдансын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
Toggle Dropdown
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;