Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 Қаулысы
Редакция 21.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2011 № 708 Қаулысымен (28.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2011 № 708 Қаулысымен (28.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2010 № 703 Қаулысымен (28.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысымен бекітілген
2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы
Астана қ., 2008 жыл Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
5.1. Бағдарламаға қатысушылар
5.2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
5.3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру
5.3.1. Қоныстандыру
5.3.2. Әлеуметтік қолдау
5.3.3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
5.4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
5.5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру
5.5.1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
5.5.2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру
5.6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару
5.7. Бағдарламаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2009 № 561, 29.12.2009 № 2218, 28.11.2010 № 1252, 25 (02.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).06.2011 № 708, 03.12.2011 № 1445 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарламаның атауы 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Әзірлеу үшін негіздеме Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына қараңыз.U110088; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мақсаты Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу Міндеттері Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және іске асыру; тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру Іске асыру мерзімі 2009-2011 жылдар Қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қаржыландыру республикалық мен көздері және жергілікті бюджеттер қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. 2009 - 2011 жылдары Бағдарламаны іске асыруға барлығы 67 689,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 14 647,9 млн. теңге: республикалық бюджеттен: 2009 жылы — 12 441,8 млн. теңге; 2010 жылы - 26 330,8 млн. теңге, оның ішінде қосымша 8 968,5 млн. теңге; 2011 жылы — 20 862,3 млн. теңге, оның ішінде қосымша 5 679,4 млн. теңге; жергілікті бюджеттерден: 2009 жылы - 25,8 млн. теңге; басқа көздерден: 2009 жылы - 8 028,9* млн. теңге; * - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы пилоттық жобаларды іске асыруға "Сарыарқа", "Ертіс" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен, олардың жарғылық капиталына аударылған 7 178,3 млн. теңге. - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жылыжай шаруашылығын дамытуға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 850,6 млн. теңге. Бағдарламаны 2010 - 2011 жылдары іске асыру шығыстары тиісті қаржылық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру: этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға; этникалық және ішкі көшіп-қонушылардың басым бөлігінің өмір сүру сапасын арттыруға; бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары білікті мамандардың қайта оралуын ынталандыруға; көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарымен, жұмыссыздықпен және бытырап көшіп-қонумен байланысты әлеуметтік қатерлердің туындауының алдын алуға; ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік жылдары әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399 Жарлығы ) қараңыз..
Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы N 399, "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлықтары құрайды.
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау
3-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2010 № 359 Қаулысымен (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Қазіргі таңдағы көші-қон жағдайында мынадай үрдістер байқалады.
ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр.
ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталуда. Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 1999 - 2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен - 7 есеге төмендеді.
Алайда 2007 жылы:
алдыңғы жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқарған;
көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20%-ға артық. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71%) - еңбек жасындағы адамдар;
көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20,0%-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11%).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |