Toggle Dropdown
2
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 766 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган туралы үлгі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 511-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 766 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ереже
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ереже «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) жергілiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрi – консультативтік-кеңесші орган) мәртебесін және өкiлеттiктерiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Консультативтік-кеңесші орган қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жергілiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерi қызметінiң мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылады.
Toggle Dropdown
2. Консультативтік-кеңесші органның мiндеттерi
Toggle Dropdown
3. Консультативтік-кеңесші органның негізгі мiндеттерi:
Toggle Dropdown
1) қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен бөлiністерiнiң қызметiне көмек көрсету;
Toggle Dropdown
2) заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесiнің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
Toggle Dropdown
3) сотталғандардың еңбегін, оның iшiнде бас бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсiпорындардың қажеттілігі үшiн түзеу мекемелерiнің жанындағы өндiрiстi дамытуды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
4) заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен кәсіпорындарын өңiрлiк және жергілiктi маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
Toggle Dropdown
5) бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
6) қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң кеңесі мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени iс-шараларды ұйымдастыруға, мекемелердің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiне:
Toggle Dropdown
1) босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
Toggle Dropdown
2) қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi, оның iшiнде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлерiне орналастыруды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
3) сотталғандардың шағымдары мен өтiнiштерiн түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнің уақтылы және дұрыс шешуiне көмек көрсету;
Toggle Dropdown
4) жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң түзеу мекемелерi комиссиясының қызметiне қатысуы;
Toggle Dropdown
5) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
Toggle Dropdown
6) түзеу мекемелерінде жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қарау жатады.
Toggle Dropdown
5. Ауданның (облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiне:
Toggle Dropdown
1) қылмыстық жаза қолдану тәртiбiнде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшiн қоғамдық жұмыс объектiлерiн белгілеу бойынша жергілiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
2) түзеу мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтiк және өзге де көмектiң басқа түрлерiн ұйымдастыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстарды қарау жатады.
Toggle Dropdown
3. Консультативтік-кеңесші органның өкiлеттiктерi
Toggle Dropdown
6. Консультативтік-кеңесші орган:
Toggle Dropdown
1) өзінің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк органдардан консультативтік-кеңесші органның мiндеттерiн іске асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды сұратуға және алуға;
Toggle Dropdown
3) заңнамада белгiленген тәртiппен түзеу мекемелеріне, түзеу жұмыстарындағы сотталғандардың жұмыс орындарына, мерзiмiнен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандарға және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдарға баруға;
Toggle Dropdown
4) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің басшыларын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын консультативтік-кеңесші органның құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша, алайда жылына кемінде екi рет тыңдауға құқылы.
Toggle Dropdown
4. Консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру
Toggle Dropdown
7. Жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы консультативтік-кеңесші орган жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен құрылады.
Toggle Dropdown
8. Консультативтік-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар, мәдениет, бiлiм беру, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының қатарынан қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
9. Консультативтік-кеңесші органның құрамына лауазымы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органының бастығы кiредi.
Toggle Dropdown
10. Консультативтік-кеңесші органның құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары, сондай-ақ келiсiм бойынша прокуратура өкiлдерi, мәслихат депутаттары кiреді.
Toggle Dropdown
11. Консультативтік-кеңесші органды жергiлiктi атқарушы орган басшысының орынбасары басқарады.
Toggle Dropdown
12. Консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын жергілiктi атқарушы орган айқындайды және мәслихат бекiтедi.
Toggle Dropdown
13. Консультативтік-кеңесші органның отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ жарты жылда кемінде бiр рет өткiзiледi.
Toggle Dropdown
14. Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысының күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орнын, уақытын, тәртiбiн және мерзiмiн консультативтік-кеңесші органның басшысы белгілейдi.
Toggle Dropdown
15. Консультативтік-кеңесші органның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.