Bestprofi Logo

Бұйрық № 02-01-02/191 от 2012-12-29г./Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2014 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-01-02/191 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 8263 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрығымен бекітілген, Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме):

«8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Президент Әкімшілігі дайындаған Агенттікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.»;

«9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістеменің 1 -17 тармақтарына сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.»;

К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;

Р1 – «кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлерді іріктеу» көрсеткіші;

Р2 – «үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу» көрсеткіші;

Р3 – «кандидатураларды кадр резервінен іріктеу» көрсеткіші;

Р4 – «ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші».

Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 12 балл болып саналады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. «ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

a – ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны (оның ішінде мемлекеттік органда төменгі және тең лауазымдарына тағайындалғандар);

b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;

k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (2-ге тең);

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 2 балл болып саналады.

Есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы санына «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» бағыттары бойынша ауысу тәртібімен қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік органның өз ішінде ауысу тәртібімен жоғары лауазымға тағайындалған адамдар қосылмайды.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 4, 5, 7, 9, 12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;

Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;

Р2 – «мемлекеттік органның штатының жасақталуы» көрсеткіші;

Р3 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;

Р4 – «қызметкердің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде осы мемлекеттік органдағы орташа еңбек өтілі» көрсеткіші;

Р5 – «білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдар» көрсеткіші.

Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 33 балл болып саналады.»;

«24. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);

a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание