• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 30.03.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығы
"Актілер жинағында" және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының  1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қoca берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3470 Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 128-құжат; 1998 ж., N 17, 147-құжат; 2000 ж., N 17, 167-құжат; 2001 ж., N 36-37, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2003 жылғы 19 наурыздағы
 N 1042 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Aдам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрi жүзеге асырады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрінің өкімдерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi міндеттерi: 
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруы үшiн жағдай жасау; 
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiруге жәрдемдесу; 
3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегi қызметiне жәрдемдесу; 
4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу; 
5) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
4. Комиссияның құзыретi: 
1) Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактiлерi туралы ақпарат бар өтiнiштерiн қарайды; 
2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы баяндамалар әзiрлейдi. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкiн; 
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды; 
4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi;