• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2009 г

Отправить по почте

1

Өткен жылдардағы егiн орағы астығының қалдықтарын және оның мемлекеттiк ресурстағы ұқсатылған өнiмдерiн мемлекеттiк азық-түлiк контрактiлiк корпорациясының иелiгiне беру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 5 қыркүйек N 1228

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. 1995 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша жүргiзiлген түгендеудiң қорытындысы және жасалған жауапты сақтау шарттары бойынша мемлекеттiк ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң қалдықтары Мемлекеттiк азық-түлiк контрактiлi корпорациясының (бұдан әрi - Корпорация) иелiгiне берiлсiн. Аталған астық және астық өнiмдерiнiң сақталуына шартты Корпорациямен қайта жасау кiтапшалардағы қалдықтар бойынша жүргiзiлгенi ескерiлiп, жұмсалған партиялар бойынша түпкi нәтиже Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Республикалық астық инспекциясының есептеу актiсiмен бекiтiлсiн. Корпорация мемлекеттiк ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң осы Корпорацияға берiлуiне байланысты "Астық" акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерi болып табылады. 
2. Мемлекеттiк ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң сатылған партиялары үшiн 1995 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап мiндеттi алдын ала төлем жасау белгiленсiн. Олар тек қана Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен Корпорация беретiн жiберу құжатымен берiлсiн. 
3. Мемлекеттiк ресурстағы астық пен астық өнiмдерiн сақтайтын кәсiпорындардың басшылары олардың қолда бары, қозғалысы және сандық-сапалық сақталуы туралы Корпорацияға ай сайын есеп берiлуiн қамтамасыз етсiн. 
4. Мемлекеттiк ресурстағы астық және астық өнiмдерiнiң нысаналы пайдаланылуына және оларды астық қабылдау кәсiпорындары сатқан кезде сатып алынған астықтың құны мөлшерiнде қаржы сомасының бюджетке уақтылы қайтарылуына Корпорация қатаң бақылау орнатсын. 
Жергiлiктi әкiмдер мемлекеттiк ресурстағы астық және астық өнiмдерiне қызмет көрсету және олардың сақталуы, қозғалысы, бюджетке қайтарылуы жөнiнде Корпорация мен астық қабылдау кәсiпорындарына тұрақты түрде жәрдем берсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
Корпорация өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн бюджеттiк ұйымдар үшiн қарастырылған мүлiктi жалға алу шарты мен төлем нысанында оған қажеттi үй-жай мен мүлiктiң тиiстi бөлiгi берiлiп, Корпорацияның аппараты бiр апта мерзiмде: Алматы қаласы, Төле би көшесi, 73 А мекен-жайы бойынша орналастырылсын, сондай-ақ Корпорацияның облыстардағы өкiлдiктерiн орналастыру мәселесiн шешсiн; 
аталған үй-жайлар мен мүлiктердi "Астық" акционерлiк компаниясының жарғы қорынан шығарып, оларды кейiн Мемлекеттiк азық-түлiк контрактiлiк корпорациясының балансына беру мәселесiн екi ай мерзiмде шешсiн.