Toggle Dropdown
"Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы" және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8079 тіркелді
Редакция 04.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн;
2) Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын;
3) Нысанды киім (погонсыз) үлгілері бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 304-Ө бұйрығымен
бекітілген
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.
2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.
3. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
4. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
5. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
6. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
7. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
8. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
9. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
10. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
11. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
12. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
13. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 304-Ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары
1. Осы Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымдық адамдар Комитеттің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылады.
3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымдық адамдар, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім киеді (погонсыз).
4. Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың нысанды киімді кию құқығы олар нысанды киімді кию көзделмеген басқа лауазымдарға ауысқанда немесе Комитеттен және оның аумақтық органдарынан босатылған кезінде жойылады.
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға нысанды киімді (погонсыз) беру Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) тізіміне осы Қағидалардың (1-қосымшасы) және Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға нысанды киімді (погонсыз) беру нормаларына осы Қағидалардың (2-қосымшасы) сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілері Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) айыру белгілерінің табеліне, осы Қағидалардың (3-қосымша) сәйкес тағайындалады.
6. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қызметтік міндеттерін атқару кезінде Мемлекеттік экологиялық инспекторлардың атрибуттарына сәйкес, омыраулы белгі (жетон), арнайы мөр және қызметтік куәлікті осы Қағидалардың (4-қосымша) өзімен бірге алып жүреді.
7. Нысанды киімді (погонсыз) кию мынадай жағдайларда көзделеді:
1) салтанатты – мемлекеттік наградалар алғанда, мереке күндері салтанатты, мерейтойлық отырыстарда, ресми қабылдауларда, алқа мәжілісінің отырыстарында, ведомствоаралық комиссияларда;
2) күнделікті – қызметтік міндеттерін орындауда;
3) арнайы (далалық) – шаруашылық субъектілерімен табиғат қорғау заңнамасын сақтауына тексерістерді жүргізуге байланысты ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерін орындауда.
1) осындай құқық берілмеген тұлғаларға нысанды киімді және айырым белгілерін киюге;
2) жазғы және қысқы, салтанатты, күнделікті және далалық нысанды киім заттарын, сондай-ақ нысанды және азаматтық киімдерді араластыруға;
3) үлгісі белгіленбеген нысанды киімді және айырым белгілерін киюге;
4) салтанатты нысандағы жейделердің (блузка) ақ түстен басқа өзге түстерін киюге;
5) нысанды киімнің сыртқы келбетін бұзатын, ірі заттарды қалтаға салуға.
9. Мемлекеттік экологиялық инспекторларды нысанды киіммен жабдықтау мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылады.
Мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдардың нысанды киім
(погонсыз) киіп жүру қағидаларына
1-қосымша
Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімдерінің (погонсыз) тізбесі
1. Ерлерге арналған нысанды киім: