Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 629 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi
N 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
1) Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Анпилогов - "Өскемен су электр станциясы AЭС" Борис Иванович жауапкершілігi шектеулi серiктестiгiнiң станцияны пайдалану жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша) Ахметов - "Эй-И-Эс Силк Poуд, Инк." Дәулет Дәлелұлы компаниясы филиалының мемлекеттік органдармен байланыстар жөнiндегi директоры (келiсiм бойынша) Висков - "KEGOC" ашық акционерлiк Михаил Александрович қоғамының "Шығыс өңiраралық электр желілерi" филиалының директоры (келiсiм бойынша) Морозов - "Қазмырыш" акционерлiк қоғамы Игорь Васильевич энергетикалық кешенiнiң директоры, бас энергетигi (келiсiм бойынша) Огай - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң Эдуард Викторович орынбасары;
"Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Электр энергетикасы және қатты жанармай департаментiнiң директоры" деген жолдағы "қатты жанармай" деген сөздер "көмiр өнеркәсiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Богатырев Александр Егорович, Навид Исмаил, Недовесов Виктор Семенович, Рудман Борис Михайлович, Селиханов Дүйсенбай Мағзұмұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ертiс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |