• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105 қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 105-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесi; 
2) Кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Су жолдарын кеме жүзетiн жолдар санатына жатқызу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 29 қаңтардағы
 N 105 қаулысымен
 бекiтiлген
Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексіне  сәйкес әзiрлендi және су объектілерін кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу тәртiбін белгiлейдi.