Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1472 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2016 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 187-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.».
көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«______________________________________________________________ _________________________________________ бұйрығына сәйкес мына құрамдағы (мамандандырылған ұйымының атауы) аттестаттау комиссиясы
___________________________________________________________________ __________________________________________________________________ комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) аттестаттау (есептен шығару, есепке алу) мақсатында селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тексерді.».
көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мамандандырылған ұйымның басшысы __________________».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |