• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 03.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын. 
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 2 желтоқсандағы
 N 1126 қаулысымен
 бекітілген
2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы Астана қ., 2008 жыл Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты 
2. Кіріспе 
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау 
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі 
5.1. Бағдарламаға қатысушылар 
5.2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары 
5.3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру 
5.3.1. Қоныстандыру 
5.3.2. Әлеуметтік қолдау 
5.3.3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 
5.4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 
5.5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру 
5.5.1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы 
5.5.2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру 
5.6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару 
5.7. Бағдарламаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету 
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 
7. Күтілетін нәтижелер 
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2009 № 561, 29.12.2009 № 2218 Қаулыларымен. (02.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы        2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш"                               бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме     Бағдарлама Қазақстан Республикасы 
                      Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 
                      399 Жарлығымен бекітілген Қазақстан                                Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 
                      2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына; 
                      Қазақстан Республикасы Президентінің 
                      2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен                               бекітілген Қазақстан Республикасының 
                      2015 жылға дейінгі аумақтық даму                                стратегиясына және Қазақстан                                Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10                               шілдедегі N 1149 Жарлығымен бекітілген                                Қазақстан Республикасының Ауылдық                                аумақтарын дамытудың 2004 - 2010                                жылдарға арналған мемлекеттік                                бағдарламасына сәйкес әзірленді
Әзірлеуші                  Қазақстан Республикасы Еңбек және                                халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мақсаты                    Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан                                Республикасының аумағында еңбек қызметін                               жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның                                бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз                                аудандарында тұратын Қазақстан                                азаматтарын ұтымды қоныстандыру және                                олардың жайғасуына жәрдемдесу
Міндеттері                 Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін                                мынадай міндеттерді шешу көзделеді: 
                      Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың                                еңбек ресурстарына және серпінді                                жобаларды іске асыруға деген                                қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды                                ынталандыру; 
                      Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік                                қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және                                іске асыру; 
                      тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй                                сатып алуға кредит беру жолымен 
                      Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен                                қамтамасыз ету;