• Мое избранное
"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 411 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 4 мамырдағы
 N 411 қаулысымен
 бекітілген
  • 3
"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану аясы
1. Осы "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы техникалық регламент балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне, олардың тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы техникалық регламент талаптары үйде өндіру процесінде алынған тамақ өнімдеріне қолданылмайды және мыналарды қамтымайды:
1) тамақ өнімдерін таңбалауға және затбелгі жапсыруға тамақ өнімдерімен араласатын материалдарға қойылатын арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар, оның ішінде орауға қойылатын талаптар;
2) өсімдік немесе жануарлар өнімінен жасалып пайдаланылатын генетикалық-түрлендірілген азық-түлік шикізатына арналған арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар.
4. Осы техникалық регламент әрекетіне тәуелді өнім түрлері және олардың Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша коды осы техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) балалар тағамы өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу мүмкіндігі мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуіне және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
2) емдік-алдын алу тағамының азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнайы тағам рациондарында пайдаланылатын мамандандырылған тамақ өнімдері;
3) балалардың шөптен жасалған шайы - шөп негізінде және шөп сығындысынан жасалған шайлар;
4) балалар тамағы өнімдерінің тағамдық құндылығы - қажетті заттар мен энергияда балалар организмінің физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыратын тамақ өнімдері болған кездегі қасиеттерінің жиынтығы;
5) балалар тағамының өнімдері - қажетті заттар мен энергияда балалар организмінің физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері;
6) бейімделіп жасалған сүт қоспалары (ана сүтін алмастырғыштар) - сәби жастағы балалардың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сиыр сүтінің, басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары сүтінің, соя белоктарының негізінде дайындалған, ана сүтін алмастырғыштар ретінде пайдалануға арналған және химиялық құрамы бойынша оған барынша жақындастырылған сұйық немесе ұнтақ нысандағы тағам өнімдері;
7) кейінгі қоспалар - өмірінің 5 айынан асқан балаларды үйлестірілген қосымша тағам өнімдерімен қосып тамақтандыруға арналған сиыр сүтінің, басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары сүтінің, соя белоктарының негізінде бейімделіп немесе ішінара бейімделіп жасалған қоспалар;
8) қосымша тағам өнімі - физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, жануарлар және/немесе өсімдік өнімдері негізінде жасалған, ана сүтіне, оны алмастырғышқа немесе кейінгі қоспаларға қосымша ретінде бір жас шамасындағы балалар рационына енгізілетін тамақ өнімдері;
9) астық дәндері қосылған тағамдар - әртүрлі ұн мен жарма түрлерінен, оның ішінде астық емес ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;
10) астық-сүт қосылған тағамдар - өнім салмағының кемінде 25% мөлшерінде сүтті қоса отырып әртүрлі ұн мен жарма түрлерінен, оның ішінде астық емес ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;
11) жеміс-көкөніс қосылған тағамдар - жемістерден, көкөністерден, жидектерден, оның ішінде өнім салмағының 20%-дан аспайтын өзге де ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;
12) жеміс-сүт тағамдары - өнім салмағының 25%-дан аспайтын мөлшерінде сүт өнімдерін қоса отырып, жемістерден, жидектер мен жеміс-көкөніс пюресінен дайындалған тамақ өнімдері;
13) жеміс-дән тағамдары - өнім салмағының 25%-дан аспайтын мөлшерінде әртүрлі ұн, жарма мен үлпек түрлерін қоса отырып, жемістер, жидектер мен жеміс-көкөніс пюресінен дайындалған тамақ өнімдері;
14) ет тағамдары - өнімнің жалпы салмағының кемінде 40 % ет компоненті қамтитын әртүрлі жануарлар мен құс етінен дайындалған тамақ өнімдері;
15) балық және балық кәсіпшілігі емес объектілердің өнімдері - жалпы өнім салмағының кемінде 40 % компонентін қамтитын балықтан және балық кәсіпшілігі емес объектілерінен тамақ өнімдері;
16) ет-өсімдік және балық-өсімдік тағамдары - жалпы өнім салмағының кемінде 20% ет немесе балық компонентін қамтитын өсімдік компоненттерін (жемістерді, көкөністерді, жармаларды, ұнды) қоса отырып, әртүрлі ет түрінен немесе балықтан дайындалған тамақ өнімдері;
17) өсімдік-ет және өсімдік-балық тағамдары - жалпы өнім салмағының кемінде 8 % ет немесе балық компоненті қамтитын етті немесе балықты қоса отырып, өсімдік компоненттерінен (жемістерден, көкөністерден, жармалардан, ұннан) дайындалған тамақ өнімдері;
18) сүт тағамдары - сиыр сүтінен және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларының сүтінен, оның ішінде жалпы өнім салмағының 20 %-нан аспайтын сүтсіз ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;
19) аралас тағамдар - тамақ өнімдерінің әртүрлі топтарының қасиеттерін үйлестіретін, бұл ретте жоғарыда санамаланған топтардың біріне де жатпайтын тамақ өнімдері;
20) сәби жастағы балалардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер - химиялық құрамы баланың тиісті патологиясы кезінде метаболизмнің ерекшеліктеріне сәйкес келетін диеталық (емдік-алдын алу) тамақ өнімдері;
21) диеталық тағам өнімдері - аурулардың алдын алу және (немесе) емдеу мақсатында жекелеген адамдардың санатына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері;
22) энтералды тамақтану - бұл бірқатар аурулар кезінде организмнің энергетикалық және пластикалық қажеттіліктерін табиғи жолмен барабар қамтамасыз ету мүмкін болмағанда қоректік заттар сусындар түрінде ауыз арқылы немесе зонд арқылы енгізілетін нутритивтік қолдау түрі;
23) байытылған өнімдер - аурудың алдын алу мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
24) пробиотиктер - құрамына тірі микроорганизмдер және (немесе) олардың метаболиттері кіретін, ас қорыту тракты микрофлорының құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіре әсер ететін тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (пробиотиктер - эубиотиктер ұғымының синонимі);
25) пробиотикалық өнімдер - пробиотикалық микроорганизмдер мен пребиотиктердің тірі өскіндерін қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;
26) пробиотикалық микроорганизмдер - тірі патогенді емес және токсигенді емес микроорганизмдер, Bifidobacterium, Lactobacillus, Lactococcus, Propionibacterium тектес және басқа да ас қорыту жолдары микрофлорасының қалыпты құрамы мен биологиялық белсенділігін қолдау жолымен адам организміне жағымды әсер ететін адамның қалыпты ішек микробиоценозының және табиғи симбиотикалық ассоциацияларының қорғаныш топтарының өкілдері;
27) пребиотиктер - ішек микрофлорасының қорғаныш өкілдерінің өсуін және (немесе) биологиялық белсенділігін іріктеп арттыратын, сол арқылы оның қалыпты құрамы мен биологиялық белсенділігін қолдауға ықпал ететін тағамдық заттар.
3. Нарықтағы айналым шарттары
6. Мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен балалар тағамы өнімдерінің айналымына рұқсат етіледі.
7. Айналымдағы балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
8. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздық белгісі бар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сатуға жол берілмейді.
9. Балалар тағамдарының өнімдері тиісті сақтау шарттары қамтамасыз етілген кезде ғана тарату пункттері, азық-түлік дүкендерінің, сауда үйлерінің мамандандырылған бөлімдері, емдік-алдын алу және дәріхана ұйымдары арқылы сатылуы тиіс.
10. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сату денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
4. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
11. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыру, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
12. Өнеркәсіптік объектілердің, санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын үй, әкімшілік және жапсарлас-жанастыра салынған ғимараттарда балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
13. Диеталық өнімдерді өндіру жөніндегі объектілерді басқа тамақ өнеркәсібі объектілерімен бірге жекелеген блокта орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде өндіруге рұқсат етіледі.
14. Үй-жайлардың көлемді-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттың, жартылай дайын шикі өнімдер мен дайын өнімнің, ластанған және таза ыдыстардың жалпы, қарама-қарсы және қиылысатын ағымын болдырмайтын өндірістік процестердің ағымдылығын, персоналдың және шикізаттың келіп түсуіне арналған жекелеген кіру жолын көздеуі тиіс.
15. Өндірістік, қойма және қосалқы үй-жайлардағы едендердің беті тегіс, тайғақ емес, жуу және дезинфекциялаушы препараттармен өңдеуге төзімді, рұқсат етілген су өткізбейтін материалдардан жасалуға тиіс.
16. Өндірістік үй-жайлардың төбелері және қабырғалары санитарлық өңдеу үшін жарамды гигиеналық жабындысы болуы тиіс.
17. Үй-жайлардың қорғаныш заттарын әрлеу үшін қолданылатын барлық материалдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуға тиіс.
18. Жер бетіндегі және жер асты көздерінен шаруашылық-ауызсу қажеттілігіне су беретін сумен жабдықтау көздері мен су құбыры құрылыстарында санитарлық қорғаныш аймағының болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
19. Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндірумен байланысты ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін қолданылатын су денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілер  талаптарына сәйкес болуы тиіс.
20. Балалар тағамына арналған ауызсуды тек ауызсу құю желілерінде ғана құюға рұқсат етіледі.
21. Технологиялық қажеттілік үшін жер бетінің су көздерінен алынатын орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау жүйелерінің хлорланған суын (балалар тағамы өнімдерін дайындауға арналған шикізат ретінде) пайдаланған жағдайда оны тригалометаннан (осыған ұқсас суды хлорлайтын өнімдер) толық тазалау қажет.
22. Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін дайындау, өңдеу, өндіру, орау, сақтау, тасымалдау және сату гигиена талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
23. Дайындаушы өнімді осы техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей жағдайда өндіруге тиіс.
24. Өнімнің тиесілі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаушы адал өндірістік практика қағидаттары мен ережесін сақтайды, атап айтқанда:
1) өнімді дайындау технологиялары мен рецептураларын әзірлеу кезінде қатерлерді талдау жүзеге асырылады, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына теріс әсер етуі мүмкін технологиялар өзгерістерін анықтау үшін өндірістік процестердің қауіпті (қатерлі) кезеңдері мен бақылау нүктелері белгіленеді;
2) кәсіпорындарда өнім қауіпсіздігін бақылаудың қажетті анықтығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен және іс-шаралармен бақылауды;
3) өндіру және бақылау бойынша барлық технологиялық операцияларды құжаттауды;
4) технологиялық процесс пен дайын өнімнің аралық кезеңдерінде технологиялық құралдардың, қосалқы материалдар мен өнімнің қажетті бақылауын жүргізуді;
5) өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуді;
6) лауазымдық нұсқаулықтар шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттіктерін белгілеуді;
7) персоналды оқыту және аттестаттауды;
8) дайындаушының шарттарына сәйкес оны тарату және айналымға жіберу кезінде барлық жарамдылық мерзімінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды;
9) өзіндік инспекция және/немесе аудит жүйесін пайдалануды;
10) өнімді, ыдыстарды, өнеркәсіптік орамды тиесілі кәдеге жаратуды жүргізуді;
11) бақылау нәтижелерін хаттамалар, журналдар, актілер нысанында, сондай-ақ техникалық бақылау құралдарының көмегімен құжаттауды.
25. Өндіріс кезінде сынабы бар бақылау-өлшеу приборларын пайдалануға жол берілмейді. Шыны өлшеу приборлары металл сауытта болуға тиіс.
26. Балалар, диеталық, емдік-алдын алу тағамы өнімдерін дайындаудың, жасаудың және басқа да өндіру кезеңдерінің технологиялық процестері технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Сәби жастағы балаларға арналған балалар тағамының өнімдерін шығару санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар мамандандырылған кәсіпорындарда, мамандандырылған цехтарда (немесе мамандандырылған технологиялық желілерде) жүзеге асырылады.
28. Тірі микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жекелеген үй-жай бөлінеді.
29. Ерекше технологиялық және санитарлық-індетке қарсы режимді (ашыту, балалар тағамын бөліп салу, зертханалық бокстарда пробиотикалық өнімдерді өндіру) талап ететін үй-жайларда 1 текше метр ауаға 1,5 - 2,2 Ватт есебімен ауаны залалсыздандыру үшін оларды пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес бактерицидтік шамдарды қондыруды көздеген жөн.
30. Пробиотикалық микроорганизмдер негізінде диеталық өнімдерді өндіру жөніндегі цехтардың тығыз жабылған терезесі болуға тиіс. Қабырғалардың, төбелердің, едендердің барлық тиіс қосылыстары тығыз жабылады. Үстіңгі беті жырылған және басқа да ақаулары болмауы тиіс, жуу және дезинфекциялау үшін жарамды болуы тиіс.
31. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамын өндіру кезінде экологиясы қолайсыз аудандарда өсірілген шикізатты пайдалануға жол берілмейді.
32. Дәнді-дақылды өңделетін шикізат үшін генетикалық түрлендірілген өнімдерді пайдаланғаны туралы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде қолданылатын пестицидтер туралы ақпарат беру қажет.
33. Диеталық өнімдерді өндіру кезінде пайдаланылатын жануар тектестің шикізаты үшін, оны алған кезде жемдік қоспалардың, өсіру стимуляторларының, дәрілік құралдардың пайдаланылмағаны туралы ақпарат беріледі.
34. Мал шаруашылығы шикізатынан жасалған диеталық өнімдерді дайындаушы заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер оның адам үшін ықтимал қауіпті жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
35. Сәби жастағы балалар тағамы үшін өнімдер дайындау кезінде мынадай шикізат түрлерін пайдалануға жол берілмейді:
1) 1500 градус Тернерден астам қышқылдығы бар ірімшікті;
2) бөтен қоспалармен және нан қоры зиянкестерімен ластанған соя ұнын, дәнді-дақыл мен астық өнімдерін;
3) қайта мұздатуға мәжбүр етілген сойылған жануарлар мен құстардың етінен жасалған шикізатты, балықтан жасалған және балық кәсіпшілігі емес объектілердің шикізатын;
4) бауыр, тіл және жүректі қоспағанда, сойылған жануарлар мен құстардың дайын өнімдерін;
5) қосынды және май тіндерінің үлес салмағы 12 % астам сіңірлі ірі қара етін;
6) майлы тіндерінің үлес салмағы 32 % астам сіңірлі шошқа етін;
7) майлы тіндердің үлес салмағы 9 % астам сіңірлі қой етін;
8) 3-санатты балапан және бройлер балапаны тушасын;
9) әралуан сіңірлі жануарлар мен құс еттері түрлерінен, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан астам дайын өнімдерден (бауыр, тіл, жүрек) тұратын мұздатылған блоктарды;
10) өгіздің, қабанның және арық малдардың етін;
11) шартты түрде жарамды ет пен дайын өнімдерді;
12) аквадақылдар өнімін;
13) құрамында кемінде 82 % сүтті май бар өсімдік шикізатын қоса отырып жасалған сарымайды;
14) тұздалған сарымайды;
15) құрамында жоғары эруктілі қышқыл бар рапсты және мақта өсімдік майлары;
16) диффузиялық тәсілмен алынған концентрациялық шырындарды.
36. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін өндіру кезінде жасанды тағамдық қоспаларды және жем мен жемдік қоспаларды пайдалана отырып дайындалған азық-түлік шикізатын, жануарларды өсіру стимуляторларын (оның ішінде гормоналды препараттарды), дәрілік заттардың жекелеген түрлерін, пестицидтерді, агрохимикаттарды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды пайдалануға жол берілмейді.
37. Балалардың шөптен жасалған шайларын өндіру кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген дәрілік өсімдік шикізаты пайдаланылады.
38. Диеталық тағамдарды өндіруде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспаларды және "Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін тағамдық қоспаларды пайдалануға жол беріледі.
39. Балалар тағамы өнімдерін өндіруде өзіндік хош иісі мен дәмін келтіру үшін тек табиғи тағамдық хош иістендіргіштерді (өсімдік тектес дәмдеуіш хош иістендіргіш заттар мен табиғи бояғыштарды) ғана пайдалануға жол беріледі.
40. Қант диабетінен зардап шегетін балалар үшін мамандандырылған өнімдерді қоспағанда, балалар тағамы өнімдерін өндіруде синтетикалық тәттілендіргіштерді пайдалануға жол берілмейді.
41. Барлық сусымалы қосалқы материалдар пайдалану алдында магнитқабылдағыштар арқылы өткізілуі тиіс.
42. Балалар тағамы өнімдерінде жұқпалы ауру тудыратын және адам денсаулығы қауіп төндіретін патогенді микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.
43. Диеталық өнімдер қатер факторлары мен аурулардың патогенезін ескере отырып, адам организміне қажетті тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруы, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін химиялық, биологиялық белсенді заттардың және қоспалардың, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамы бойынша белгіленген  гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
44. Балалар тағамы шикізат құрамына қарай мынадай топтарға - астық дәндері, астық-сүт, жеміс-көкөніс, жеміс-сүт, жеміс-астық, ет, балық және балық кәсіпшілігі емес объектілердің өнімдері, ет-өсімдік, балық-өсімдік, өсімдік-ет, өсімдік-балық қосылған, сүттен жасалған, аралас тағамдарға бөлінеді.
45. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау шарттарын, тасымалдау және сату режимдерін тұтыну орамын ашқанға дейін және ашқаннан кейін зерттеулер нәтижелерінің негізінде пайдаланылған шикізаттың, тағамдық қоспалар мен ингредиенттердің, өндірудің, материалдың және орау технологиясының технологиялық режимдерін ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
46. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін тасымалдау үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты бар көлік құралдары пайдаланылуы тиіс.
47. Көлік құралдары тасымалдаудың температуралық-ылғалдылық режимдерін қамтамасыз етуі, жарамды әрі таза болуы тиіс.
48. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін кәдеге жарату және жою тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін орауға және таңбалауға қойылатын талаптар
49. Балалар, диеталы және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін орау және таңбалау "Орауға, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс жасауға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына жауап беруі тиіс.
50. Өнімдерді орау оны тасымалдау және сақтау шарттарын сақтаған кезде, айналымның барлық кезеңінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
51. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамдарымен араласатын орам ыдысы Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс.
52. Сәби жастағы балалар тағамына арналған өнімдер мынадай көлемдерден аспайтын тығыз орамда шығарылуға тиіс:
1) жемісті, көкөністі, жеміс-көкөніс шырындар мен балшырындар - 0,35 л;
2) консервіленген жеміс, көкөніс және жеміс-көкөніс пюрелері, оның ішінде жеміс-сүт және жеміс-дақыл негізінде жасалған сұйық және пюре тәрізді қосымша тағам өнімдері - 0,25 кг;
3) кептірілген өнімдер (ана сүтін алмастырғыштар, кейінгі қоспалар; астықты дақылдар және астық-сүт негізіндегі қосымша өнімдер) - 1 кг;
4) сұйық бейімделген және ішінара бейімделген ана сүтін алмастырғыштар және кейінгі қоспалар - 0,2 л;
5) ішетін сүт, кілегей, сүт қышқылды өнімдер - 0,25 л;
6) паста тәрізді сүт өнімдері - 0,1 кг;
7) консервіленген ет және балық пюрелері - 0,13 кг;
8) консервіленген ет (балық), өсімдік және өсімдік-ет (балық) өнімдері - 0,25 кг;
9) араластыру негізіндегі қосымша өнімдер - 0,25 кг.
53. Балалар тағамының өнімдерін таңбалау мынадай қосымша ақпаратты қамтиды:
1) салмақтық немесе пайыздық көрсеткіштерінің төмендеуі тәртібімен ингредиенттік құрамы;
2) витаминдердің, минералдық заттар мен энергетикалық құндылықтардың құрамын қоса алғандағы (өнімді байыту кезінде - тәуліктік тұтынудың пайыздық қамтылуы) өнімнің тағамдық құндылықтары. Егер осы микронутриентте тағамдық заттардың құрамы тәуліктік тұтынушылықтың 5 %-нан артса, өнімдердің тағамдық құндылықтары туралы сандық мәліметтер келтіріледі;
3) тұтыну орамын ашқанға дейінгі және ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары;
4) дайындау тәсілі (қажет болғанда);
5) пайдалану жөнінде жасқа байланысты ұсыным. 
Таңбалауда негізгі шрифтіден кем емес мөлшерде "Балалар тағамы" деген жазу болуы тиіс.
54. Ана сүтін алмастырғыштардағы таңбалау мәтінінде ана сүтімен тамақтандырудың артықшылығы туралы ақпарат болуға тиіс.
55. Балаларға арналған диеталық тағамдар өнімдеріндегі таңбалау өнімнің нысаналы мақсаты, оның құрамының ерекшеліктері туралы нақты нұсқау мен тамақтануда пайдалану жөніндегі ұсынымдардан тұруы тиіс.
56. Диеталық өнімдерді таңбалау мынадай қосымша ақпаратты қамтиды:
1) салмақтық немесе пайыздық көрсеткіштерінің төмендеуі тәртібімен ингредиенттік құрамын;
2) мақсаты мен қолдану шарттарын;
3) тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді (белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдердің, макро- және микроэлементтердің болуы), тәуліктік қажеттіліктің пайыздық құрамын;
4) дайын тағамдарды дайындау тәсілдері мен шарттарын (диеталық өнімдердің концентраттары мен жартылай фабрикаттарға қатысты);
5) сақтау шарттарын (сақтау шарттарына қойылатын талаптар белгіленген диеталық өнімдерге қатысты);
6) қарсы көрсетімдерді.
6. Қатерді бағалау
57. Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, есептеу, экспериментальдық және (немесе) сараптамалық жолмен жүргізіледі.
58. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану қатерді талдауға негізделуге тиіс.
59. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу дәрежесі, аурулардан таза аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.
60. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау мынадай:
1) адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін тағамдық өнімдердің сипаттамаларын анықтау;
2) әрбір анықталған ықтимал қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;
3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолдарымен жүзеге асырылады.
61. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.
62. Өндірістік бақылау осы техникалық регламент негізінде заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әзірлейтін өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады және аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісіледі.
63. Бақылау зерттеулерді немесе сынақтарды көрсететін жазбалар кәсіпорындарда диеталық тағамның жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін бір жыл бойы, ал сапасы мен қауіпсіздігінің куәліктері - 30 (отыз) күн бойы сақталады.
64. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс. 
Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің жаңа түрлерін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіптілікке талдау жүргізілмей әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.
65. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етуді  қағидатына негізделуге тиіс.
7. Сәйкестігін растау
66. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.
67. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы   заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларды өндірушінің (дайындаушының) ықтияры бойынша ерікті түрдегі сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
8. Үйлестірілген стандарттар тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-бөлім алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары
70. Осы техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
71. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестігін растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде деп есептеледі.
"Балалар, диеталық және емдік-
 алдын алу тағамы өнімдерінің
 қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
 техникалық регламентіне
 қосымша
"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі
Қосымша жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
 
КО СЭҚ ТН коды Позицияның атауы
1 2
1602 Ет, еттің жартылай дайын өнімдерінен немесе қаннан жасалған дайын немесе консервіленген азық-түліктер
1602 10 00 - гомогенизделген дайын азық-түліктер:
1602 10 001 0 - - балалар тағамына арналған
1602 10 009 0 - - өзгелері
1901 10 000 0 - бөлшектеп сату үшін бөлшектеп орап салынған балалар тағамы
2005 2006 тауар позициясындағы азық-түліктерден басқа, сірке немесе сірке қышқылы қосылмай, мұздатылмай дайындалған немесе консервіленген көкөніс өзгелері
2005 10 00 - гомогенизделген көкөністер:
2005 10 001 0 - - балалар тағамына арналған
2007 Жылы өңдеу жолымен, оның ішінде қантты немесе басқа да тәттілендіргіш заттарды қосу арқылы алынған джем, жеміс желесі, мармеладтар, жеміс немесе жаңғақ пюресі, жеміс немесе жаңғақ пастасы
2007 10 - гомогенизделген дайын азық-түліктер:
2007 10 10 - - құрамында массалық 13 %-тен артық қанты бар
2007 10 101 0 - - - балалар тағамына арналған
2007 10 91 - - - тропиктік жеміс-жидектерден жасалған
2007 10 911 0 - - - - балалар тағамына арналған
2007 10 99 - - - өзгелері
2007 10 991 0 - - - - балалар тағамына арналған
2104 Дайын көже және сорпалар және оларды дайындау үшін дайындап қою; гомогенизделген құрамдағы дайын тағамдық азық-түліктер:
2104 20 001 0 - - балалар тағамына арналған
Техникалық регламентке
 2-қосымша
Үйлестірілген стандарттар тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.01.2011 № 25 Қаулысымен (04.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)