Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7198 тіркелді
Редакция 30.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (К.Б.Бесбалаев) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпараттық құралдар ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Мусинов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрдің м.а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 540 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы осы Ереже (бұдан былай – Ереже) меншіктеріне қарамастан Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға онкологиялық көмек көрсететін ұжымдардың міндеттерін, функциясын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
2. Тұрғындарға (ересектер мен балаларға) онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан былай – онкологиялық ұйымдар) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, салалық құқықтық-нормативтік кесімдерді, осы Ережелерді басшылыққа алады және өз жұмысын медициналық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензия негізінде іске асырады.
3. Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың ауруының алдын-алуға, анықтауға, емдеуге және медициналық қалпына келтіруге бағытталған шараларды өз уақытында іске асыру мақсатында құрылады.
4. Тұрғындарға көрсетілетін онкологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационар ауыстырғыш көмек көрсету түрінде көрсетіледі.
5. Онкологиялық төсек-орындармен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға 2,5 төсек есебінен қарастырылады.
6. Онкологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылдың 7 көкегіндегі № 238 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бірыңғай штаттары мен штаттық нормативтерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (№ 6173 нормативтіқұқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген) штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді.
7. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды мамандандырылған емдеу тек қана онкологиялық бейіндегі хирург дәрігерді, химиотерапевті, сәулелік терапевті (радиолог) және клиникалық жұмыс тәжірибесі бар параклиникалық қызмет маманын қамтитын мультитәртіптік топтың қатысуымен жүргізіледі.
8. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармасы) облыстық онкологиялық ұйымдардың жанынан асқынған онкологиялық аурулар жағдайларын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін, құрамында бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, онкологиялық қызметтің бастығы мен мамандары, асқынған онкологиялық ауруларды орнықтыру бейіні бойынша штаттан тыс Басқарма мамандары енгізілетін комиссияны құрады (бұдан әрі – комиссия).
2. Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
9. Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:
1) «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚазОРҒЗИ);
2) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар мен көп бейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері (бұдан әрі – онкологиялық диспансер);
3) оларға жүктелген функцияларға қарай олардың құрылымында мыналар ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар:
сәулелік терапиясы бөлімшесі (радиологиялық бөлімше) ҚазОРҒЗИ, кемінде 100 төсек төсектік қорымен онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады.
қашықтықтан және сәулемен түйістіре емдеу үшін төрт және одан да көп қондырғы болған жағдайда және кемінде 120 науқасқа күнделікті сәулемен емдеу жүргізу үшін сәулелік терапия бөлімшелерін біріктіретін радиологиялық бөлімше құрылады;
химиотерапиялық бөлімше ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында ұйымдастырылады.
өңірлік мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі - МКДБ) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдардың құрамында құрылады;
онкологиялық науқастарды қалпына келтіру емі мен оңалту бөлімшесі (кабинеті) (бұдан әрі – бөлімше) онкологиялық ұйымның, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар), амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында ұйымдастырылады;
ядролық медицина (орталығы) бөлімшесі (бұдан әрі – ЯМО) ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, республикалық маңызы бар облыстық орталықтарда және қалалардағы диагностикалық орталықтардың құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады.
паллиативтік көмек көрсету бөлімшесі (орталығы) онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар) құрамында, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады;
цитологиялық зертхана онкологиялық диспансерлер мен көп бейінді ауруханалардың құрамында құрылады;
эндоскопиялық бөлімше (кабинет) ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансердің, 100 және одан да көп төсегі бар көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық, аудандық) құрамында 50 және одан да көп мың халыққа қызмет көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында ұйымдастырылады;
онкологиялық кабинет емханалардың (қалалық, аудандық), консультациялық-диагностикалық орталықтарының, көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамында ұйымдастырылады;
маммологиялық кабинет бекітілген штат нормативтеріне сәйкес көп бағдарлы аурухананың консультациялық-диагностикалық емханасының (орталығы), консультациялық-диагностикалық бөлімшенің құрылымында құрылады;
проктологиялық кабинет (қалалық,аудандық) консультациялық-диагностикалық орталықтарында, көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамында ұйымдастырылады;
әйелдер мен ерлерді қарау кабинеті БМСК ұйымның құрамында құрылады;
ауырсынуға қарсы терапия кабинеті онкологиялық диспансердің, дербес емханалық ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады;
аз бейінді бөлімшелер (бас пен мойын ісіктері, урологиялық және т.б.) 200 ден астам төсегі бар онкологиялық ұйымдарда құрылады;
Цитостатикалық дәрілік заттарды орталықтандырылған еріту кабинеті.
3. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
10. ҚазОРҒЗИ шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, сәйкес қызмет түрлерімен шұғылдану құқығына лицензиясы, дербес балансы, банктік есеп-шоты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауымен дөңгелек мөрі, бланктері, мөртаңбалары мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі басқа да ресми атрибуттары бар.
11. ҚазОРҒЗИ келесі функцияларды іске асырады:
1) эксперименттік, клиникалық және статистикалық зерттеулер жүргізе отырып, онкология, сәулелік диагностика және сәулелік терапия, ядролық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады. ҚазОРҒЗИ денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдарының клиникалық базасы болып табылады;
2) денсаулық сақтау ұйымдарына емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, сәулелік диагностика және сәулелік терапия, ядролық медицина саласына жаңа технологияларды енгізу;
3) онкологиялық қызметті дамыту бойынша стратегиялық және құқықтық-нормативтік базаны әзірлеуге қатысу;
4) республикадағы онкологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру;
5) диагностикалау, емдеу, профилактика бойынша қолда бар әдістерді жетілдіру мен жаңа әдістерді әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарламаларды әзірлеу, енгізу, мониторинг жүргізу;