Toggle Dropdown
1
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 28.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталында қатысудың бақылау үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – мемлекеттiк органдар):
Toggle Dropdown
1) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2011 – 2013 жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарына сәйкес 2011 жылға арналған өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруын;
Toggle Dropdown
2) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидасына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың 2012 – 2016 жылдарға арналған даму жоспарларының бекiтілуін;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне қосу үшiн мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
Toggle Dropdown
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын (бұдан әрі — даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) ұйымдар-мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;
Toggle Dropdown
2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) атқарушы орган - атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
Toggle Dropdown
4) тиісті саланың уәкілетті органы — мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Toggle Dropdown
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер);
Toggle Dropdown
7) электронды есеп - ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып дайындаған және ұйымның куәландырушы ұлттық орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылатын даму жоспары.
Toggle Dropdown
2. Даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі
Toggle Dropdown
3. Даму жоспары бес жылға жасалады және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келісіледі.
Toggle Dropdown
1
4. Ұйымның даму жоспары мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі біріктірілген және біріктірілмеген көрсеткіштерін, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (таза кірістің бюджетке аударылатын бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштердің нысандарына, тізбесіне және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қамтиды.
Toggle Dropdown
Даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарын қоспағанда, мыналарды:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға жеткiзедi.
Toggle Dropdown
Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы ұсынылған өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетуге тиiс.
Toggle Dropdown
Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнін қамтуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайларда тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды.
Toggle Dropdown
5-1. Тиiстi саланың стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін уәкiлеттi органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға:
Toggle Dropdown
1) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін;
Toggle Dropdown
2) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оның бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін жеткiзедi.
Toggle Dropdown
Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы ұсынылған өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетуге тиiс.
Toggle Dropdown
Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келуіне) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайда тиiстi саланың уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде, ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерін нақтылайды.
Toggle Dropdown
6. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзiрлеудi, сондай-ақ даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді әзiрлеудi бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) бiрiншi жыл: бiрiншi жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi толық (таратылып) жазылады, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бөлiнiсінде көрсетiледi;
Toggle Dropdown
2) екiншi жыл: бiрiншi жылдың бағалануы, екiншi жыл толық (таратылып) жазылып, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
Toggle Dropdown
3) үшiншi жыл: бiрiншi жылдың фактісі мен екiншi жылдың бағалануы, үшiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
Toggle Dropdown
4) төртiншi жыл: бiрiншi, екiншi жылдардың фактісі және үшінші жылдың бағалануы, төртiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде;
Toggle Dropdown
5) бесiншi жыл: бiрiншi, екінші, үшінші жылдардың фактісі және төртiншi жылдың бағалануы, бесiншi жыл толық жазылып (таратылып) енгiзiлетiн түзетулердi көрсетеді.
Toggle Dropdown
Даму жоспарында жиынтықталған көрсеткiштер, оның ішінде мақсаттарға және мiндеттерге қол жеткізу бойынша көрсеткіштер, түйiндi көрсеткiштер көрсетіледі. Даму жоспарына түсіндірме жазба түзетулерді ескере отырып, өткен жылдардың жыл сайынғы бағалануын және жоспарланған кезеңнің аяғына дейін алдағы кезеңнің жиынтықталған көрсеткiштерiнің негіздемесін қамтиды.
Toggle Dropdown
Егер даму жоспарына түзетулер жиынтықталған көрсеткiштерге қатысты болмаса, олар бүкіл жоспар кезеңіне өзгеріссіз қалады.
Toggle Dropdown
7. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын, сонымен қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші - бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi.
Toggle Dropdown
Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) келiсуге енгiзбестен бұрын оны алдын ала байқау кеңесiмен келiседi.
Toggle Dropdown
Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы түскен күннен бастап оны он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
Атқарушы орган лер болған жағдайда он жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан келісуге жібереді.
Toggle Dropdown
Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
8. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейін келісілген даму жоспарының жобасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің) қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Toggle Dropdown
лер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтізбелік күн ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны қайтадан акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің) қарауына ұсынады.
Toggle Dropdown
Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі) пысықталған даму жоспарының жобасын он күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Toggle Dropdown
9. Даму жоспарының жобасын, сондай-ақ бекітілген даму жоспарының түзетулерін акционерлiк коғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанына дейiн бекiтедi.
Toggle Dropdown
10. Ұйым даму жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электронды есепке акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) оны бекіткені туралы сканерленген шешімін қоса тіркеп, электронды есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін бірыңғай операторға жібереді.
Toggle Dropdown
11. Бiрыңғай оператор ұйымның электрондық есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымның электрондық мекенжайына электрондық есепті тiзiлiмге енгізгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Ұйымның электрондық есебін қабылдаудан бас тарту негіздемесі:
Toggle Dropdown
1) электрондық есепке тіркелген осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген басқару органының даму жоспарын бекіту туралы сканерленген шешімінің болмауы;
Toggle Dropdown
2) электрондық есепке ұйымға тиесілі емес ЭЦҚ-мен қол қоюы болып табылады.
Toggle Dropdown
Бiрыңғай оператор электрондық есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйым лерді жояды және қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде электрондық есепті қайтадан енгізеді.
Toggle Dropdown
12. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
13. Қажет болған жағдайда даму жоспарын түзетуге жарты жылда бір рет қана жол берiледi:
Toggle Dropdown
Атқарушы орган жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей даму жоспарының өзгертілген жобасын тиісті негіздемелерімен қоса, акционерлiк коғамның директорлар кеңесiнің, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң байқау кеңесiнің, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
лер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады. Жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) түзетілген даму жоспарын бекітеді.
Toggle Dropdown
Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай жағдайларға:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауына, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстерге, сондай-ақ ұйымның қызметiне елеулі әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiне;
Toggle Dropdown
2) ұйым қызметiнiң негiзгi бағыттарының өзгеруiне;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне немесе көрсетілген құжаттарды жаңа редакцияда қабылдауға, оның ішінде мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың бюджеттен қаржыландырылуына немесе бюджеттік кредиттеуге байланысты жол беріледі.
Toggle Dropdown
14. Жыл сайын атқарушы орган акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) тиiстi негiздемелерiмен қоса, даму жоспарының (даму жоспарының екінші-бесінші жылдары) түзетiлген жобасын қарауға ұсынады.
Toggle Dropdown
Даму жоспарының түзетілген жобасы даму жоспарының алдыңғы жылдарда іске асырылуын бағалау туралы ұсыныстарды, жоспарланатын кезең аяқталғанға дейін даму жоспарының жиынтықталған көрсеткiштерiн қамтиды.
Toggle Dropdown
Байқау кеңесi бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының түзетiлген жобасын, оны тиiстi саланың уәкiлеттi органымен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келiсуге енгiзгенге дейiн, байқау кеңесiмен алдын ала келiседi.
Toggle Dropdown
Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының түзетiлген жобасын тиiстi негiздемелерiмен қоса келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
лер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және оны акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады.
Toggle Dropdown
Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының пысықталған жобасын он күн iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
15. Атқарушы орган даму жоспарына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электронды есепті осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарына сәйкес Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
3. Даму жоспарының мониторингі және іске асырылуын бағалау
Toggle Dropdown
16. Даму жоспарының іске асырылуына мониторингіні тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламасының) көрсеткіштерін орындау туралы ақпаратты талдау және қорыту және қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін орындау мақсатында жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі директорлар кеңесi, байқау кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебін бекіткеннен кейін жыл сайын отыз күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі даму жоспарының және директорлар кеңесi, байқау кеңесi, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) бекіткен ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебі негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«17-1. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингі мыналарды:
Toggle Dropdown
1) кызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түйiндi көрсеткiштері, оларға қол жеткізілмеу себептері туралы ақпаратты;
Toggle Dropdown
2) еркін түрде жазылатын және мынадай мәліметтерді:
Toggle Dropdown
есепті кезеңде даму жоспарын іске асыру қорытындылары туралы қызметтің түйiндi көрсеткiштері, мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде, оның ішінде оларға қол жеткізілу дәрежесі туралы (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған жағдайда, түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет);
Toggle Dropdown
даму жоспарын іске асыру процесінде туындаған проблемалар, олардың қызметтік мақсаттары мен түйiндi көрсеткiштеріне ықпалы, сондай-ақ анықталған проблемаларды шешу мен даму жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шараларды қамтитын талдама жазбаны;
Toggle Dropdown
3) ұйымның даму жоспарын іске асыруды жалғастыру жөніндегі, ұйымның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы және басқа да ұсынымдарды;
Toggle Dropdown
4) қажет болған жағдайда жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, ресурстарды қайта бөлуді, тиімсіз болған іс-қимылдарды тоқтатуды қайта қарауды және проблемаларды шешу мен осал жерлерді жөндеуде жаңа тәсілдер әзірлеуді қамтиды.
Toggle Dropdown
17-2. Мониторингтің нәтижелерін тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң директорлар кеңесі (байқау кеңесi) ұйымның даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне, көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында қолданады.
Toggle Dropdown
17-3. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мониторинг нәтижелерін, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (қол қойылған және мөрмен расталған қағаз түріндегі қорытындының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып) пайдалана отырып, электронды түрде мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін жібереді, оларға тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
Toggle Dropdown
Бiрыңғай оператор мониторингтің нәтижелері түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның электрондық мекенжайына мониторинг нәтижелерінің тiзiлiмге енгізілгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді. Бiрыңғай оператордың мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту негіздемесі тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның осы Қағидада көрсетілген талаптарды бұзуы болып табылады.
Toggle Dropdown
Бiрыңғай оператор мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган лерді жояды және мониторинг нәтижелерін қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мониторинг нәтижесін бiрыңғай операторға қайтадан енгізеді.
Toggle Dropdown
17-4. Ұйымның даму жоспарының іске асырылу мониторингінің нәтижелері мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады.
Toggle Dropdown
18. Мемлекет бақылайтын АҚ мен ЖШС даму жоспарының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есепті бекіткеннен кейін, олардың директорлар кеңесі, байқау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындардікін - тиісті саласының уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. Ұйымның даму жоспарының жүзеге асырылуын бағалау тізбесінің көрсеткіштері:
Toggle Dropdown
1) ұйымның даму жоспарының орындалуын елдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының орындалуына сәйкестігіне;
Toggle Dropdown
2) ұйым қызметінің қаржы көрсеткіштерінің орындалуын;
Toggle Dropdown
3) инвестициялық (инновациялық) жобалардың іске асырылуын;
Toggle Dropdown
4) корпоративтік басқаруды;
Toggle Dropdown
5) басқа да мақсаттардың, міндеттердің орындалуы және ұйымның бекітілген даму жоспарында көрсетілген қызметтердің болжамды түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды қамтиды.
Toggle Dropdown
20. Даму жоспарын іске асыруды бағалау нәтижелерін атқарушы орган бірыңғай операторға даму жоспарының іске асырылуын бағалау бекітілгеннен кейін бес күн ішінде акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) шешімінің сканерленген көшірмесімен қоса ұсынады.
Toggle Dropdown
Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың
және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң,
мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын
әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың
мониторингi мен оны бағалау қағидасына қосымша
Toggle Dropdown
Қызметтің мақсаттары мен міндеттеріне, түйiндi көрсеткiштеріне қол жеткізу
Toggle Dropdown
| 1* | 2* | 3* | 4* | 5* | Мақсат | Міндеттер | Қызметтің түйiндi көрсеткiштерінің (бұдан әрі – ҚТК) атауыи** | Өлшем бірлігі | Өткен жыл бойынша есепті кезеңнің бірінші жылына | 20__ж. (есепті кезең) | нақты есеп ___ ж. % нақты өткенесеп ___ ж. |
| жоспар | нақты | нақты өткен ___ ж. % өткен жылдың жоспарына ___ ж. | жоспар | нақты | нақты есеп ___ ж. % нақтыжоспар ___ ж. |
| | | | | 1 мақсат | 1-міндет | 1-ҚТК | | | | | | | | |
| | | | | n-міндет | n- ҚТК | | | | | | | | |
| | | | | N мақсат | 1-міндет | 1-ҚТК | | | | | | | | |
| | | | | n-міндет | n- ҚТК | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
* мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту жоспарында), бюджеттік бағдарламада көрсетiлген мақсаттар мен міндеттерді орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын көрсеткiштері
Toggle Dropdown
** қызметтің түйінді көрсеткіші ұйымның мақсатына байланысты болады
Toggle Dropdown
Мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
Toggle Dropdown
| р/с № | Ұйымның атауы | Қызметітң басты түрі | Меншік түрі | Облыстық әкімшілік-аумақтық бірлік | Борыштық жүктемесі мың теңге | Салықтар, бюджетке түсетін басқада міндетті төлемдер, мың теңге |
| есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % |
| 1 | ұйым | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Инвестициялар: |
| меншікті мың теңге | бюджеттік мың теңге | заемдық мың теңге | барлығы мың теңге |
| есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % |
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Жаңадан жұмыс орындарын ашу | Жергілікті қамтуды көбейту шаралары | Активтерді қайта құрылымдау | Кіріс мың теңге | Шығыс мың теңге |
| есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | сатып алу көлемі | жергілікті қамту | активтің түрі (бейінді, бейінсіз, өзге) | акциялар пакетін шығырылуының % (қатысу үлесі) | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % |
| | | | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Қаржылық нәтиже мың теңге | Дивидендтер мың теңге | Тізім бойынша қызметкерлердің орташа саны |
| пайда мың теңге | шығын мың тенге |
| есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % |
| | | | | | | | | | | |
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
| Еңбекақы төлеу қоры мың теңге | Қаржылай тұрақтылық |
| есепті жыл | есепті жылдың алдындағы жыл | есепті жылдың алдындағы жылға % | активтердің тиімділігі | Қаржы тұтқасының (қаржы леверидждің) әсері | EBITDA |
| | | | | |