Toggle Dropdown
11
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 Қаулысы
Toggle Dropdown
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1720 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
Toggle Dropdown
2. Есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар:
Toggle Dropdown
1) алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
Toggle Dropdown
3) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
Toggle Dropdown
Акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
Toggle Dropdown
3. ЕБТ немесе акциздік таңбалар (бұдан әрі - таңбалар) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарында (бұдан әрі - салық органдары) беріледі.
Toggle Dropdown
4. Таңбаларды жасап шығаруды, оларды салық органдарына жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібі Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алу және беру тәртібі
Toggle Dropdown
5. Алушылар сатып алған таңбалар иеліктен алынбайды және өзге жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
Toggle Dropdown
6. Алушылар жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша таңбалар жасап шығаруға өтінім (бұдан әрі - алдағы жылға өтінім) береді.
Toggle Dropdown
7. Салық органдары күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде ақпараттық жүйе арқылы алушылар табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді келіседі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда салық органы алдағы жылға өтінімді келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
8. Комитет жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 40 (қырық) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге салық органдарымен келісілген осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жиынтық өтінімдерді қағаз түрінде жібереді.
Toggle Dropdown
9. Алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп өтінімдерді табыс етеді.
Toggle Dropdown
Алушылар бұрын берілген өтінімдерге таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар өтінімдерді салық органдарына таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
Toggle Dropdown
Салық органдары алушылар табыс еткен осы тармақта көрсетілген өтінімдерді 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы келіседі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда салық органы өтінімді келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген өтінімдерді беру мерзімдері сақталмаған жағдайда салық органдары өтінімдерді қабылдамайды.
Toggle Dropdown
Алушылар табыс еткен өтінімдер, оның ішінде алдағы жылға арналған өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.
Toggle Dropdown
11. Комитет таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салық органдарымен келісілген бұрын табыс етілген өтінімдерге таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен жиынтық өтінімдерді, сондай-ақ өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған алушылардың жиынтық өтінімдерін береді.
Toggle Dropdown
12. Алкоголь өнімі мен темекі өнімдерін импорттайтын алушылардан өтінімдерді қабылдау соның негізінде акцизделетін тауарлардың осы түрлерін әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын ұсына отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасы ұсынылған кезде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Алушылар аталған сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесін салық органдарына береді.
Toggle Dropdown
13. Таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысуларды алушылар өтініміне сәйкес жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Жеткізуші таңбаларды салық органының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын салық органдарының материалдық-жауапты тұлғаларына (бұдан әрі - салық органының материалдық-жауапты тұлғасы) береді.
Toggle Dropdown
15. Таңбаларды беру кезінде жеткізуші екі данада жүкқұжат жазып береді, оған жеткізуші және салық органының материалдық-жауапты тұлғасы қол қояды. Жүкқұжаттың бірінші данасы салық органдарына беріледі, екінші данасы жеткізушіде қалады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) таңбалардың берілген күні;
Toggle Dropdown
2) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.
Toggle Dropdown
16. Алушылар алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында салық органдарына ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін әрбір алушы бөлек өтініш табыс етеді.
Toggle Dropdown
17. Алушыларға алкоголь өніміне арналған ЕБТ беруді салық органдарында салық органының материалдық жауапты тұлғасы ЕБТ-на тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін және ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтінішке ЕБТ нөмірлерінің диапазондарын таңу жүзеге асырылғаннан кейін ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш ақпараттық жүйе арқылы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
Алушыларға темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беруді салық органдарында салық органының материалдық жауапты тұлғасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциздік таңбаларды алуға өтініш қағаз түрінде және ақпараттық жүйе арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
Toggle Dropdown
18. Таңбаларды алу үшін алушы салық органдарына мынадай құжаттарды табыс етеді:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаларды алуға өтініштің түпнұсқасы қағаз түрінде және ақпараттық жүйе арқылы;
Toggle Dropdown
2) алушы таңбаларды алуға уәкілетті қызметкерінің атына берген алушының мөрімен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы;
Toggle Dropdown
3) таңбаларды алушы тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, осындай бұйрықтың түпнұсқасын көрсете отырып;
Toggle Dropdown
4) алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, осындай құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып;
Toggle Dropdown
5) алкоголь өнімін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан әкелген кезде алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада еткізуге немесе кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан алкоголь өнімін әкелген кезде алкоголь өнімін импорттауға лицензияның көшірмесі;
Toggle Dropdown
6) акциздердің төленгенін растайтын төлем құжаты;
Toggle Dropdown
7) таңбалар үшін төлемді растайтын төлем құжаты.
Toggle Dropdown
Материалдық-жауапты тұлға алушылар акциздердің төленгенін растайтын төлем құжатын (құжаттарын) көрсеткен кезде төлем құжаттарында көрсетілген төленген сомаларды салық органындағы деректермен салыстырады.
Toggle Dropdown
Акциздердің сомасы толық төленбеген жағдайда (өндірілетін темекі өнімдеріне акциздерді төлеуді қоспағанда) алушыларға таңбалар берілмейді.
Toggle Dropdown
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттар салық органдарында қалады.
Toggle Dropdown
20. Алушыларға Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарынан импортталған алкоголь өніміне ЕБТ немесе темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беру кезінде салық органының материалдық-жауапты тұлғасы екі данада жүкқұжат жазып береді, оған екі тарап та қол қояды. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі, екінші данасы салық органдарында қалады.
Toggle Dropdown
Аталған жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) таңбалардың берілген күні;
Toggle Dropdown
2) алушылардың атауы;
Toggle Dropdown
3) таңбаларды алуға уәкілеттік берілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
Toggle Dropdown
4) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны;
Toggle Dropdown
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан алкоголь өнімі әкелінген жағдайда сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) нөмірі және күні.
Toggle Dropdown
21. Алушыларға кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталған алкоголь өніміне ЕБТ немесе темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беру кезінде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші даналары алушыларға беріледі (екінші данасы кеден органына табыс ету үшін), үшінші данасы салық органдарында қалады.
Toggle Dropdown
Аталған жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) таңбалардың берілген күні;
Toggle Dropdown
2) алушылардың атауы;
Toggle Dropdown
3) импорттауға лицензияның нөмірі;
Toggle Dropdown
4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
Toggle Dropdown
5) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.
Toggle Dropdown
22. Алушыларға таңбаларды беру таңбаларды жасап шығаруға өтінімдерде көрсетілген санға сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды есепке алу және сақтау
Toggle Dropdown
23. Таңбалардың қозғалысын есепке алуды салық органының материалдық-жауапты тұлғасы осы Қағидаларға 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тігілетін, нөмірленетін, бірінші басшылар қол қоятын және салық органдарының мөрімен куәландырылатын есепке алу журналдарында жүргізеді.
Toggle Dropdown
24. Әрбір тоқсанның 1-күніне салық органдарында бар таңбалардың нақты санын тексеруді (бұдан әрі - тізімдеме) салық органының материалдық-жауапты тұлғасы ауысқан кезде салық органының материалдық-жауапты тұлғасын қоспағанда, салық органының кемінде үш қызметкері санында салық органының бірінші басшысының бұйрығымен жыл сайын қаңтардың 10-күнінен кешіктірмей құрылатын түгендеу комиссиясы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
25. Тізімдеме екі данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелері, сондай-ақ салық органының материалдық-жауапты тұлғасы қол қояды.
Toggle Dropdown
26. Таңбаларға қатаң есептілік бланкілері үшін белгіленген бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары қолданылады.
Toggle Dropdown
27. Алушылар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен таңбалар пайдаланылғанға дейін, сондай-ақ бүлінген таңбаларды олар жойылғанға дейін оларға дұрыс есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
28. Алушылар ай сайын салық органдарына осы Қағидаларға 10- қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған таңбалардың пайдаланылуы туралы есептерді табыс етеді.
Toggle Dropdown
29. Таңбаларды салық органдарында сақтау сақтауға, беруге және ЕАБТ-на штрих-код жапсыруға арналған жұмыс аймақтары бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
30. Алушылар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен таңбалар пайдаланылғанға дейін, сондай-ақ бүлінген таңбаларды олар жойылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
1
31. Жеткізуші осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес салық органдарының бөлінісінде қағаз түрінде берілген таңбалар туралы ай сайын есеп жасайды, оған жеткізушінің бірінші басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________
(салық органының атауы)
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
__________________________________
алушының атауы, СТН/БСН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім
Toggle Dropdown
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
Toggle Dropdown
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | жылына барлығы | Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған") |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| | | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ___________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер ___________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________
(салық органының атауы)
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
_________________________________
алушының атауы, СТН/БСН
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім
Toggle Dropdown
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
Toggle Dropdown
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | жылына барлығы | Ескертпе ("парақтық" немесе "қиылған", Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| | | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер ____________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім
Toggle Dropdown
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
Toggle Dropdown
| Алушының атауы | Алушының СТН/БСН | Таңбалардың түрі (есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалар) | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым |
| Салық департаментінің атауы | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | жиыны | Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған") |
| |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім
Toggle Dropdown
өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)
Toggle Dropdown
| Алушының атауы | Алушының СТН/БСН | Таңбалардың түрі (есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалар) | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым |
| Салық департаментінің атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | | | | | |
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | жиыны | Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған") |
| |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен
акциздік таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________
(салық органының атауы)
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін
өтініш
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(алушының түрі: өндіруші, үшінші елдерден импорттаушы, Кеден одағының
Toggle Dropdown
елдерінен импорттаушы)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(алушының атауы, СТН/БСН мекенжайы)
Toggle Dropdown
саны "___________"_______________________________________ данада
Toggle Dropdown
(жазбаша)
Toggle Dropdown
есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруды сұрайды. Есепке
Toggle Dropdown
алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды шығару үшін
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(алкоголь өнімі үшін: сыйымдылығын, күштілігін, сатып алушының
Toggle Dropdown
атауын, құю күнін, шығу елі, өнімнің түрі мен атауын, сәйкестік
Toggle Dropdown
сертификатын; импорттаушылар үшін шарттың (келісімшарттың) нөмірін көрсете отырып)
Toggle Dropdown
өнімінің пин-коды:______________________
Toggle Dropdown
өнімнің бір бірлігінің бағасы:______________теңге
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша
Toggle Dropdown
______________________________________________________
Toggle Dropdown
(сомасы жазбаша)
Toggle Dropdown
сомасында 20 жылғы "______"_________№__________ төлем құжатымен
Toggle Dropdown
_______________________есеп шотына енгізілді
Toggle Dropdown
акцизді төлеу үшін ақша_____________________________________
Toggle Dropdown
(сомасы жазбаша)
Toggle Dropdown
сомасында 20 ___ жылғы "____"_______№_______төлем құжатымен
Toggle Dropdown
________________________________есеп шотына енгізілді
Toggle Dropdown
Басшы _________________________________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер _________________________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен
акциздік таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру қағидаларына
6-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________
(салық органының атауы)
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды
алуға өтініш
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(алушының атауы, мекен-жайы, ЖИН/БСН)
Toggle Dropdown
саны "__________"___________________________данада
Toggle Dropdown
(жазбаша)
Toggle Dropdown
есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________
Toggle Dropdown
(сомасы жазбаша)
Toggle Dropdown
сомасында 20_____жылғы "____"_______ № _____________төлем құжатымен
Toggle Dropdown
____________________________есеп шотына енгізілді
Toggle Dropdown
акцизді төлеу үшін ақша____________________________________
Toggle Dropdown
(сомасы жазбаша)
Toggle Dropdown
сомасында 20_____жылғы "_____"______ № ____________ төлем құжатымен
Toggle Dropdown
________________________есеп шотына енгізілді
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер_______________________________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
7-қосымша
Toggle Dropdown
Өнім берушіден есепке алу-бақылау таңбаларын алуды
есепке алу журналы
Toggle Dropdown
| Өнім берушіден есепке алу- бақылау таңбалары алынған күні | Алынған есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана) | Өнім берушіге қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана) | Жүкқұжаттың нөмірі | Салық органы материалдық-жауапты тұлғасының аты-жөні |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
8-қосымша
Toggle Dropdown
Алушыларға есепке алу-бақылау таңбаларды беруді есепке алу журналы
Toggle Dropdown
| Есепке алу- бақылау таңбалары алынған күні | Берілген есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана) | Жүкқұжатты ң нөмірі | Есепке алу- бақылау таңбаларын алушының атауы не аты-жөні, СТН/БСН (болған жағдайда) | Есепке алу-бақылау таңбаларды алушының уәкілетті өкілінің аты- жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің №-мен берілген күні, алуға сенімхат) | Алушының немесе алушының уәкілетті тұлғасының қолы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және
беру қағидаларына
9-қосымша
нысан
Toggle Dropdown
Алушыларға акциздік таңбаларды беру журналы
Toggle Dropdown
| Акциздік таңбалар алынған күні | Алынған акциздік таңбалардың саны (дана) | Жүкқұжатты ң нөмірі | Акциздік таңбалардың берілген күні | Акциздік таңбаларды алушының атауы не аты- жөні, СТН/БСН (болған жағдайда) | Акциздік таңбаларды алушының уәкілетті өкілінің аты-жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің №-мен берілген күні, алуға сенімхат) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына
10-қосымша
Toggle Dropdown
20_____жылдың___________жағдай бойынша
(айы)
алушылар алған және пайдаланған есепке алу-бақылау
таңбаларының есебі
Toggle Dropdown
| Алушының атауы не аты-жөні, СТН/БСН (болған жағдайда) | Есепті кезеңнің басына қалғаны | Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары алынды | Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары пайдаланылды | Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары бүлінді | Есепке алу- бақылау немесе акциздік таңбалары жойылды | Есепті кезеңнің соңына қалғаны |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы_______________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер_______________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына
11-қосымша
Toggle Dropdown
Салық органдарының бөлінісінде берілген есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбалар туралы есеп
Toggle Dropdown
| Салық органы | Есепке алу-бақылау таңбалары мәлімделді | Есепке алу-бақылау таңбалары үшін төленді | Есепке алу-бақылау таңбалары берілді |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| | | |
Toggle Dropdown
Басшы _________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер _______________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні, қолы)