|
Шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсатты алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды:
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсатты және шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы:
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) автокөлік құралын жалдау шартының түрлі-түсті электрондық көшірмесін (автокөлік құралын жалға алған жағдайда);
3) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекциялау) туралы куәліктің түрлі-түсті электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркемені) қоспағанда, тахографты тексеру туралы сертификаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
|
Комментарий успешно добавлен