Toggle Dropdown
5
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1462 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1462 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Toggle Dropdown
3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды және паллиативтік көмекті қамтиды.
Toggle Dropdown
4. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
5. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) амбулаториялық-емханалық көмек (консультациялық-диагностикалық көмек);
Toggle Dropdown
2) стационарлық көмек;
Toggle Dropdown
3) стационарды алмастыратын көмек;
Toggle Dropdown
4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
Toggle Dropdown
5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
Toggle Dropdown
6. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға консультацияға жібереді.
Toggle Dropdown
7. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек медициналық көмек көлемін қамтиды, ол тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Toggle Dropdown
8. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Медициналық айғақтары болған жағдайда бейінді мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын немесе сағат төрттен сағат сегізге дейінгі аралықта күні бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен медициналық көмектің түрлері және көлемі бойынша мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға стационарларда медициналық көмек көрсетеді.
Toggle Dropdown
11. Бастан өткерген жіті аурулардан кейін, созылмалы ауру асқынған және жітілеу ауру нысандары кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
12. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) жіті ауруды (консервативтік, жедел) емдеу және аурудың жітілеу кезеңінде;
Toggle Dropdown
2) туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде;
Toggle Dropdown
3) операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
13. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын, оның ішінде балаларды медициналық оңалтатын медициналық ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.
Toggle Dropdown
14. Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейірбике күтімі аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы, дауасыз әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға дәрігердің басшылығымен көрсетіледі және мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
15. Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режімді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсетуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
16. Айналасындағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.