Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 1325 Жарлығы
Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, олардың арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1, 2, 10 және 11-тармақтардағы "Сыртқы істер министрі", "Сыртқы істер министрінің" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамындағы:
"Нұрғалиева - Қазақстан Республикасы
Еңлік Нұрғалиқызы Парламенті Сенаты аппаратының
Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Ішкі істер вице-министрі" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұрғалиева - Қазақ гуманитарлық-заң
Еңлік Нұрғалиқызы университеті еңбек және экология құқығы кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Ішкі істер бірінші вице-министрі";
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Нәбиева - "ЖАРИА" қоғамдық бірлестігінің
Гүлзи Әскенқызы директоры (келісім бойынша), Нәрікбаев - Қазақ гуманитарлық-заң
Мақсұт Сұлтанұлы университетінің ректоры (келісім бойынша), Нұрбаев - адвокат, Шығыс Қазақстан облыстық
Герман Кәрімұлы адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша), Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы
Нұрлан басқармасының төрағасы (келісім
Мырқасымұлы бойынша), Сиврюкова - Қазақстанның үкіметтік емес
Валентина ұйымдары конференциясының президенті
Андреевна (келісім бойынша), Фокина - "Алматы-Хельсинки комитеті" қоғамдық
Нинель бірлестігінің төрайымы (келісім
Константиновна бойынша) енгізілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының