Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1029 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға;
Зейнуллин Талғат Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
Плотников Сергей Викторович - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Көдеков Тұрсынбек Кәрімұлы, Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |