Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 29.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде және кеме қозғалысын басқару қызметтерiнiң (бұдан әрi – КҚБҚ) iс-қимылдары аймақтарында кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағида:
Toggle Dropdown
1) порт акваториясы шегінде және оған кіреберістерде жүзуді;
Toggle Dropdown
2) кемелердің портқа кіруін және олардың порттан шығуын;
Toggle Dropdown
3) кемелердің портта тұруын;
Toggle Dropdown
4) порт акваториясында кемелердің жүзуі және тұрақта тұруы кезінде құрылыстардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтиды.
Toggle Dropdown
3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелері және Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесiн (бұдан әрi – КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме – мина қаупін жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме;
Toggle Dropdown
2) кемелік рөл - кеме келген және кеткен кездегі экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты.
Toggle Dropdown
3) порт бойынша мiндеттi қаулы - Порттың теңiз әкiмшiлiгi портта қозғалыс қауiпсiздiгi, меншiктi, қоғамдық тәртiптi қорғау, санитарлық және өртке қарсы іс-шараларды өткізу мәселелерi бойынша шығаратын бұйрықтары, өкiмдері;
Toggle Dropdown
4) теңiзде жүзушiлерге жіберелетін хабарлама - навигациялық карталарды, теңiзде жүзу үшiн әдiстемелер мен нұсқауларды түзету жөнiндегi гидрографиялық деректердiң өзгерiсiн қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
5) сыртқы рейд – теңіз портына кіреберістерде арнайы бөлінген және кемелердің тұрақта тұруына, қызмет көрсетуге және оларды ресімдеуге арналған су кеңістігі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидада сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртібі
Toggle Dropdown
5. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу кезiнде белгiленген қозғалыс жолдарын ұстану, әскери корабльдермен және су түбiн тереңдету кемелерiмен айырылысатын жер ерекшелiктерiн ескеру және жүзу режимi туралы кемелерді хабардар ету жүзеге асырылатын корабльдердiң, брандвахталардың және жағалау посттарының ерекшелік сигналдарын бiлу керек. Кемелердiң портқа кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар Қағидаға 2-қосымшада көрсетiлген.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында болған және шетел кемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы фок мұнарасы (сигнал беру мұнарасы) реясының оң жақ нокiнде көтерiледi.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болған кезде шетел кемесiне Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiру және оларда жүзу мүмкiндiгi берiледi.
Toggle Dropdown
8. Егер порт бойынша мiндеттi қаулылармен өзгеше көзделмесе, онда портқа кiретiн немесе өзен фарватері бойынша ағысқа қарсы жүзетін кеме ағыс бойынша жүзген немесе порттан шығатын кемеге жол бередi. Ағысқа қарсы жүзген немесе портқа кiретiн кеме:
Toggle Dropdown
1) басқару және маневрлеу мүмкiндiгi шектеулi болған және КҚАХЕ-72 27 ережесiне сәйкес шамдар мен белгiлердi алып жүрген;
Toggle Dropdown
2) өз шөгуiмен ығыстырылған және КҚАХЕ-72 28 ережесiне сәйкес сигналдар берген жағдайлар ерекшелiктi құрайды.
Toggle Dropdown
9. Қарсы бағыттардан екi кеме тар орынға, бұрылысқа немесе бiр тұстамадан екiншi тұстамаға өткен орынға жақындаған кезде осындай жерден екi кеменің бiр мезгiлде өтуі мүмкiн болмағанда немесе қауiптi болғанда, онда басқа кемеге жол беруге мiндеттi кеме алдыңғысының одан қауiпсiз қашықтықта тұрып, бұрылуды аяқтауына мүмкiндiк беруi тиiс.
Toggle Dropdown
10. Тар жерлерде арнайы және су түбiн тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркiн өту мүмкiндiгi туралы растау алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Арнайы жұмыстармен айналысқан кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала УҚТ бойынша байланыс орнатылады және бұдан әрі КҚАХЕ-72 27 ережеге сәйкес әрекет ете отырып, бұл ретте КҚАХЕ-72 6 ережеге сәйкес қауіпсіз қашықтық пен жылдамдықты сақтай отырып, қауіпсіз өту келісіледі.
Toggle Dropdown
12. Порт жөнiндегi мiндеттi қаулылармен белгiленген жылдамдық шегiне қарамастан, қауiптi толқын көтерілуін болдырмау үшiн капитан алдын ала кеменің жылдамдығын:
Toggle Dropdown
1) тiркеп сүйреу керуендерi мен шағын өлшемдi кемелерден алшақтағанда;
Toggle Dropdown
2) жүзу крандарының, дебаркадерлердiң, жүзу доктарының, қайта тиеу және басқа да арнайы жұмыспен айналысқан құю кемелердiң жанынан өткенде;
Toggle Dropdown
3) зәкiрде немесе қайраңда тұрған кемелердi айналып өткенде;
Toggle Dropdown
4) су асты, гидротехникалық және басқа арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде;
Toggle Dropdown
5) су түбiн тереңдету кемелерiн айналып өткенде;
Toggle Dropdown
6) айлақта, кеме бортында жұмыс iстейтiн адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде азайтады.
Toggle Dropdown
13. Су асты қанаттары бар кемелерге көрінім 5 кабельт және одан төмен болған кезде фарватерлер мен каналдар бойынша тек су ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етiледi.
Toggle Dropdown
14. Каналда немесе фарватерде кеменi зәкiрге қою мынадай:
Toggle Dropdown
1) одан әрi қозғалу анық қауiп төндiргенде;
Toggle Dropdown
2) техникалық бұзылу салдарынан кеме тоқтауға мәжбүр болғанда;
Toggle Dropdown
3) өту жолын басқа кемелер жауып тұрған жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Фарватерде және каналда зәкiрге тұруға (немесе айлақтық бағаналарға арқандап байлануға) мәжбүр болған кеменiң капитаны кемелер қозғалысын басқару орталығына (пост) бұл туралы қолда бар байланыс құралдарымен жедел хабарлауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
Хабарламада кеменiң атауы, кеменiң зәкiрге (арқандап байлау) қойылған уақыты, орны мен себептерi, сондай-ақ тұру ауданында қозғалыстың қаншалықты дәрежеде қиындағаны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Toggle Dropdown
16. Порт суларында кемелердi тiркеп сүйреуге басшылық етудi порт капитаны қызметi жүзеге асырады және порт жөнiндегi мiндеттi қаулылармен регламенттеледі.
Toggle Dropdown
17. Тiркеп сүйрету басталғанға дейiн оның басшысы тiркеп сүйреу операциясына қатысатын кемелер капитандарымен бiрлесiп, оны жүргiзу тәртiбiн келiседi. Егер тiркеп сүйреу лоцмандық алып өтумен жүзеге асырылса, онда оны жүргiзу тәртiбiн келiсуге лоцман да қатысады. Барлық туындаған мәселелер мен келiспеушiлiктердi порт капитаны шешедi.