Toggle Dropdown
3
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 20.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1173 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
«Бiлiктiлiк санатын бермей, маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Біліктілік санатын бермей, маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына (бұдан әрі – «Ақпараттандыру туралы» Заң), «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына, «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның үй-жайларында стенділер мен ақпарат тақталарында;
Toggle Dropdown
3) порталда орналастырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы да ұсынылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша біліктілік санатын бермей, маман сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Тұтынушы уәкілетті органға сертификатты қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, сертификат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және уәкілетті орган басшысының қолы қойылады.
Toggle Dropdown
Сертификат уәкілетті органның басшысы оны беру туралы шешім шығарған күнiнен бастап Қазақстан Республикасының аумағында бес жыл бойы қолданылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет медициналық білімі бар сертификат алуға үміткер жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды;
Toggle Dropdown
құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
2) порталға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.
Toggle Dropdown
Егер уәкілетті орган осы стандартта белгіленген мерзімде тұтынушыға сертификатты бермеген не сертификатты беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оны беру мерзімі аяқталған күннен бастап сертификат берілді деп саналады.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
Toggle Dropdown
2) порталда – тәулік бойы.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын орын:
Toggle Dropdown
1) құжаттарды толтыруға арналған орын уәкілетті орган ғимаратында қажетті құжаттардың тізбесі және өтініштерді толтыру үлгісі бар тағанмен жарақталған;
Toggle Dropdown
2) тестілеу өткізуге арналған орын осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның ғимаратында орналасқан.
Toggle Dropdown
Үй-жайлар компьютерлермен жарақталған.
Toggle Dropdown
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар және лифтілер көзделген;
Toggle Dropdown
3) порталда – тұтынушының «жеке кабинетінде».
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
1
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады: