1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
Отправить по почте
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 633 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5923 болып енгізілді
Редакция 01.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 433 бұйрығының (Нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4425 тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 2 қарашада N 192 (998) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 633 бұйрығымен бекітілген
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) медициналық ұйымдарда азаматтарға консультациялық – диагностикалық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылаусыз, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
2) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін маман - тәулік бойы медициналық бақылаусыз, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек көрсететін: учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, акушер, акушер-гинеколог (бұдан әрі – МСАК маманы);
6) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
3. Консультациялық-диагностикалық көмектің міндеттері:
1) мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
2) консультациялық-диагностикалық көмектің сапасымен қол жетімділігін арттыру;
3) жұмыстың негізделген және тиімді жаңа нысандарын және емдеу-диагностикалау үрдісінің жаңа әдістерін, технологияларды жетілдіру және практикаға енгізу.
4) науқастардың стационарда болу мерзімдерін қысқарту мақсатында амбулаториялық кезеңде ауруларды уақтылы диагностикалау болып табылады.
2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібі
4. Консультациялық-диагностикалық көмек профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну арқылы көрсетіледі.
5. Бейінді маманның консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі МСАК маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
6. Шұғыл консультациялық-диагностикалық көмек аумақтық тіркеу фактісіне қарамастан тегін көрсетіледі.
7. Бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетеді.
8. Бейінді маман пациентті консультацияға жіберген МСАК маманына оған жүргізілген тексеру мен емдеу нәтижесі, сондай-ақ пациентті ары қарай қарау жөніндегі ұсыныстары көрсетілген консультациялық қорытындыны ұсынады.
9. Бейінді маман немесе МСАК маманы стационардан шыққаннан кейін ары қарай пациентті оның жағдайы мен ұсыным сипатына қарай бақылауды жүзеге асырады.
10. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық ұйымдар:
1) аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің әдістерін, сондай-ақ Мемлекеттік тіркелімде тіркелген дәрілік заттарды, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануды;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді; ,
3) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы нақты және жедел ақпараттарды тегін ұсынуды;
4) халықтың санитариялық–эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауды;
5) салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
6) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл және қызметіндегі сабақтастықты;
7) алғашқы медициналық құжаттарды жүргізуді, есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
11. Республикалық бюджет қаражатының есебінен, оның ішінде мобилдік бригадалар, консультациялық – диагностикалық көмектің жоспарланған көлемдерін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
11-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 01.03.2011 № 109 бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
12. Республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін, консультациялық – диагностикалық көмектің жоспарланған көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
12-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 01.03.2011 № 109 бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |