Toggle Dropdown
1
Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2237.
Toggle Dropdown
Редакция 05.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 254) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi бекiтiлсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
Toggle Dropdown
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары назарына жеткiзсiн.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 19 наурыздағы
N 80-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
1
Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi
Toggle Dropdown
1. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
1. Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Toggle Dropdown
2. Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекітудің оңайлатылған тәртібін айқындайды (бұдан әрі - оңайлатылған тәртіп).
Toggle Dropdown
3. Реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту:
Toggle Dropdown
1) меншік нысанына қарамастан жаңадан құрылған табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына);
Toggle Dropdown
2) табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттелетіндерге жатқызу мәніне табиғи монополиялар салаларын талдау негізінде енгізілген реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлеріне;
Toggle Dropdown
3) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлері бойынша енгізілген табиғи монополия субъектісі көрсететін реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлеріне жүргізіледі;
Toggle Dropdown
4) егер табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) қолданыстағы тарифтері объектілер және (немесе) учаскелер бойынша жеке бекітілсе, жаңа объектілерге және (немесе) учаскелерге жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Табиғи монополияның жаңадан құрылған субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тұтынушыларға тауарларды, жұмыстарды өндiру және (немесе) қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруды бастаған немесе бастайтын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға.
Toggle Dropdown
5. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi - Ерекше тәртiп), Заңның 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген бухгалтерлiк есеп стандарттарын, салық заңнамасын қоса алғанда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды есептеудің салалық әдістемелерін (бұдан әрі – салалық әдістемелер) басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
5-1. Активтері жасалған мәміленің немесе банкрот болып танылған борышкер – табиғи монополия субъектісінің конкурстық салмағын өткізу нәтижесінде меншігіне түскен табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекітуге өтінім бергенге дейін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) конкурстық өндіріс процесінде өндіріп алынған осы активтердің немесе мүліктің меншік иелері үшін уәкілетті органның ведомствосы бұрын бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар немесе олардың шекті деңгейлері бойынша, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұсынады.
Toggle Dropdown
1
Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімдерді ұсыну және қабылдау тәртібі
Toggle Dropdown
6. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органның ведомствосының оларды табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітуге өтінім ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтініміне мыналар қоса беріледі:
Toggle Dropdown
1) прейскурант түрiндегi тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) тарифтік сметаның жобасы;
Toggle Dropdown
2) жобалық қуат туралы деректер;
Toggle Dropdown
3) таратып жазу қосымшасымен несиелiк және дебиторлық берешектiң бары немесе жоқтығы туралы деректер;
Toggle Dropdown
4) сан нормативiнiң есебi;
Toggle Dropdown
5) салалық техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың есебi;
Toggle Dropdown
6) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсетiп амортизациялық аударымдар есебi;
Toggle Dropdown
7) негiзгi өндiрiстiк қорларды жұмыс жағдайында ұстау үшiн қажеттi шығын сметасының жобасы;
Toggle Dropdown
8) осы Ереженің 1-23 қосымшаларына сай тарифтің (бағаның, алым ставкасының), тарифтік сметаның жобасын есептеу үшін тарифтік сметаның жобасы;
Toggle Dropdown
9) еңбек ақы қорын және басшылардың лауазымдық қызметақысын белгiлеу туралы мемлекеттiк мүлiктi немесе мемлекеттiк кәсiпорынды басқару жөнiндегi орган шешiмi (мемлекеттiк кәсiпорындарға немесе мемлекеттiң үлесiн иеленушi кәсiпорындарға);
Toggle Dropdown
10) реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) мемлекеттік органдар өз құзыретінің шегінде белгілеген ұсынылатын реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсету міндеттерден және табиғи монополиялар субъектісінің мүмкіндіктерінен шыға отырып жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, шарттар, тауарларды өндіру көлемдерінің есептері).
Toggle Dropdown
Осы тармақта көзделген талаптар осы Ереженің 7-1-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
7-1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін қоспағанда, көрсетілетін қызметтердің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық тиімсіздігі себебінен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде, есептерінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға шығындарды пайдалануды көздемейтін телекоммуникацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне салалық әдістемелерді қолдана отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің салалық әдістемелерін қолданып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу жағдайларында телекоммуникация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуге арналған өтінімге:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті орган ведомствосының тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды есептеудің жаңа әдіснамасын қабылдауына немесе есептерде табиғи монополия субъектісі шығындарды пайдалануды көздемейтін қолданыстағы әдістемелерге өзгерістер енгізуіне байланысты тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
Toggle Dropdown
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобалары;
Toggle Dropdown
3) телефон желілерінің саны;
Toggle Dropdown
4) пайдаланушылардың санаттары бойынша абоненттердің саны;
Toggle Dropdown
5) абоненттер санаттары бойынша және қосылыстар бағыттары бойынша телекоммуникацияның негізгі көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тарифтер;
Toggle Dropdown
6) желіаралық трафиктерді өткізу үшін қолданыстағы есептік мөлшерлемелер;
Toggle Dropdown
7) халықаралық байланыс операторларының қолданыстағы есептік мөлшерлемелері;
Toggle Dropdown
8) кіретін халықаралық трафикті өткізу үшін қолданыстағы есептік мөлшерлемелер;
Toggle Dropdown
9) ұялы телефон байланысы операторларының қолданыстағы есептік мөлшерлемелері;
Toggle Dropdown
10) желіаралық трафик түрлері бойынша заңды тұлғалар және байланыс операторлары үшін жергілікті, аймақішілік, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосқаны үшін қолданыстағы тарифтер;
Toggle Dropdown
11) абоненттер санаттары бойынша және қосылыстар бағыттары бойынша қолданыстағы жеңілдіктер;
Toggle Dropdown
12) телекоммуникацияның негізгі қызметтеріне арналған қолданыстағы шегерімдер;