• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығы

Редакция 08.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Актілер жинағында" және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қoca берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3470 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 128-құжат; 1998 ж., N 17, 147-құжат; 2000 ж., N 17, 167-құжат; 2001 ж., N 36-37, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2003 жылғы 19 наурыздағы
 N 1042 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Aдам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 30.03.2004 жылғы № 1325 Жарлығымен (19.03.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2022 жылғы № 806 Жарлығымен (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 30.03.2004 жылғы № 1325 Жарлығымен (19.03.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2022 жылғы № 806 Жарлығымен (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Комиссияның негiзгi міндеттерi: 
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруы үшiн жағдай жасау; 
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiруге жәрдемдесу; 
3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегi қызметiне жәрдемдесу; 
4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу; 
5) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
4. Комиссияның құзыретi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2012 жылғы № 427 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактiлерi туралы ақпарат бар өтiнiштерiн қарайды; 
2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтарының ахуалы туралы баяндамалар дайындайды. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды; 
4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi; 
5) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелердi реттейтiн заң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
6) адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау материалдарын, сараптау-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды; 
7) адам құқықтары жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысады.
5. Комиссия өз өкілеттiктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттiк билiк органдарымен, үкіметтiк емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасайды.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2021 жылғы № 662 Жарлығымен (27.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
6. Комиссия өзiне жүктелгeн мiндеттердi iске асыру мақсатында: 
1) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға; 
2) өз отырыстарында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдардың тиiстi лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға; 
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуы туралы мәлiметтi тексеруiне бастамашылық жасауға; 
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғалымдар мен мамандарды тартуға; 
5) адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын сақталуына байланысты мәселелердi талқылау үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң адам құқықтары жөнiндегi комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен ынтымақтастық жасауға құқылы.
7. Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оның мүшелерiнiң заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарына, сондай-ақ мемлекеттiк ұйымдарға баруға құқығы бар.
8. Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсынымдар мен қорытындылар оның шешiмдерi болып табылады. 
Комиссияның ұсынымдары мен шешiмдерi оның отырысқа қатысқан мүшелерi санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушi жақтап дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
9. Комиссияның өз өкiлеттiгi шеңберiнде қабылдаған ұсынымдары мен қорытындылары мәселенi шешу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға жолданады. 
Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттiк орган мен оның лауазымды адамдары белгіленген мерзiмде оларды қарауға және қабылданған шешiм туралы оған хабарлауға мiндеттi.
10. Комиссия құрамын Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және ол төрағадан, екі орынбасардан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 30.03.2004 жылғы № 1325 Жарлығымен (19.03.2003 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2022 жылғы № 806 Жарлығымен (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.04.2024 жылғы № 525 Жарлығына сәйкес (12.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасарлары және мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
11. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орынбасарларына, хатшысына және Комиссия мүшелеріне тапсырмалар береді, оның отырыстарының күн тәртібін айқындайды, Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісінің келісуімен Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 30.03.2004 жылғы № 1325 Жарлығымен (19.03.2003 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2022 жылғы № 806 Жарлығымен (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.04.2024 жылғы № 525 Жарлығына сәйкес (12.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия төрағасы болмаған кезде қызметтік құжаттарға, ұсынымдар мен қорытындыларға Комиссия төрағасының орынбасарларының бірі қол қояды.
Комиссия төрағасы және оның орынбасарлары болмаған кезде Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.
12. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.04.2024 жылғы № 525 Жарлығына сәйкес (12.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның отырыстарында Комиссия төрағасының орынбасарларының бірі төрағалық етеді.
13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (08.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.09.2021 жылғы № 662 Жарлығына сәйкес (27.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі адам құқықтары мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.
14. Сараптама-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, бiлiм беру ұйымдары мен үкіметтiк емес ұйымдар өкілдерiнен қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес құрамы Комиссия отырысында бекiтiледi.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентiнiң 30.03.2004 № 1325; 30.05.2005 № 1582; 30.05.2006 № 128; 08.01.2007 № 238, 24.04.2008 № 576, 12.11.2008 № 689, 22.05.2009 № 815; 26.07.2011 № 128; 13.03.2012 № 284; 13.11.2012 № 427 Жарлықтарымен (19.03.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 04.12.2014 жылғы № 971 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (04.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 07.09.2016 жылғы № 316 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2018 жылғы № 701 Жарлығымен (21.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.09.2020 жылғы № 145 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 31.03.2021 жылғы № 541 Жарлығымен (15.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2021 жылғы № 644 Жарлығымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2021 жылғы № 662 Жарлығымен (27.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2022 жылғы № 806 Жарлығымен (18.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2023 жылғы № 116 Жарлығымен (08.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.10.2023 жылғы № 373 Жарлығымен (27.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.04.2024 жылғы № 525 Жарлығына сәйкес (12.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.08.2025 жылғы № 975 Жарлығымен (22.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.01.2026 жылғы № 1152 Жарлығымен (26.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 08.05.2026 жылғы № 1272 Жарлығына сәйкес (08.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)

Асанов

Жақып Қажманұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары (келісім бойынша), төраға

Бикебаев

Айдын Жолшыұлы

-

адвокат, Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

Сәбитова

Айнұр Әлімханқызы

-

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары

Асанова

Жанна Бейсентайқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әмір

Досжан Сарманқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Судьялар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Байсақова

Зүлфия Мұхамедбекқызы

-

«Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Байтілесов

Нұрсұлтан Төленұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Бекмамбетова

Светлана Салаватқызы

-

БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі - Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының көші-қон жөніндегі бағдарламалардың аға ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша)

Волкова

Ольга Александровна

-

«MEDIALIFE» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Воронов

Виталий Иванович

-

адвокат, «Алматы заң корпорациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Вранчев

Игорь Олегович

-

адвокат, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Дулатбеков

Нұрлан Орынбасарұлы

-

академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма төрағасы - ректоры (келісім бойынша)

Еспаева

Дания Мәдиқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жаркенова

Светлана Бақытқызы

-

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

Көпжасарұлы

Ерқанат

-

журналист, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының «Ашық алаң» саяси ток-шоуының жүргізушісі (келісім бойынша)

Қазкенов

Руслан Қазбекұлы

-

«Civic peace» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Қанафин

Данияр Қайратұлы

-

адвокат, Алматы қаласының адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша)

Могилев

Александр Геннадьевич

-

Астана және Қазақстан митрополиті, Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуінің митрополиттік округінің басшысы (келісім бойынша)

Мусин

Қанат Сергейұлы

-

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша)

Нұрғазиева

Бану Ғаниқызы

-

«Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Нұрымбетов

Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Осокина

Ирина Юрьевна

-

адвокат, Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша)

Өтпенов

Наурызбай Тағанұлы

-

бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Пен

Сергей Геннадьевич

-

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Сман

Айсана Сманқызы

-

адам құқықтары жөніндегі ұлттық сарапшы (келісім бойынша)

Соловьева

Айгүл Сағадыбекқызы

-

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова

Жеміс Өтегенқызы

-

«Адам құқықтарын жақтаушы хартия» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)

Хасанова

Шахноза Құлабдулақызы

-

«Сана Сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

Шапақ

Үнзила

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)