Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N 1582 Жарлығы
ҚР ПҮАЖ-ында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Балиева - Қазақстан Республикасы Әділет
Зағипа Яхияқызы министрі, Жарбосынова - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мәдина Бинешқызы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Мефодий (Немцов - Қазақстандағы Астана және Алматы
Николай Федорович) Орыс православие шіркеуінің митрополиті (келісім бойынша), Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Зауытбек Қауысбекұлы министрі, Юрченко - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Раиса Николаевна Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы енгізілсін;
"Әбішев - Қазақстан Республикасы Президенті
Тастемір Дәуітұлы Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы", "Нұрғалиева - Қазақ гуманитарлық-заң университеті
Еңлік Нұрғалиқызы еңбек және экология құқығы кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)", "Шалахметов - "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)
Ғаділбек Мінәжұлы ұлттық компаниясы" ААҚ президенті (келісім бойынша)" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбішев - Қазақстан Республикасы Президенті
Тастемір Дәуітұлы Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі (Комиссия хатшысы)", "Нұрғалиева - Алматы заң академиясының ректоры
Еңлік Нұрғалиқызы (келісім бойынша)", "Шалахметов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғаділбек Мінәжұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)";
аталған Комиссияның құрамынан: Қ.Қ.Әбусейітов, С.А.Болдин, О.И.Жұмабеков, И.И.Отто, С.Д.Тасмағамбетов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының