• Мое избранное
Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 13 ақпан N 155

Редакция 04.03.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне жылына екi рет: 15 маусымға және 15 желтоқсанға Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жылына екi рет: 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.  
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет 
министрлiгiне жүктелсiн.  
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.03.2004. № 272 қаулысымен. (13.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2003 жылғы 13 ақпандағы
 N 155 қаулысымен
 бекітілген
Жастар саясатының  
  2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы 
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ 
Бағдарламаның атауы      Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға 
                  арналған бағдарламасы
Iске асырылу мерзiмi     2003-2004 жылдар
Әзiрлеу үшiн негіздеме   "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
                  2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын 
                  iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары 
                  туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
                  2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен 
                  бекiтiлген Қазақстан Республикасы 
                  Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған 
                  бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 
                  iс-шаралар жоспарының 5.4.11-тармағы.
Негізгі әзiрлеушi        Қазақстан Республикасының Мәдениет, 
                  ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi
Мақсаты                  Бағдарламаның мақсаты жастарды 
                  әлеуметтендiру процесiнде олардың дамуы 
                  үшiн ұйымдастырушылық, әлеуметтiк, 
                  экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау 
                  болып табылады.
Мiндеттерi               Жастарды әлеуметтiк қорғауға бағытталған 
                  шаралар кешенiн әзiрлеу. 
                  Экономикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру 
                  және жас азаматтардың кәсiпкерлiк 
                  бастамаларын қолдау. 
                  Жастар арасында салауатты өмiр салтын 
                  қалыптастыру. 
                  Республика аймақтарында мемлекеттiк жастар 
                  саясатын iске асыру жөнiнде 
                  ұйымдастырушылық және құқықтық тетiктер 
                  әзiрлеу. 
                  Мемлекеттік құрылымдардың жастардың 
                  қоғамдық бiрлестiктерiмен өзара 
                  қатынастарын дамыту және жетiлдіру. 
                  Халықаралық жастар ынтымақтастығын 
                  кеңейту. 
                  Жастар бiлiмiнiң және жастар саясатын